КТ
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2024
Жүлде қоры $50,000: Елімізде ең ірі мультилокациялық хакатон өтеді
2024 жылдың 18-19 қазанында Қазақстанда ең ірі мультилокациялық хакатон – Decentrathon 2.0 өтеді. Іс-шараға еліміздің 17 аймағынан 2 500-ден астам адам қатысады. Олар AI, Blockchain, GameDev және Telegram mini apps бағыттарындағы мәселелерді шешуге атсалысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Қыркүйек, 2024
Ақмола облысында тағы бір жайлы мектеп ашылды
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгін Целиноград ауданы Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп ашылды. Мектептің ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 29 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Алматы облысында осы жылдың шілде айында жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2024
Солтүстік Қазақстан облысында мұғалім мектеп ішінде бұрыш баллонын шашқан
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылындағы мектептің фойесінде мұғалім бұрыш баллонын шашқан. Салдарынан үш адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 29 Қыркүйек, 2024
Шымкентте университет ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қыркүйек, 2024
Елорда тұрғыны көлікті жалға аламын деп алаяққа алданып қалған
Елорда полициясына қаланың 40 жастағы тұрғыны жүгініп, бейтаныс адам алаяқтық жолмен оның 7 миллион теңгесін иемденгені туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Елорданың барлық мектебі жаңа қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады
2025 жылға дейін Астанадағы 109 мемлекеттік мектеп заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады. Бұл туралы елорда мәслихатының отырысында Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 27 Қыркүйек, 2024
Жаңа оқу жылы басталғалы бері жасөспірімдер мен жастар арасында өз өзіне қол жұмсау оқиғалары ешкімді бейжай қалдырмады. Ғаламтордың дамуымен жаңа қауіп-қатердің белең алғанына тағы бір көз жеткізіп отырмыз.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2024
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру биыл басталады
Вице-премьер Серік Жұманғарин Қостанай облысының шаруаларымен кездесіп, өңір диқандарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2024
Жоғарғы Сот мектепте орамал тағуды заңды деп танығаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жалған ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Журналистер «Мақсат» бұқаралық диктантын жазды
Астанада өтіп жатқан Astana Media Week-2024 апталығына қатысушылар қазақ тіліндегі аббревиатураларды дұрыс жазуға арналған «Мақсат» бұқаралық диктантын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2024
Алматының мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшысы тағайындалды
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Еркінбек Әмірғалиев қалалық мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Қыркүйек, 2024
Түркістан ұстаздары халықаралық оқыту курсына қатыса алады
Сапалы білім беру саласында мұғалімдердің біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру маңызды. Қазақстанда педагогтер мектепішілік, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі оқыту бағдарламаларына қатысып жатады. Бүгінде халықаралық деңгейдегі шетелдік курстар да ұстаздарға қолжетімді болып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Семейде заманауи мектеп ашылды
Облыс орталығындағы халық көп қоныстанған ауданда 1200 орындық жаңа мектептің ашылуы қала күніне тұспа-тұс келді. Расында да бұл мектеп жетіспеушілігіне орай туындайтын мәселені шешуге көмектескен керемет сыйлық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды
«Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы енді мемлекеттік қорғауда болады. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы және жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2024
Павлодар облысының энергетиктері АЭС салуды қолдайды
Бүгін Ақсуда АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Павлодар облысының энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлері АЭС құрылысына қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан бас тартты
Аталған білім ошағы – Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 24 Қыркүйек, 2024
Дүкен сөрелерінің 30 пайызында жергілікті өнімдер тұруы міндетті
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бизнес өкілдерімен кездесіп, ішкі сауда субъектілері отандық тауарларды қолжетімді орындарға орналастыруға міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Биыл Астанада тағы 9 жаңа мектеп ашылады
Елордада жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Қыркүйек, 2024
Елімізде мүгедектікті белгілеу үшін тәуелсіз сарапшылар тартыла бастады
Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберетін азаматтарды сырттай проактивті форматта куәландыруға тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша қанатқақты жоба басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: АӨК-тің тұрақты дамуы – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Автобөлшек ұрлаған астаналық оқушылар анықталды
Өзгенің көлігінен автокөлік бөлшегін ұрлап кеткен екі оқушы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2024
Өңірлерде шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша жоба іске қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жуырда облыс орталығында өткен республикалық семинарда аталған жобаның қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданының аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2024
Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғын пәтер кезегінен заңсыз шығарылған
Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғынның пәтер кезегінен заңсыз шығарылғаны анықталды. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024
Мәйітті бөлшектеп, пакетпен тасыған алматылық 11 жылға сотталды
Жетісу облысында жұмыс берушісін өлтірген ер адам сотталды. Облыстық ПД баспасөз қызметі қылмыстық іс сотқа тамыз айында жіберілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Ел мектептерінде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеріс жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Ақтөбе облысының дамуы барысымен танысты
Премьер-министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика саласы мен АӨК назарға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: Елімізге энергияның орнықты балама көзі қажет
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.