ҚС
Теннис • 06 Қараша, 2023
Чемпион атанған отандасымыз әлем үздіктерінің қатарын толықтырды
Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің бас жүлдесін еншіледі. Жағымды жаңалықты Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Қараша, 2023
Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде 13 медаль алды
Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан халықаралық Asian Open Championship G2 турнирінде Қазақстан таеквондошылары 5 алтын, 1 күміс, 7 қола, барлығы 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Таеквондо Федерациясының инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қараша, 2023
Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды
Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астана қаласында жасөспірімдер және жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 9 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz boxingkazakhstan инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Үкімет • 04 Қараша, 2023
Екі ел арасындағы визасыз режим қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді — Әлихан Смайылов
Шанхайға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесу өткізіп, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Жаһандағы жағдайлар Түркі әлемінің тығыз қарым-қатынаста болуын талап етеді – Р.Т. Ердоған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 03 Қараша, 2023
Доллар арзандап, мұнай қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге сәйкес, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,81 теңгеге төмендеп, 465,14 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қараша, 2023
Президент Палестинаға қанша қаржы бөлетінін айтты
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне орден тақты
Бүгін елорда төрінде өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке «Түркі әлемінің ең жоғары ордені» табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
«Қазақстанға көшу арманым»: Америкалық қыздың Қазақстанға деген ықыласы ерекше
16 жастағы америкалық қыз қазақ тілін, оған қоса еліміздің тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін зерттеп жүр. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін қалай меңгергендігі туралы қазақша жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2023
Қазақстанның 19 спортшысы допинг дауына ілікті
Ұлттық допингке қарсы орталық 2023 жылы WADA кодексін бұзған Қазақстан спортшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 02 Қараша, 2023
Мажарстан Премьер-министрі елімізге ресми сапармен келді
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 02 Қараша, 2023
Макрон Қазақстанға жасаған алғашқы сапары туралы жазба жариялады
Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон әлеуметтік желідегі парақшасында елге сапары жайында жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Қараша, 2023
Қазақстанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, 6 және одан да көп тіл білетін ерлер көп
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың тіл білу деңгейіне қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Елімізде қандай да бір дінге қатысы бар екенін жасыратындар көбейген
Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» қорытындысын жариялады. Онда Қазақстан халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша деректер жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 01 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентін әуежайдан шығарып салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Франция президенті Эмманюэль Макронды әуежайдан құрметтеп шығарып салды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронмен бірге асық ойнады
Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына орай халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстан – Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын алтын көпір - Эмманюэль Макрон
Франция Президенті серіктестікті көлік бағыттары, ең алдымен «Орта дәліз» арқылы дамыту маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Президент француз компанияларын өзара тиімді серіктестік орнатуға шақырды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-француз бизнес форумы аясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Президент Франциямен өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады
Президент қазақ-француз бизнес форумы барысында Франциямен өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарына тоқталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстанның рөлі мен географиялық орналасуы Франция үшін маңызды - Эмманюэль Макрон
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстан - Франция: Кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізілді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 01 Қараша, 2023
Франция Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франциямен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту еліміз үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстан мен Франция президенттері келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 01 Қараша, 2023
Макрон Қазақстанға қандай себеппен келе жатыр?
Бүгін, 1 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды. Мемлекет басшыларының кездесуінен кейін қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін? Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы Egemen.kz kazinform материалына сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 01 Қараша, 2023
V Бүкіләлемдік жауынгерлік ойындары мәресіне жетті
Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола медальдармен жалпы есепте 3-орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Көлікті қысқы кезеңге қалай дайындау керек?
Қыс мезгілінің қатал аязы адам үшін де, автомобиль үшін де ерекше сынақ, сондықтан осы кезеңге дайындықты байыппен қараған жөн. Осы тұста Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері көлікті қысқы мезгілге қалай дайындау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2023
Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының Дүниежүзілік федерациясын басқарады
Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында өткен X Дүниежүзілік конгресс шеңберінде Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz unesco.org сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Елдің қай қалаларында пәтер жалдау арзандады?
Сарапшылар Қазақстанның 8 қаласында пәтерді жалға беру құны арзандағанын байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Қорғаныс министрі Қытайдағы Сяншань форумына қатысып жатыр
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бейжіңде жүр. Пекинде өтетін Х Сяншань форумында әлемдегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы мәселелер талқыланбақ. Биыл оны Қытайдың халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (CIISS) ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.