Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
Елордада қазақ тілін оқыту курсына қабылдау жалғасып жатыр
Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2019 жылы ересектерге қазақ тілін оқыту курсына тыңдаушыларды тіркеу басталды.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
Түркістанда арнайы экономикалық аймақ құрылады
Түркістанда арнайы экономикалық аймақ ағымдағы жылы іске қосылады. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшылығы мәлімдеді.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Қазақстанда қар барыстарын сақтау мен есепке алу күшейтіледі
Қазақстанда жабайы табиғаттағы қар барыстарын сақтау мен есепке алу әдістері күшейтілетін болады. Бұл туралы Алматы зообағы директорының кеңесшісі Ержан Еркінабев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Шырайлы Шымкент қаласының еліміздегі Астана, Алматы сынды ірі қалалардың қатарына қосылғанына жеті ай болды. Осы уақыт аралығында қандай тындырымды істер атқарылды? Қазіргі жағдай мен алдағы жобаларға сын көзбен қарап, азаматтық қызығушылықпен осы жайттарды қысқаша зерделеуге кірістік. Тереңге бойламай, көпшіліктің көзіне түсіп, көкейінде жүрген жағдаяттарға барынша екпін беруді межеледік.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Астанада дауылды ескерту жарияланды
Елордада жел екпіні 18м/с дейін күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.
Өнер • 14 Қаңтар, 2019
Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейі Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығымен бірлесіп аспанасты елінің танымал халық артисі Сян Синхайды еске алуға арналған мемориалдық фотокөрмесін ашты.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Таяу Шығыс елдеріне іс-сапармен барды
13 қаңтар күні АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа аймақтық турне аясында келді. Сауд Арабиясының СІМ мәлімдегендей, Мемлекеттік хатшыны Сыртқы істер министрі Адиль аль-Джубейр және Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшісі ханзада Халид бин Салман аль-Сауд күтіп алған.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
2060 солтүстікқазақстандық кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренді
Былтыр «Бастау Бизнес» жобасы аясында 2 мыңнан астам солтүстікқазақстандық кәсіп ашудың қыр-сырын меңгерсе, 800-ге жуығы өз істерін дөңгелетіп отыр.
Алматыда биатлоннан Қазақстан кубогі бәсекесі өтеді
Алматыда биатлоннан Қазақстан кубогі сарапқа салынады деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу турнирі аяқталды
Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турнирі өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлем • 14 Қаңтар, 2019
Ямайка пластик ыдыстарды қолдануға тыйым салды
Ямайка үкіметі қоршаған ортаны қорғау мақсатында 2019 жылдың қаңтарынан бастап арал тұрғындары мен қонақтарына пластик ыдыстарды қолдануға тыйым салды.
Театр • 14 Қаңтар, 2019
«Астана Опера» театры Еуропадағы гастролін тәмамдады
«Астана Опера» театрының еуропалық турнесі үлкен табыспен Италияда өз мәресіне жетті. Әртістер бір ай бойы хореографиялық өнердің жауһар туындылары - П.Чайковскийдің «Щелкунчик» және «Аққу көлі» балеттерімен өнер көрсетті. Осынау айтулы мәдени оқиға Испания мен Италияның жетекші БАҚ құралдарында кеңінен таратылды. Спектакльдерді тамсана тамашалаған көрермен қауым әлеуметтік желілерде 500-ден астам пікір қалдырған.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
Солтүстік Қазақстанда заманауи офталмология орталығы ашылды
Облыс орталығында заман талабына сай жабдықталған офталмологиялық орталық пайдалануға берілді.
Әлем • 14 Қаңтар, 2019
Иран өзінің атом реакторын жасап шығаратынын мәлімдеді
Иран атом энергиясы агенттігінің басшысы Али Акбар Салехи бейбіт мақсатта тиімді атом энергиясы үшін Ислам Республикасына 20%-ға дейін байытылған уран талап етілетінін мәлімдеді.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
«Біз біргеміз!» Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін «Біз біргеміз!» атты дәстүрлі салтанатты шара өтті. Осы жылы бұл шара мүгедектігі бар адамдар арасында белсенді өмір сүру салтын насихаттауға бағытталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әлем • 14 Қаңтар, 2019
Қазақстандық балалар әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға тұрақтады
Британдық Vouchercloud порталы Нобель лауреаттарының саны, ел тұрғындарының орташа IQ көрсеткіші және мектеп үлгерімінің критерийлеріне сәйкес әлемнің ең ақылды елдерінің рейтингін шығарды.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2019
2018 жылы Қытайдың сыртқы сауда айналымы $4,6 триллионды құрады
2018 жылғы есеп бойынша Қытайдың сыртқы тауар айналымы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 4,62 триллион долларды құрады. Бұл нәтиже 2017 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға жоғары деп мәлімдеді ҚХР Бас кеден басқармасының ресми өкілі Ли Куйвэнь.
