Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Мектеп оқушылары бейбіт заман батырымен кездесті
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Бақты орта мектебінде, осы мектептің түлегі, «2018 жыл шекарашысы» құрметті атағына ие болған лейтенант Ғибрат Берікұлы Мүсіліммен кездесу өтті, деп хабарлайды шекара қызметінің баспасөз орталығы.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Алматы жаңа жылға жасанып келеді
Тәуелсіздік мерекесінен кейін жұртшылық жаңа жылсанаудың басы ретінде жаңа жылды асыға күтетіні белгілі. Алматылықтар елімізге құт болған ит жылын алғыспен шығарып салып, іргемізден еніп келе жатқан тағы бір жылды қуанышпен қарсы алуға дайын.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Орал қаласында тұратын колледж студенті Нұрай Темірғали өзінің 17 жасқа толған туған күнін ерекше өткізді: дос-құрбыларын жинап, туған күнін атап өтуге жинап жүрген қаржысына құстарға арналған 17 ұяшық жасатып, Орал қаласының орталық саябағына орнатты.
Тарих • 27 Желтоқсан, 2018
Тарихқа тағзым: ұрпаққа аманат
Елбасы 2008 жылы 21 тамызда Қызылжар өңіріне келген жұмыс сапары кезінде «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенінің ашылу салтанатында тебірене сөйлеп, рухына бас июі, «қазақтың ұлы ханы Абылайды еске алу – тарихымызға тағзым ету болып табылады.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Әскери қалашықта орналасқан №32 мектепте білім алатын балалардың дені әскерилердің отбасынан. Осыған орай болашақта еліміздің қорғаныс күштері саласында қызмет етуді армандайтын балалардың да саны аз емес. Отансүйгіштікті, жауынгерлік рухты тәрбиелеу мақсатында мектепте арнайы жауынгерлік еңбек даңқы музейі де жасақталған.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі жекпе-жегін 2019 жылдың 2 ақпанында АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өткізеді. Ал оның нақты кіммен жұдырықтасатыны әзірше белгісіз.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Оралда бизнес-қауымдастық арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу мәселелерін талқыланды
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Соттар жұмысының замануи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын азайту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының Тұжырымдамасы» тақырыбында дөңгелік үстел өткізілді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2018
Оңтүстік және Солтүстік Корея республикасы 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарында спорттың үш түрі бойынша бір ту астында шығуға уағдаласты.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2018
Кеңес Аухадиев - Тәуелсіздік үшін күрескен асыл азамат
Желтоқсан көтерілісі қалғулы дүниені дүр сілкіндірді, КСРО-ның саяси негізін шайқады. Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев Желтоқсан көтерілісінің қарсаңында және одан кейін болған тәуелсіздік үшін күресте әділет жолынан таймады. Жау жарағынан түскен жара жанына батса да, сыр бермеді. Отарлаушы күштің ығымен жүрмеді, оның дегеніне көнбеді, оған тәуелді болмады. Сол үшін қиянат көрді, мехнат шекті. Саяси аласапыран аясындағы мұндай сұрапылдың қара бұлты Г.Колбин қызметтен алынып, Республика басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келген соң ғана сейілді. Кеңес Мұстаханұлы жанына да, арына да дақ түсірмеген қалпы тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы күнінен бастап елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға қызмет етті, бүгін де сол қызметін абыроймен жалғастырып келеді.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2018
Бес балуанымыз үздіктер қатарында
Халықаралық дзюдо федерациясы 2018 жылды қорытындылап, балуандардың рейтингін жаңартты. Жаңарған тізімде дзюдошыларымыздың нәтижелері жаман емес. Екі балуанымыз үздік 10 дзюдошының қатарына енген.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Көкшетау қаласы Жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындалуда. Мұз қалашықта түрлі бейнелермен бірге әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің мұздан жасалған мүсіні көпшілік көзайымына айналды.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2018
Жұмагүл Солтиеваның 70 жасқа толу құрметіне орай салтанатты жиын өтті
Қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ халқының саяси-қоғамдық өмірінде күні бүгінге дейін әйел затының аты сирек аталып келген жоқ па?! Өткен ғасырдың басында әйел теңсіздігі деген ұран көтерілгенде, кейіннен гендерлік саясаттың туы желбірегенде қазақтың қайсар қыздары халықтың тұрмыс-тіршілігіне белсенді араласты. Бұрынғы қазақ әйелін үйде отырғызса, көзге ілмегендік емес, құрметтегендіктен деп түсіндіреді Әбіш Кекілбайұлы. Жау мен даудың өтіне бала мен жарды салмай алдымен өздері түскен біздің бабаларымыздың әрекеті мансұқтау емес, мәпелеу болатын.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
