Соңғы жаңалықтар
Парламент • 10 Қазан, 2018
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
«Қазпоштаның» 25 жылдығына арнайы марка шығарылды
9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы ауқымында атап өтілетін бұл күн 1969 жылы пошташылардың Токиода өткен конгресінде ресми бекітілген. Ал қазақтың алғашқы пошта қызметі 1993 жылы 5 сәуірде құрылған. Яғни, ресми түрде мемлекеттік мәртебеге ие болған «Қазпошта» қызметіне биыл 25 жыл толды. Айтулы мереке қарсаңында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен пошта маркаларына арнайы белгі соғу салтанаты өтті.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кеңесінің үшінші отырысы басталды. «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында өтетін съезге саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысады.
Үкімет • 10 Қазан, 2018
Экономикалық әріптестік нығая түседі
Кеше елордада еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Президенті Александр Вучичтің қатысуымен Қазақстан-Сербия бизнес-форумы өтті.
Бағдарламалар • 10 Қазан, 2018
Аймақтар • 10 Қазан, 2018
Кәмшат апа Қостанайдың төрінде отыр
Социалистік Еңбек Ері, атақты механизатор Кәмшат Дөненбаеваның арамыздан кеткеніне де жыл тәулігі болып қалды. Ол Кеңес Одағы кезінде қазақ қыздарынан алғашқылардың бірі болып, трактор руліне отырған, адал еңбегімен қошеметке бөленген еңбеккер ғана болған жоқ, халық қалаулысы атанып, депутаттық еңбегімен қоғамдағы көптеген істерге араласқан, қайраткер дәрежесіне көтерілген адам еді. Қазір Қостанайда мектептерде, оқу орындарында Кәмшаттың өмірі мен қызметін жастарға үлгі етіп айтқан еске алу кештері өтіп жатыр.
Аймақтар • 10 Қазан, 2018
Жолдау міндеттері жүзеге асырыла бастады
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының актив жиналысы болып, онда Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Аймақтар • 10 Қазан, 2018
Ұсыныстар жинақталып, іс-шаралар жоспары бекітіледі
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жөнінде Түркістан облысында барлық салалар бойынша ұсыныстар жинақталып, іс-шаралар жоспары бекітілмек.
Президент • 10 Қазан, 2018
Үкімет • 10 Қазан, 2018
Жаңа кешеннің құрылысы басталады
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич «БК Тесла Парк» көп функциялы тұрғын үй кешенінің болашақ құрылысы жүргізілетін орынға капсула салды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
Үкімет отырысында Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды.
Әлем • 10 Қазан, 2018
Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталады
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталады. Еліміздегі айтулы шараға қатысатын әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың есімдері қазірдің өзінде белгілі және олардың алды елордамызға келе бастады. Жалпы, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев идеясы бойынша бастау алған әлемдік жиын бұған дейін әрқашан жаһандық оқиғалардың шиеленісіп жатқан уақытында өткізілгені белгілі. Бүгінгі күні де әлемдік ахуал күрделеніп тұр. Жуырда еліміздің өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысқан уақытта әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында діни лидерлер мен әлемдік саясаткерлердің күш-жігерін біріктіру мәселесінің де өзекті екендігін мәлімдеді. Сонымен кеше Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының ХVII отырысы өтті.
Президент • 10 Қазан, 2018
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесті. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін тараптар шағын құрамда екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.
Әдебиет • 09 Қазан, 2018
Әдебиет • 09 Қазан, 2018
Футбол • 09 Қазан, 2018
С.Стоилов: Қарсыластың қателігін күтеміз
Бүгін Қазақстан құрамасының бас бапкері Ұлттар лигасы жарысының ойындары алдында тілшілермен кездесті.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден өтті
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден өтті.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді
Съезд Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясында БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз Әл-Насермен кездесті. Сенат Төрағасы осы жылдың сәуір айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Аррия формуласы бойынша кездесу өткізу кезінде қолдау көрсеткені үшін БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкіліне алғыс білдірді. Аталған кездесу аясында Съезд мақсаттары мен тұжырымдамасының таныстырылымы өткен болатын, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Президент Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақ Орданың баспасөз қызметі.
Президент • 09 Қазан, 2018
Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Өнер • 09 Қазан, 2018
Қостанайда театр маусымы ашылды
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры жаңа маусымын Е.Төлеубайдың «Мариям, Ілияс» спектаклімен ашты. Шығарма өне бойына қызыл империяның қылышынан қаны тамған, жеке басқа табынып, адам құқы тапталған заманда Қазақстанның халық ақыны Мариям Хакімжанованың қиындыққа толы өмірі арқылы қазақ зиялылары шеккен зардапты арқау етеді. Мариям бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахарбаену Есенғұлова сомдайды.
Медицина • 09 Қазан, 2018
Д.Қайдарова, онколог: Обырды ерте анықтап, өршуіне жол берілмейді
Қазіргі таңда қатерлі ісіктен көз жұматындар жүрек-қантамыр ауруларынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын әлемде 8,7 млн адам онкологиялық ауруларға шалдықса, бұл көрсеткіш Қазақстанда 35 мыңға жуықтайды екен. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жаман аурудың сүт безі, тері, өкпе, асқазан, жатыр мойны, тоқ ішек, тік ішек және қандағы (гемобластоз) түрі көптеп кездеседі. Алайда дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында Қазақстанда онкологиялық аурулардың өлім деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатқанын айтқан еліміздің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик Диляра Қайдарова: «ендігі міндетіміз – ұзақ өмір сүруге жағдай жасау және қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау», дейді.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Жазушылар Одағында Президент Жолдауы талқыланды
Елбасы Жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық берудің маңызы зор деген аға буын қаламгерлер Қазақстан Жазушылар Одағынының ғимаратында бас қосып, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
ШҚО түлектері өзге мемлекеттерге кетпес үшін 400 грант бөлінді
Өскеменде өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.
Қоғам • 09 Қазан, 2018
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Елбасы Жолдауын талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды талқылады. Президенттің жаңа бастамалары еліміздің жетекші университетінің оқытушылары мен студенттері тарапынан қызу қолдау тапты. Ғалымдар негізінен кәсіптік даярлау саласына қойылған міндеттерді Кездесуді ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Мемлекет басшысының адами капиталдың сапалы дамуына жағдай жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды ЖІӨ-нің 10 пайызға дейін жеткізу еліміздің әлеуметтік дамуын анықтайтын негізгі бағыттарға қуатты серпін береді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Аударма • 09 Қазан, 2018
Регбидің дәстүрге сүйенген сайыпқырандары
Спортта санаулы команда ғана өздері қатысқан турнирлерде қарсылас шыдатпайды. Солардың бірі – жаңазеландиялық All Blacks («Бәрі қара» – аудармашы) регбиден ұлттық құрамасы. 2003 жылы әлемдік регби рейтингі түзілгеннен бері Жаңа Зеландия көш бастап келеді.
Үкімет • 09 Қазан, 2018
Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі қаралды
Бүгін Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесін қарау қорытындысы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Биллингтік жүйенің сапасы тексерілуде
«KEGOC» АҚ-ның 9 аймақтық филиалында Тұтынушылармен есеп айырысудың биллингтік жүйесін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану (ТӨП) басталды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Видео • 09 Қазан, 2018
Жолдау 2018: Астаналықтардың пікірі қандай?
Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Асқар Оралов Қазақстаның әр аймағында «Жастар үйін» салуды ұсынды. Сонымен қатар нақты ауыл мен қала жастарын қолдайтын бағдарламалардың іске асатынын айтты.