ЕНТ
Тағайындау • 20 Қаңтар, 2024
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бұйрығымен Болат Серікпайұлы Жармақов Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған басшыны Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс активі жиналысында таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Италияда жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері талқыланды
Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Қазақстан Президенті Ватиканның бай тарихымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикандағы музейді аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасиетті Тақтың хатшысымен жүздесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қасиетті Тақтың мемлекеттермен байланыс жөніндегі Хатшысы Пол Ричард Галлахермен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Президент Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесті
Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады. Қазақстан Президенті сөзінің басында әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасымен кездеседі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Қаңтар, 2024
Жасөспірімдер арасында қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс медаль иегері, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Медеу» мұз айдынында көпшілікке сырғанау шеберлігін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 19 Қаңтар, 2024
Парламент әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысуы туралы Жолдауын мақұлдады
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Мемлекет басшысының Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына қатысу үшін жіберу туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Қаңтар, 2024
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Президент бірқатар италиялық кәсіпкерлерді қабылдады
Мемлекет басшысы Римге ресми сапары аясында италиялық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Жиыннан кейін Президент Италиядағы жетекші компания басшыларын қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев италиялық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті
Қазақстан Президенті Римге ресми сапары аясында Италияның бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстелге халықаралық деңгейдегі 30-ға жуық компания қатысты, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Саясат • 19 Қаңтар, 2024
Қазақстан Президенті мен Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы бірлескен мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Президенті Италия Республикасы Президентінің шақыруымен 2024 жылғы 18 қаңтарда Италияға ресми сапармен барды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті мен Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы мәлімде жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 18 Қаңтар, 2024
Қазақстан Президенті мен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті мен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы «Киджи» сарайына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізу үшін «Киджи» сарайына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қаңтар, 2024
Президент Серджо Маттарелланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Серджо Маттарелла Италия Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және қоғамдық реформаларға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтіп, Римге сапармен келгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қаңтар, 2024
«Алапат өрт»: Шымкентте құрылыс дүкендері мен қоймалар отқа оранды
Шымкент қаласында құрылыс дүкендері мен қоймалар өртеніп жатқаны туралы хабар ТЖД-ға 17 қаңтарға қараған түні сағат 01:15-те түскен. Өрт Ескі қала ауданында Әйтеке би көшесі бойында құрылыс материалдарын сататын «Евролюкс» дүкенінің қоймасынан шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 16 Қаңтар, 2024
Президент Түркістан облысы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруды тапсырды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Президентке өткен жылы облыста атқарылған жұмыстар туралы айтып, есеп берді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Қаңтар, 2024
Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы аясында оқыту басталды. Оған елордалық жоғары оқу орындарының 3 және 4 курс студенттері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қаңтар, 2024
Президент Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Дания Королін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңадан таққа отырған Королі X Фредерикті құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2024
Шымкентте дене шынықтыру сабағында оқушы қайтыс болды
Шымкент қалалық Білім басқармасы 11 қаңтар күні мегаполистегі №48 орта мектепте сегізінші сынып оқушысы қайтыс болғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қаңтар, 2024
Қостанай облысының әкімі Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады. Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
«Астана - Шымкент» пойызы жарты жолда бұзылып қалды
«Жолаушыларды тасымалдау» қызметі «Астана - Шымкент» бағытындағы пойыз бұзылып қалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қаңтар, 2024
Президент Ермағанбет Бөлекпаевқа бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім артып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатынан ел болашағына қатысты біраз нәрсені пайымдауға болады. Негізінен сұхбатта мемлекеттің әсіресе жастарды заман талабына сай жаңа дағдылар мен мамандықтарды игеруге шақыруы уақыт талабын дәл баса отырып айтылған ой деп айтуға болады. Ол осы сұхбатында жастарға деген ерекше сенім артып отырғанын байқатты.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Саналы ұрпақ жарқын болашақтың көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қазірге дейінгі атқарылып келе жатқан және болашақта атқарылатын елдегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деп аталуы бізге, ғалымдар алдына үлкен мақсат қойып отыр. Бүгінде еліміз ілгері даму үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Осыған сай, қоғамның бет-бұрысы өзгеріске түсіп отыр. Адамдардың санасы жаңарып жатыр, ғылыми көзқарасқа деген серпіліс қалыптасып отыр. Кешенді реформалар санатында ғылым-білімге деген құлшыныстар даму үдерісіне түскен. Кез келген бастама жаңа мүмкіндіктерге шақыратыны рас. Президент өз сұхбатында «еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс екенін» нақты көрсетіп беруі ғылыми ортада қолдау тауып отыр. Президенттің бұл ауқымды іске үлкен дайындықпен саланы зерттеп, білу арқылы келгені байқалады.
Сенат • 08 Қаңтар, 2024
Сенаторлар Шымкент жолдарын жөндеу жоспарымен танысты
Сенаторлар Шымкент қаласының агломерациялық әлеуетін және қалада тұратын халық санын ескере отырып, мегаполистің транзиттік мүмкіндігін ұлғайту маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.