Соңғы жаңалықтар
Білім • 22 Қараша, 2018
Президенттік олимпиададан олжалы оралды
Қарашаның 13-16 күндері Теміртау қаласында Республика мектептерінің 11-сыныптарында оқитын жас интеллектуал оқушылар арасында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша Президенттік 11-ші олимпиада өтті. Олимпиадаға 14 облыстан және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 157 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Аймақтар • 22 Қараша, 2018
Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды
Жамбыл облысы Рысқұлов аудандық полициясының қызметкерлері ұрланған жылқыларды иесіне қайтарды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жекпе-жек • 22 Қараша, 2018
Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды
Ережесіз жекпе-жектегі ең белді ұйым – UFC-дегі өзінің тұсаукескер кездесуін Орынборда туып-өскен қазақтың ұланы Дамир Исмағұлов австралиялық Джозеф Даффимен өткізуге тиіс еді.
Аймақтар • 22 Қараша, 2018
Алматының ірі жылу магистралінде апат болды
Алматы орталығында ірі магистральдік жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан • 22 Қараша, 2018
Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ақын, дін және қоғам қайраткері Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жылдығына арналған «Файзолла Сатыбалдыұлы және рухани даму мұраты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қысқы спорт • 22 Қараша, 2018
Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі
Қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында Хорватияның Загреб және Эстонияның Таллин қалаларында мәнерлеп сырғанаудан екі бірдей халықаралық турнирдің жалауы желбірейді.
Президент • 22 Қараша, 2018
Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы әлемдік басылымдардың назарынан тыс қалмады. Баспасөз құралдары мен ақпарат агенттіктері бұған дейін жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы саналатын Елбасының жаңа мақаласындағы қазақ халқының көп ғасырлық мұрасын жаңғыртуға мүмкіндік беретін жаңа жобалары мен тарихтан сыр шертетін ойларына тоқталған.
Президент • 22 Қараша, 2018
Медицина • 22 Қараша, 2018
Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті
Шымкенттегі денсаулық акциясында қала тұрғындары терапевт, эндокринолог, кардиолог, педиатр, офтальмолог және жалпы практика дәрігерлерінен тегін медициналық кеңес алды.
Аймақтар • 22 Қараша, 2018
Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына орай «Айтматов және Кино» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Технология • 22 Қараша, 2018
«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бастады
Заманауи талаптарға сай жабдықталған «Digital URPAQ» Пионерлер сарайы өз жұмысын бастап, ата-аналардың және балалардың қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды.
Аймақтар • 22 Қараша, 2018
Бұрын сайын далада жел айдаған қаңбақ қонарға сай іздеп жүрер еді. Қазір полиэтилен қалталардың шөп, шөңге басында ілініп, жел тұрса қарғадай жарбаңдап тұрғанын көретін болдық. Ештеңеге жарамайтындай көрінетін осы полиэтилен қалта, қапшықтар енді кәдеге аса бастады.
Президент • 22 Қараша, 2018
Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?
Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly
Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.
Өнер • 22 Қараша, 2018
Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!
«Egemen Qazaqstan» газеті – қанша жылдан бері қазақ оқырмандарының ең сенімді серігі. Оның еліміздің ең беделді, ең көп таралымы бар, елдегі барлық тақырыпқа үн қататын басты газетіне айналғанына қаншама жыл. Аты да, басшылары да өзгеріп жатты, бірақ «Egemen Qazaqstannyń» елдің өмірін жан-жақты көрсетуге арналған саясаты әлі күнге дейін толастаған жоқ.
Театр • 22 Қараша, 2018
Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі
Көкірегі ояу көрерменге классикалық туындылардың небір үздік үлгілерін ұсынып үлгерген «Астана Опера» театры тағы бір тамаша премьераға қызу дайындық үстінде екенін естіп білдік. Бұйырса, осы айдың аяғында балет труппасы әлемге әйгілі М.Фокин хореографиясындағы Н.А.Римский-Корсаков пен Ф.Шопен музыкасына қойылған «Шехерезада» және «Шопениана» спектакльдерін сахнаға шығарады. Белгілі балетмейстерлер, Ресейдің халық әртістері Алтынай Асылмұратова мен Андрис Лиепа кезінде кеңінен танымал болған қойылымды Қазақстанда қайта жаңғыртпақ.
Қазақстан • 22 Қараша, 2018
«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми зерттеу институты және Юрус Емре атындағы түрік мәдениет орталығының, сондай-ақ Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» атты көрме ашылды.
Аймақтар • 22 Қараша, 2018
Балалар Барнаулға неге барады?
Мектеп бітіре салысымен Ресейдің жоғары оқу орындарына құжат тапсыратын қазақстандық түлектер легін тоқтату керек. Семейдегі Экономикалық лицейде қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенконың төрағалығымен өткен ата-аналар комитеті және тәрбие, білім мәселелеріне орай қоғамдық тыңдауда осы мәселе көтерілді. Бұл төрт жылда бір рет өтуі тиіс жиын екен. Кеңесте көптеген проблема талқыланды. Отбасы орталығы, Саламатты өмір салты орталығы, мектеп инспекторлары тұрғындардың ұсыныстарына ден қойды.