Танымал тұлғалардың ел алдындағы еңбегі мен ерлігі, ізгі істері келер ұрпаққа өнеге әм мұра болып қалады. Мәселен, ертеде ата-бабаларымыз туып-өскен кең байтақ даланың әр сүйем жерін қорғап қалу жолында күресуіне, қан төгуіне тура келді. Сондықтан қазақ баласы үшін ата-тегі мен өскен ортаның өткені мен бүгінін білу артық емес. Өйткені кешегісіз бүгін, бүгінсіз болашақ болмасы белгілі. Ұлт жадында заманында батыр, би болған Сартай атамыз ерекше орын алады. Жау жан-жақтан анталаған қиын-қыстау кезеңде 1711 жылы арғы атасы Ақназар ханның оң қолы болып Сауранды билеген Қосқұлақ бидің баласы, атақты Байжан бидің отбасында тұңғыш сәби дүниеге келді. Ол Арал теңізі мен Сыр бойындағы Әлім Шектісінің жақайым руынан шыққан атақты би әрі батыр Сартай Байжанұлы еді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Жымпиты ауылында атты ерттеу және атқа міну мәдениеті тақырыбына жастарға арналған шеберлік сағаты өтті. Ерекше «дәрісті» дәстүрлі әнші, дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, шабандоз Сәлімжан Әубәкіров жүргізген.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Балаларға ғылыми-зерттеу жүргізу қажеттілігі туындап отыр
Алматыда денсаулық сақтау саласындағы клиникалық зерттеулер тақырыбында брифинг өтті. Ғылыми қауымдастық қоғамды алаңдатқан өзекті сауалдарға жауап беріп, отандық медицинаны дамытуда клиникалық зерттеулердің қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
2018 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары күн сайын 100 қоныс тойын атап өтті
Өтіп бара жатқан жылда еліміздің талай тұрғыны үшін қуаныштың үлкені қоныс тойлар болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары 2018 жылы күн сайын 100 қоныс тойын атап өтіп отырды. Банк бұл жылды табысты аяқтады деп тұжырым жасауға толық негіз бар. Атап айтқанда, жаңа өнімдердің тұсауы кесілді, 2 мыңға жуық әскери қызметші жеңілдетілген заемге қол жеткізді. Оған қоса бейнебайланыс арқылы кеңес алу, депозитті онлайн-режімде сатып алу мүмкіндіктері көбейді. Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің онлайн қызметін пайдаланатындар саны 80 пайыздан асады. Үш жыл бұрын ғана клиенттердің 70 пайызы банкке өз аяғымен келетін-ді.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2018
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның биылғы соңғы жалпы отырысында депутаттар тоғыз мәселені қарады. Оның төртеуі Мәжіліске түскен заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге қатысты болды. Ал жалпы отырыс соңында палата Төрағасы 2018 жылғы жұмыс қорытындыларын жариялады.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Сарайшық қорығына республикалық мәртебе берілді
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы уақыт тынысын дәл түсініп, санаға сілкініс әкелген жаңалық болды. Елбасы идеясының басты нысаны бұған дейінгі бұлжымас қағидаға айналған отарлаушы ел орнықтырған тұтас түсінікті төңкеріп тастап, ұлттың төл бозжусан болмысымен қайыра қауышуы.
Тарих • 27 Желтоқсан, 2018
Ұлы Отырар – қазақ өркениетінің алтын діңгегі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын барша қазақстандықтар сияқты отырарлықтар да зор ықыласпен қабылдады. Елбасының бұл мақаласы біз мекендеген Ұлы даланың, біздің ата-бабаларымыздың дүние жүзі өркениетінің дамуына зор үлес қосқанын, оның тарихта алатын орнының ерекше екендігін жан-жақты дәлелдеп берді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Павлодарда «Рухани жаңғыру» аясында 178 жоба іске асырылды
Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарынша, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған мақсаттарын орындау үшін өңірде облыстық, қалалық және аудандық білім беру бөлімдері, оқушылар, студенттері, білім беру, тілдерді, мәдениетті дамыту, ішкі саясат басқармалары, жергілікті Ассамблея, мәдени орталықтар, музейлер белсене қатысуда.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Кәсіптік білім – жастарды жұмылдыратын сала
Парламент Сенатында Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларында белгіленген міндеттер аясында кәсіби білім беру сапасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Көкшетаудағы арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары жаңа жыл мерекесін қарсы алуда
Көкшетаудағы арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары жаңа жыл мерекесін жанашырлықты сезініп, жақсылап қарсы алуда.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Энергетикада айтарлықтай табыс бар
2018 жыл энергетика саласы үшін жемісті жыл болды. Барлық салада жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл туралы жыл қорытындысына арналған жиында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
Үкімет • 27 Желтоқсан, 2018
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Елбасы Н.Назарбаев қараша айында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тиісті органдар басшыларына кез келген салада бағаны белгілегенде тек нарық заңдылығына сүйенбей, халықтың жағдайын да назарда ұстау керектігін атап айтқаны белгілі. «Тариф көтеру жөніндегі әрбір шешімді қабылдаған сайын, ең алдымен, халықтың төлем қабілеттілігін ескерген жөн», деген-ді Елбасы. Еліміздегі жолаушылар тасымалы саласындағы ахуал, әсіресе мереке көбейетін бүгінгідей кездердегі жағдай осы мәселенің өзектілігін күшейтіп отырғандай...
Президент • 27 Желтоқсан, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Президент • 27 Желтоқсан, 2018
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президент • 26 Желтоқсан, 2018
Президент • 26 Желтоқсан, 2018
Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.