Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Кәсіптік білім – жастарды жұмылдыратын сала

423 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларында белгіленген міндеттер аясында кәсіби білім беру сапасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кәсіптік білім – жастарды жұмылдыратын сала

Шараны Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастырды. Комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында кәсіби-техникалық білім беру мәселелеріне ерекше назар аудар­ғанын еске салды. Елба­сы­ның Жолдауында «Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлы дағ­ды­ларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдар­ламаларын жаңарту керек. «Баршаға тегін кәсіптік-техника­лық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет», деп атап өтілген болатын. 

Тіркеудің қолданыстағы тәр­тібін халықаралық стандарттарға, оның ішінде Еуропа кеңістігіндегі жоғары білім (ESG) сапасын қамтамасыз етудің стандарттары мен нұсқаулықтарына сәйкес жетілдіру үшін Америка, Еуропа және Азия елдерінде мойындалған тіркеу агенттіктері желісін кеңейтуге бағытталған Тіркеу органдарын тану ережесіне өзгерістер енгізілді. Білім беру рейтингтері әлемдік тәжірибеде қолданылатын білім беру сапасын өлшеу құралдарының бірі болып табылады. Білім беру жүйелерінің сапасын бағалау және салыстыру үшін әртүрлі рейтингтер пайдаланылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің Бірыңғай ережелеріне тәжірибелік-бағдар берудің оқуын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарына өнеркәсіптен сарапшыларды тартуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. 

Жоғары оқу орындары түлек­терінің еңбекке орналастыру жоспарына елеулі талаптар қойылады. Жоғары оқу орындары мамандар даярлау барысында түлектердің 50 пайызынан астамын жыл бойына жұмысқа орналастыруы тиіс. Бұл шартқа сәйкес келмейтін оқу орындарының лицензия­лары тоқтатылатын болады. 

Білім берудің сапасын ба­ға­лаудың басты құралы тіркеу болып табылады. Қазіргі кезде білім беру ұйымдарының тізімдемесіне 102 жоғары оқу орны енген. 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов жоғары білім беру саласында әзірге өнеркәсіп пен жұмыс берушілерден алшақ қалып келе жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ тіркеудің маңызды екенін де айтты.

Б.Әйтімова кәсіби білім беруді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатындығын атап өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысында осы саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024