у
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2024
Қарулы Күштер Бас штабының бастығы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2024
Оқушылар 15 қаңтарда қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райының нашарлауы себебінен Астана қаласында бiрiншi ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары 15 қаңтарда онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Қаңтар, 2024
«Тарихи жеңісті тарту етті»: Тұңғыш рет Қазақ тұлпары әлемдік жарыста мәрені бірінші болып кесті
Дубайда өткен 2000 метрлік ұшқыр бәйгеде 13 тұлпар бақ сынаған. Бабы мен бағы келіскен қазақ тұлпары кіл жүйріктер арасынан шын жүйрік екенін дәлелдеп, мәрені бірінші қиған. Дубайды дүбірлеткен Каверхан тұлпардың қазіргі иесі – Астанада тұратын оралдық Тілек Мұхамбетқалиев. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы «Бәйге» федерациясының баспасөз қызметі инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Қаңтар, 2024
14 қаңтар – Қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев дүниеге келген күн
120 жыл бұрын қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеев дүниеге келді. Туып-өскен жері – Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 жж.) халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Қаңтар, 2024
Елорда әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды
Бүгін Астана халықаралық әуежайында 11 рейс мерзімді уақытынан кеш ұшырылып, 3 рейс тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2024
«Екпінді жел, қар бұрқасыны»: Автожолдардан 15 учаске жабық
Облыстар аумақтарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскелерінде екпінді жел, қар бұрқасыны секілді ауа райы қолайсыздығынан көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, күші 3 балға дейін жеткен жерасты дүмпуін сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Қаңтар, 2024
Бүгін елордада Талдау мектебінде оқудың үшінші кезеңі басталды. Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының бұл бастамасына Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдау білдіріп, өз тәжірибесін бөлісті. Қоғамдық жоба барысында қатысушыларға еліміәздің және шетелдің белгілі сарапшылары да дәріс оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз 2 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қаңтар, 2024
Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалдық сынында есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Қаңтар, 2024
«Төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр». Дәрігер қызылша жұқтырған балалардың жағдайын айтты
Астана қаласында қызылша кеселін жұқтырған 4 бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2024
«Екі зейнеткерді өлтірген». Жыл басынан бері бірнеше қылмыскер ұсталды – полиция
Жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2024
Ақпан айында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ақпан айында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2024
Шымкентте дене шынықтыру сабағында оқушы қайтыс болды
Шымкент қалалық Білім басқармасы 11 қаңтар күні мегаполистегі №48 орта мектепте сегізінші сынып оқушысы қайтыс болғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Қаңтар, 2024
Астананың ескі орталығында кеңсе жалға беріледі
«Қазақ газеттері» ЖШС Астана қ., Жеңіс даңғылы, 18 мекенжайында орналасқан, жалпы аумағы 400,8 ш.м. және 768 ш.м. кеңселерді жалға береді.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2024
55 мыңнан аса тұрғыны бар Риддер қаласы сусыз қалды. Шаһар тіршілік нәрін алып отырған Громотуха өзеніне қар көшкіні түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Қаңтар, 2024
Астанада мектеп оқушылары онлайн оқитын болды
Елордада ауа райына байланысты бiрiншi ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 12 Қаңтар, 2024
Бүгін − Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Қазақтың біртуар тұлғасы, көсемі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына бүгін 112 жыл толып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2024
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Синоптиктер 12 қаңтарға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2024
Миллион доллар бопсалаушы ұсталды
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығын жүргізуші ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Сенаттың жаңа жылдағы алғашқы отырысы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылаумен басталды. Ресеймен шекарада Қазақстан кәсіпкерлерінің өнімдерін тексеру мерзімінің ұзақтығы отандық өндірушілер үшін проблемаға айналып отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ретте ережелер барлық қатысушылар үшін бірдей болу керектігін айтып, осы түйткілге қатысты Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті жедел тиісті шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Қаңтар, 2024
Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Париж – 2024: Қаңтар айында өтетін лицензиялық турнирлер
Париж Олимпиадасына осы ай мерзімінде қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны анықталған. Сол жарыстар Қазақстан спортшыларының қатысуымен өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Қаңтар, 2024
Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
13 учаскеде көлік қозғалысы шектелді
Бүгін қолайсыз ауа-райына байланысты 7 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көліктің барлық түрлері бойынша шектеу енгізілді, 580 бірлік техника және 1012 жолшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» телеграм парақшасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Батыс Қазақстан облысында азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды. Алғашқы он адамды облыс әкімі қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024
Жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа мектеп салынды
Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында көптен күткен №30 мектептің есігі ашылды. Бұл білім ордасының жартысы жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынған. 1200 балаға шақталған шаңырақ барлық талапқа сай, тіпті оқушының жеке шығармашылығымен айналысуына болады. Сан түрлі үйірме, спорттық секциялар маңайдағы ауыл балаларының қуанышын еселеді.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Жоғарғы Соттың төрт судьясы қызметінен босатылды
Парламент Сенаты Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босатуды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 11 Қаңтар, 2024
Баланың тұсауын кімдерге кестірмеген дұрыс?
Тұсаукесер − бала қаз тұрып, тәй-тәй қадам басқанда жасалатын ғұрып. Халқымыздың ежелден тұрмыста жіті ұстанып келе жатқан көне салты. Бұл үрдіс жаңа ғасырда да үзілмей жалғасын тауып келеді. Тұсаукесер рәсімінің түпкі мақсаты баланың өмір жолы ашық болсын, тағдырдың бұралаң жолында сүрінбесін деген ниеттен туған. Сондықтан бабаларымыз байырғы уақытта баланың тұсауын көлденең көк аттыға кестірмеген. Тіпті, белгілі бір адамдар тұсау кеспеу керек деп түйген.
Ауа райы • 11 Қаңтар, 2024
Тұман, көктайғақ, жел: Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің мәліметінше Қазақстан аумағы ылғалды атлантикалық циклонның ықпалында қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.