Қазақстан • 22 Қараша, 2018
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
22 қараша күні терроризмге қарсы астаналық жедел штаб лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Ақан Бижанов: Ұлтымыздың тарихы жадымызда
Әр халықтың өткеніне көз жүгіртіп, сараласақ, олардың небір аумалы-төкпелі заманда жүріп өткен, бастан өткерген сан алуан оқиғаларына куә боламыз. Бүгінде дамып, өркениетке қол жеткізген әлем халықтарының көбі осыған дейінгі сан ғасырларда жүріп өткен жолдарында талай тарихты бастан кешіріп, енді міне жаңғырып, жасампаз елге айналып, қазіргі күнімен мақтанады, марқаяды. Олар да өздері өмір сүріп жатқан өңірдің бөлшегі, сол топырақтың заңды иесі.
Павлодар облысы Успен ауданына 45 отбасы көшіп келді
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде басқа аудандарға қарағанда Успен ауданына қоныс аударушылар саны артуда.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Ерлан Қарин: Мемлекетшілдіктің негізгі алғышарты – ұлттық сана-сезім
Ұлттық сана-сезімнің негізгі бір тірегі – тарихи сана-сезім. Әрбір жеке адамға өз өміріндегі миссиясын түсіну үшін өзінің арғы тегін, ата-бабаларының жолын білуі қандай қажетті болса, дәл солай жалпы ұлттың миссиясын, жалпы адамзат өркениетіндегі орнын айқындау үшін ол өзінің тарихи орнын анықтап білгені дұрыс.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Кеңістік пен Уақыт феномені
Дәл бүгінгі күн біз үшін үлкен толғаныспен басталды. «Egemen Qazaqstan» газетінде Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласы шықты. Оны мақала деп емес, Президенттің бұрын жария еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының парасаттылық негізіндегі басты ұстыны, матрицасы десек те болады.
Аймақтар • 22 Қараша, 2018
Алматыда ХІ Media-құрылтай өтті
Кеше Алматыда қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған ХІ Media-құрылтай мәреге жетті. Ақпарат айдынындағы әріптестерімізді тоғыстырған кезекті құрылтайдың артықшылығы – медиа-нарықтың ортақ жағдайы, яғни қазақтілді, яки орыстілді аудиторияның көңіліне қарамай, бүкпесіз ақтарылғандығы болды. Өйткені нарық – біреу, көрермен – ортақ, оқырман – жалғыз.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты
Белгілі ғалым, орнитолог, Пулитцер сыйлығының иегері Джаред Даймонд өзінің «Қару-жарақтар, микробтар мен шарболат» атты кітабында бір тағылымды тұжырым жасайды. «Өркениет Батыс Еуразиядан басталып, Батыс Еуразиямен бітпейді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта-ақ Еуразияның өне бойында, өзге құрлықтарда жазба мәдениетімен қатар орталықтандырылған саяси билік, қалалар мен өндіріс, қолға үйретілген үй жануарлары, металл қару-жарақ пен еңбек құралдары болған». Дүние жүзі ғалымдары осы ақиқатты бір ауыздан мақұлдап отыр.
Экономика • 22 Қараша, 2018
Жас зерттеуші патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады
Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Алтынай Әбдіжәміл жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында фитонцидтерге бай жабайы өсімдіктерді көркейту-көгалдандыру ісіне пайдалануды ұсынады. Қызылорда облысындағы жабайы өсімдіктердің салыстырмалы фитонцидтік белсенділігін эксперимент арқылы зерделеген жас зерттеуші аймақтың климаттық жағдайына төзімді, экономикалық тұрғыдан тиімді және туберкулез таяқшасына, басқа да патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады.
Бокс • 22 Қараша, 2018
Ақтауда бокстан ел чемпионаты мәресіне жетті
Қазақстанның боксшылары үшін биыл табысты болды деп айта алмаймыз. Олай деуге негіз, жерлестеріміз өз тарихында тұңғыш рет жылдың басты додасы – жазғы Азия ойындарынан алтын жүлдесіз оралды. Бұл жағдай республикалық бокс федерациясының басшылары мен ұлттық құрама бапкерлеріне ой салса керек, олар бұл жолы еліміздің барлық белді былғары қолғап шеберлерінің басын қосып, қарт Каспийдің жағалауында жалауы желбіреген Қазақстан чемпионатына қатыстырды.
Үкімет • 22 Қараша, 2018
Әсел Назарбетова: Өркениетті ойлаудың алғышарты
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықтың, қоғамның санасын селт еткізетін, елдің, ұлттың, мемлекеттің тарихына тағы бір терең үңілуге түрткі болатын құнды дүние – «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы жарық көрді. Мақаланы жаңа деп тек шыққан уақытына байланысты айтуымыз шарт, себебі онда айтылған терең философиялық-дүниетанымдық ойлар Елбасының үнемі қоғам назарына бағыттап жүрген мақалаларының, идеяларының жалғасы іспетті.
Саясат • 22 Қараша, 2018
Ерлан Саиров: Толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде
Көңілге қонымды. Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті. Жаһандану заманына біздің өз тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті. Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде.
Үкімет • 22 Қараша, 2018
Қайрат Әбдірахманов: Әлем мәдениетін жақындастырады
Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендіру көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады. Себебі әр халықтың шежіресі қаһармандыққа, жеңістер мен трагедияға толы, оны сол күйінде қабылдаған абзал. Ол үшін ғылыми тұрғыдағы көзқарас қажет.