и
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өтудің 6179 фактісі анықталды
Биыл 6000-нан астам азамат белгіленбеген жерден темір жол төсемін кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылған. Өткен аптада пойыздардың адамдарды қағып кетудің 5 фактісі тіркелген. Жазатайым оқиғалар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының аумағында болып, оның үшеуінде адамдар жарақат алса, екеуі өліммен аяқталған. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 22 Ақпан, 2024
- 45 градус: Бүгін елімізде қатты аяз күтіледі
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 22 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде аяз сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 21 Ақпан, 2024
Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі: Ерлан Қарин жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді
Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Осы орайда ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желіде пікір қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 21 Ақпан, 2024
Синоптиктер ескертеді: ауа температурасы -40 градусқа дейін түседі
Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Мемлекет басшысы Қазан қаласында алғаш рет өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне шақырғаны үшін Ресей Президентіне алғыс айтып, бұл бірегей сипаттағы шара екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Ақпан, 2024
Президент «Болашақтың ойындары» турнирінің ашылу салтанатына қатысады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2024
«Жерасты суларын барлау»: Қазақстан-Испания ынтымақтастығы артады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесіп, жерасты суларын барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы тиісті министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Ақпан, 2024
Президент «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады
Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Тайландпен шекаралас аймақта 100 ел азаматы құлдықта жүр - СІМ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр кейінгі 2 жылда Тайландпен шекаралас елдерде 200 отандасымыз құлдықта болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Британдық спортшылар «Көшпелілер ойындарына» қатысады
Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Бұрын «әкем біледі» дейтін еді, қазір «анам шешеді» дегенді жиі естиміз – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай дәстүрлі отбасы институтындағы ерлердің беделіне қатысты Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдеріне депутаттық сауалын жолдады. Қоғамда әйелінен қысым көретін ер азаматтардың да құқығы тапталмауы керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Оқушылар информатика сабағында тыйым салынған сайттарға кірген
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары Петропавлдағы 9 орта мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға кіргенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Құқық • 21 Ақпан, 2024
Зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алатын заң қабылдауымыз маңызды - Динара Зәкиева
Балалар омбудсмені әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа заң жобасы қабылданғаннан кейін не өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 100-ден астам адам көз жұмады - депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді қарады. Депутат Елнұр Бейсенбаев бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту емес, қылмыстық кодекс бойынша жаза қолданылатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 21 Ақпан, 2024
Сенат Төрағасы Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 21 Ақпан, 2024
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Жомарт Шияпұлы Әлиев экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Ақпан, 2024
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Қайрат Бижанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Интернаттарда мемлекеттік бақылау алдын ала ескертусіз жүргізіледі
Бүгін Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Депутат Дәулет Мұқаев баяндама жасаған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменовадан интернаттарда мемлекеттік бақылау қалай жүргізілетініне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 21 Ақпан, 2024
Енді педофилдер мен жас баланы өлтірген қылмыскерлер өмір бойына қамалады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы мақұлданды. Құжат Мемлекет басшысының жолдауда жүктеген тапсырмаларын іске асыру үшін депутаттардың бастамасымен әзірленді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Қарағанды облысында бірнеше ауыл карантинге жабылды
Қарағанды облысында бірден төрт елді мекен карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Президент • 20 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы ертең Қазан қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Ауа райы • 20 Ақпан, 2024
Биыл жауған қар мөлшері нормадан екі есе көп – Қазгидромет
2024 жылдың басынан бері Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы сақталып келеді. Әсіресе, ақпан айы суық. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, биылғы қыста жауған қар мөлшері нормадан екі есе көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Бір көшесінен 18 әлем чемпионы шыққан аудан
Алты құрлық «армрестлинг» деп білетін білектілер бәсекесі қазақтың ұлттық ойыны - қол күрес. Сырттай қара күштің иесі ғана жеңістің тұғырында тұратындай болып көрінетін спорттың бұл түріне интеллект пен икем де керек. Қарсыластың қарымын бағамдау, сайыс барысында тиімді техниканы ұтымды қолдана алу, жеңіске жетелер жаттығу жайын жүйелеу - ақылдың ісі. Білгеніңнен жаңылмай білекті жығу үшін шапшаң қимыл, игерілген икем қажет. Спорттың бар түріндей қол күреске қадам басқандар да шынығып, тынбай тер төгіп, іркелмей іздену арқылы ширығады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан каратэшісі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды
Кипрдің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Ақпан, 2024
«Ер адамдар ренжімесін»: Президент қызметтегі әйелдердің үлесін жоғары бағалады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын барысында Президент мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 20 Ақпан, 2024
ҚазҰУ ғалымдары ақылды балдақ құрастырды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті Ерзат Мырзахан қарттарға арналған ақылды және көпфункционалды балдақ құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 20 Ақпан, 2024
Қазақтың мың бұралған биші қызы Германияда «алтын» олжалады
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 20 Ақпан, 2024
Астанадағы дәмханалардың бірінде есірткі сатылып келген
Астана полицейлері қаладағы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады. Бұл туралы Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.