қор
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
Кезектерді брондау жүйесін оңтайландыру іс-шараларын ұсынды
29 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгұловпен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басшылығымен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді.
Елорда • 30 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда ана мен бала өлімінің азаюы байқалады
Бүгін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы алқасының онлайн-отырысы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
Еліміздің Қарулы Күштері дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда
Еліміздің Қарулы Күштерінің қызметіне жатпайтынына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар мен халыққа дезинфекциялау бойынша жұмыстарға көмек көрсетті және ол көмекті әлі де жалғастырып келеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 28 Шілде, 2020
Қарулы Күштерде жекелеген бөлімшелерді күшейту жоспарлануда
Өткен аптада Қорғаныс министрлігінде Қазақстан армиясындағы өзекті мәселелерді қарастыру туралы аппараттық кеңес өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 27 Шілде, 2020
"Зекет қоры" ауруханаларға 450 оттегі концентраторын жеткізді
Осыдан екі апта бұрын ҚМДБ "Зекет" қоры елімізде тынысы тарылып, дем жетпей жатқан науқастарды қолдау мақсатымен "Өмірге үміт сыйла!" акциясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Алматыда төсек-орын қоры 500-ден 6 мыңға дейін ұлғайды
Бұл туралы бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Б.Сағынтаев: Қаланы дәрі-дәрмек қорымен толықтай жабдықтау ісі үздіксіз жүргізілуде
Бұл туралы бүгін "Алматы" телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Алматы жарты жылға жететін дәрі-дәрмек қорын жасап жатыр
Бүгін Делиден Алматыға 34 тонна немесе 1,6 миллион қаптамадағы ковидке қарсы препараттар жеткізілді. Бұл Алматы әкімдігінің дәрі-дәрмектердің тұрақтылық қорын құруға бөлген қаржы есебінен сатып алынды.
Қазақстан • 22 Шілде, 2020
ҚДКБҚ тамыз айына ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді қайта қарады
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2020 жылдың тамызына қатысты теңгелік депозиттерге ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелердің қайта қаралғандығын хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Медицина • 21 Шілде, 2020
МӘСҚ-тың елордадағы филиалы вируспен күреске 169,2 млн теңге қаржы бөлді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы наурыз-маусым айы аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 13,7 мың ПЦР-зерттеулеріне 169,2 млн теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Шілде, 2020
"Баспана Хит" үй алушыларға пайызын төмендетті
"Баспана Хит" ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11,25%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Медицина • 21 Шілде, 2020
"СҚ-Фармация" базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Шілде, 2020
"Әзірет Сұлтан" қорық-музейін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Мәдениет және спорт министрлігі, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды туристік орталыққа айналдыру мақсатында 18 тарихи-мәдени нысанды қайта жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Оқиға • 17 Шілде, 2020
МӘСҚ-тің бұрынғы басшылығына қатысты тергеу ісі басталды
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты "Ұрлық" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 17 Шілде, 2020
"Салық төлеп, 50 мың теңге ал" - Байбек алаяқтар туралы айтты
Бұл туралы билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Жамбылда есірткі ісіне қатысты автокөлік жүргізушісін ұстады
Жамбылда есірткі ісіне қатысты "Ауди-100" маркалы автомашинаны ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 15 Шілде, 2020
Қандастардан келген көмек аурухаларға таратылып жатыр
Түркия мен Еуропадағы қандастардан келген гуманитарлық көмек ауруханаларға таратылып жатыр, деп жазады Egemen.kz "Отандастар" қорына сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Шілде, 2020
Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев өмірден өтті
Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды. Бұл мәліметті министрліктегілер растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанға 16 тонна дәрі-дәрмекпен тағы бір жүк ұшағы келді
Нұр-Сұлтанға тағы бір жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек келді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 13 Шілде, 2020
Алматы облысында екпінді жел күтілуде
"Казгидромет" РМК Алматы облысы бойынша №2 КҚ филиалы дауылды ескерту жариялайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Шілде, 2020
Қарағандыда қорқор клубына қомақты айыппұл салынды
Кеншілер астанасында карантин кезінде қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, шаруасын дөңгелетіп жүрген көңіл көтеру мекемелері бірінен соң бірі анықталып жатыр, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Шілде, 2020
Жемқор шенеуніктер "Жол картасын" кертіп жеуге кірісті ме?
"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында биыл Алматы облысында 109,2 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Мол қаржының нәтижесінде аймақтағы еңбек нарығына да сұраныс артып, 23 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта мыңға жуық жоба мақұлданып, өңірдің барлық аудандарында жұмыс қызып тұр. Бірақ...
Оңтүстік Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Өмірзақ Шөкеев: Ауруханаларда төсек-орын қоры жеткілікті
Түркістан облысы бойынша коронавирусқа қарсы қабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақталған. Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда – 440, провизорлық стационарларда – 1891, карантиндік орталықтарда 980 төсек-орын ұйымдастырылған. Жалпы, ауруханалардағы төсек-орындар қоры жеткілікті. Дайындалған орындардың 41 пайызы қазіргі таңда бос тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Әблязовтың тағы бір сыбайласы сотталды
Халықаралық іздеуден өз еркімен келген М.К. Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық топтағы тағы бір сыбайласы Марат Әуесқановқа қатысты Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрі-дәрмек бағасын бақылауда
"ANTIKOR ORTALYGY" алаңында "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев пен денсаулық сақтау басқармасының Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гаухар Әлібекова дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тікелей эфир барысында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Түркістанда сыбайлас жемқорлық деректерін алдын алу нәтижесінде 372 млн теңге үнемделді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде, 2020 жылдың 6 айында жалпы соммасы 372 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Қазақстанда 460 кәсіпорын 18,3 мың қызметкерге жалақысын бермеген
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 1,9 млрд. теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Қорғаныс министрлігі отандық әскери журналистиканың ардагерін құттықтады
Қорғаныс ведомствосының өкілдері белгілі қазақстандық әскери журналист әрі жазушы, отставкадағы полковник Сапарғали Жағыпаровтың 70 жылдығына орай қорғаныс министрінің атынан құттықтау қағазы мен аты жазылған қолсағат табыстады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарына офицерлік шен тапсырылды
Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Дариға Назарбаева "Қамқорлық" орталығының ашылуына қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева "Қамқорлық" коворкинг орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі.