ас
Саясат • 26 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Футбол • 26 Мамыр, 2026
Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев мектеппен қоштасты
«Қайрат» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы және Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев мектепті аяқтап, салтанатты соңғы қоңырау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 26 Мамыр, 2026
Президент Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 26 Мамыр, 2026
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі қалай қорғалады?
Премьер-министр Олжас Бектенов демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
Интернеттегі балалар қауіпсіздігі: Қазақстанда 7 мыңға жуық сайтқа шектеу қойылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша 59 пункттен тұратын арнайы медиа жоспар әзірледі. Үкімет отырысында балалардың бос уақытын ақпараттық сүйемелдеу шаралары туралы бірінші вице-министр Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2026
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан жазда суды өзара қалай бөліседі?
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер және Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2026 жылдың маусым-тамыз айларына арналған «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімге келіп, үшжақты хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Андрей Кукушкин: Алматы тау кластерінің экономикаға қызмет ететін кезі келді
Танымал PR-шы, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы әрі өзі де тау шаңғысымен тұрақты түрде айналысатын Андрей Кукушкин әлемнің көп мемлекеттерін аралағанын, таудағы курорттарымен шаңғы жолдарымен таныс екендігін айта келе, Алматы тау кластері бәсекеге қабілетті және Көкжайлау жобасының экономикаға қызмет ететін кезі келгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Павлодар облысында жер сілкінді
Павлодар облысында жер сілкінісі тіркеліп, тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 26 Мамыр, 2026
Құрбан айт кезінде тұрғын үйлердің ауласында мал союға тыйым салынады
Астанада Құрбан айт мерекесі қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Биыл Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Мереке кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және құрбан шалу рәсімін қауіпсіз өткізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Мұхтар Тайжан: «Almaty Superski» жобасы 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуы мүмкін
Алматыда өткен «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдауда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан тау шаңғысы курортының экономикалық және әлеуметтік тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, жоба мегаполистің туризм саласына серпін беріп, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Жасөспірімдерді қызметке алатын жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Жастар «Almaty Superski» жобасын қолдады
Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирін жеңіспен бастады
Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 беделді турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Мамыр, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Бүгін Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 25 Мамыр, 2026
Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасалды
Бүгін, 2026 жылғы 25 мамырда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (СЭБК) Құрбан айт мейрамын қауіпсіз өткізу және тағамнан уланудың алдын алу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадион 4 маусымда ашылады
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Бас прокурор Берік Асыловпен бірге құрылысы толық аяқталған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы әйгілі стадионды аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Астанада электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін
Маусым айынан бастап елордада электр энергиясының тарифі 12,5%-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасы Руслан Әбжанов мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Үш аптадан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары тұрақтанып тұр
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте азық-түлік инфляциясы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 25 Мамыр, 2026
Халықаралық волонтерлер жылы: Қазақстанның бастамасы әлем елдерін біріктірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі бастамасы әлем елдерін ортақ мақсат төңірегіне топтастырып, қоғам белсенділігінің артуына серпін берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
25-29 мамыр күндері Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында 25-29 мамыр аралығында Астана қаласының кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 25 Мамыр, 2026
Астанада мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды
Астанадағы №5 гимназия мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау рәсімі өтті. Бұл кеш – тек мектеппен қоштасу ғана емес, 11 жыл бойы жиналған естеліктер мен армандардың, үміт пен толқыныстың тоғысқан сәті болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
Қостанайда 15 жастағы жасөспірім достарымен бәстесіп, суға батып кетті
Қостанай облысы Лисаковск қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Бір айдан соң мектеп бітіру кеші өтеді: Қымбат кеш − мәртебе ме, ысырап па?
Қазір мектеп бітіру арзан болмай тұр. Бітіруші түлектің киер киімінен бастап, баратын мейрамханасына дейін қымбат. Салтанатты кештің аста төк дастарқанына жайғасу үшін әр адам 45-60 мың теңге аралығында төлеуі қажет. Сонда бір отбасы мейрамхананың өзіне 135-180 мың теңге шығаруы керек. Баласын қатардан қалдырғысы келмегендер қолындағы барын беріп, жетпегенін несиемен жамап жатыр. Жалпы биыл мектеп бітірушілер қанша қаржы жұмсап жатқандығы жөнінде Egemen.kz тілшісі анықтап көрді.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
Қостанайда бассейнге батып кеткен 5 жасар баланы дәрігерлер аман алып қалды
Қостанай облысында 5 жасар бала бассейнге батып кете жаздады. Дәрігерлер оқиға орнына жеткен кезде бала клиникалық өлім жағдайында жатқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
«15-тен аса соққы жасаған»: Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары ұрған
Елордада сөйлеу және психикалық дамуы тежелген мектеп оқушысын қатарластары ұрып-соққан. Бұл туралы оның анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 25 Мамыр, 2026
Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды
Атырау облысының Жылыой ауданындағы жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсірілген. Оқиға сәуір айында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Мамыр, 2026
Астанада балалар ауруханасы өртенді: Науқастар шұғыл эвакуацияланды
Астанада Қошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасы ғимаратының жертөлесінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Мамыр, 2026
Дүйсенбі күні еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
25 мамырда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 24 Мамыр, 2026
Каспий теңізінің жағасынан тағы да итбалық өлекселері табылды
Ақтауда Каспий теңізінің жағасында итбалықтардың өлекселері тағы да табылды. Мамандар су сынамаларын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының Экология департаментіне сілтеме жасай отырып.