Руханият • 14 Қаңтар, 2019
Елшенбүйрек тауының етегіндегі Мұқағали ақын дүниеге келген Қарасаз ауылының топырағы қасиетті. Қыста ақ торғынға малынып, жазда көк орай шалғынға оранып жататын бұл өлкенің кез келген баласын тоқтатып алып жөн сұрасаң, Мұқағали мен Еркіннің өлеңдерін жатқа соғады. Кезінде осы ауылда ұзақ жылдар бойы тіс дәрігері болған ақынжанды азамат Әлмұхаммед дейтін ағамыз бар еді. Ісі мен сөзі елге тегіс жаққан оны былайғы жұрт Әлекен деп атап кеткен. Әр сөзі түйеден түскендей, сөз жүйесін тауып айтатын көкемізді нағыз ауылдың айтқышы деуге болатындай. Бірер жыл бұрын дүниеден озған оның әр сәтте тауып айтқан орайлы әңгімелерін ауыл азаматтары бұл күні аңыздай айтады.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Б. Атамқұлов Сыртқы істер министрлерінің Ауғанстанның қатысуымен өткен алғашқы кездесуіне қатысты
Самарқанда Ауғанстанның қатысуымен «Үндістан - Орталық Азия» Диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Руханият • 14 Қаңтар, 2019
Атырауда ноғай халқының мәдени күндері өтті
Тағдырдың жазуымен арамыз алыстап кеткенімен, түркі халықтарының арасында қазаққа тілі, діні, ділі жағынан ең жақыны – ноғай жұрты. Алтын Орданың, Ноғай хандығының алғашқы астанасы болған Сарайшықтың Атырау облысының аумағында орналасқаны да бағзы туыстығымызды бедерлейді.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Уақытқа саяхат» атты интерактивті көрме келушілерге есік ашты. Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары, оқушылар кеңес заманы кезіндегі сағат жасаушы әйгілі зауыттардың өнімдерін тамашалай алады.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында өткен аптаның соңында ұйымдастырылған кезекті жиында Түркістан облысы аумағында орналасқан Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің атқарған шаруалары жайлы таныстырылым болды.
Тарих • 14 Қаңтар, 2019
Халқымыздың қастерлі өңірлерінің бірі – Ақмешітте туған абыз, сәруар көреген, сопылық ілімнің сардары, қасиетті Құл Қожа Ахмет Ясауи бабаның жолын жалғаған шандоз шәкірті, дәргейлі дінпаз, дауалы емші, дін сүйген елші Бекет ата Мырзағұлұлы туралы жазылғандарға жалғасты сөз.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Туыстармен араласу өмірді ұзартады
Лондон университеті колледжінің зерттеушілер тобы адамның өмір сүру жасын арттыру мен қартаюға ықпал ететін бірнеше әлеуметтік факторды анықтапты.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
Ақтөбе облысында бұқаралық спорт ақсап тұр
Қазіргі күні ел өңірлері алдында тұрған басты міндеттердің бірі - кәсіби және бұқаралық спорт түрлерін дамыту. Біз бүгінгі материалымызда осы істің жай-күйі Ақтөбе облысында қандай деңгейде деген сауалға жауап іздегіміз келеді.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Қызған кірпіштің әсерін беретін жылытқыш
Ертеде орыс пеші үйдің жарты қабырғасын алатын, үнемі назар аударып, күтім жасауды қажет ететін, беретін жылу үшін адамды жұмыс істеуге мәжбүрлейтін. Есесіне үй әрқашан жылы және жайлы болатын. Бүгінгі заманның орталықтандырылған жылу жүйесі бізді ағаш жарып, күл шығарып, от жағатын міндеттен босатты, дегенмен бүгінде тұрғындардың көпшілігі пеш болмаса да «буржуйка» пайдалануға кетәрі емес.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2019
35 жас - бала көтеру үшін кеш емес
Германиядағы Макс Планктің демографиялық зерттеулер институтының мәлімдеуінше, ананың жасы сәбидің мерзімінен бұрын дүниеге келуі мен салмағына әсер етпейді.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019
Көгілдір отын өндіріске серпін береді
Бір күнде Федоров ауданында үш бірдей шара, үш бірдей қуаныш болды. Алдымен аудан орталығынан қол созым жерде тәулігіне 50 тонна май сығатын қуатты зауыт ашылды. Осы аудандағы «Қаржау» шаруа қожалығы осыдан бірнеше жыл бұрын май зауытын ашып, онда неміс технологиясы бойынша суықтай сығылған, тазартылмаған күнбағыс майын шығаратын.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019
Қатты қалдықты кәдеге жарату қажет
Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру және қалдықтарды тасымалдауға байланысты бекітілген тарифтер талқыланды.