и
Ауа райы • 31 Қаңтар, 2024
Бүгін оңтүстік облыстарда қалың қар жауады
Синоптиктер қаңтардың соңғы күнінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Қаңтар, 2024
Ветеринария қызметін күшейтуге қаржы бөлінді
Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: астаналық кёрлинг шеберлері алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында елордалық спортшылар алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 30 Қаңтар, 2024
«Зиярат туризмі»: Қазақстан-Өзбекстан арнайы жол картасын әзірледі
Еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстанның туризм комитеті аталған мақсатта арнайы «Жол картасын» жасады. Құжатқа сәйкес, екі мемлекет арасында саяхатшылар ағынын ұлғайтуға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Қаңтар, 2024
Нарықта доллар мен мұнай арзандады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 448,17 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Қазақтың белгілі ауыр атлеті Вячеслав Ершов көз жұмды
Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғаған атақты ауыр атлет Вячеслав Ершов 44 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қаңтар, 2024
«Полицейді көлігімен сүйреп әкеткен». Астанада мас жүргізуші ұсталды (видео)
«Мас жүргізуші – қылмыскер» рейдтік іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері KIA көлігінің жүргізушісін мас күйінде ұстады. Хабарлама күндізгі уақытта «102» пультіне келіп түскен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
Күрес түрлерінен биылғы Қазақстан чемпионаты Астана қаласында өтеді. 1-5 ақпан аралығында өрбитін ішкі біріншілікке ұлттық құрамаға мүше балуандардың басым көпшілігі қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Елімізде запастағы офицерлер қызметке шақырылады
Қазақстан Үкіметі 752 запастағы офицерді әскери қызметке тарту туралы қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстан каратэшілері премьер-лига додасында үш медаль олжалады
Франция астанасы Парижде WKF каратэден әлемдік рейтингте топ 32-ге кіретін спортшылар ғана қатыса алатын «Karate 1 Premier league» сайысы өтті. Қаңтардың 26-28 күндері аралығында өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Робототехника чемпионаты: Қазақстан құрамасы Үндістанда 6 марапатқа ие болды
25-28 қаңтарда Қазақстан құрамасы The Goa International Robotics Festival халықаралық ашық чемпионатына қатысты. Ел намысын Екібастұз, Құлсары, Алматы және Астана қалаларының оқушылары қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Жол ережесін бұзу дерегін хабарлағанда сыйақы беріле ме?
Кейінгі кезде көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны жөніндегі деректі тек жол-патрульдік полиция өкілі не «Сергек» камералары ғана емес «үшінші тұлғалар да» жиі назарға іліп жүр. Елдегі көлік тізгіндеген азаматтар айыппұл арқалағаны туралы ақпаратты полицияға ұсынған үшінші тұлға екені анықталғанда пікірі қақ бөлініп жатады. Кейбірі жол ережесін сақтауға қоғам мүдделі болу керек деген ойды қуаттаса, келесі топ құзырлы мекеме қызметі болмаса өзге біреудің негізді-негізсіз ақпарат жіберуі алауыздыққа алып келеді деген ұстанымға арқа сүйейді, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 30 Қаңтар, 2024
Елімізде кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағдарламасы әзірленді
Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары біріктіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстанда жасанды интеллект бойынша цифрлық платформа іске қосылды
Бүгін Astana Hub корпоративтік қоры ai.astanahub.com цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа платформа инновациялар мен әртүрлі салаларда жасанды зиятты қолдануға ықпал ететін бірыңғай кеңістікті қалыптастыру үшін үкіметтің, бизнес пен білім беру саласының күш-жігерін жұмылдырады, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чипті сәтті қондырды
28 қаңтар күні SpaceX және Tesla-ның негізін қалаушы кәсіпкер Илон Масктың тағы бір Neuralink нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант (чип) салды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
Fa40 ашық чемпионаты: Қазақстан спортшылары екі медаль еншіледі
Мысырдың Гиза қаласында қаңтардың 23-28 күндері аралығында өткен пара үстел теннисінен Fa40 ашық чемпионатында отандастарымыз 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 29 Қаңтар, 2024
Арқан тартыс федерациясы құрылды
Арқан тартыс – қазіргі уақытта жаһанның 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, федерациялар жүйелі жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 29 Қаңтар, 2024
5 мың теңгелік жаңа банкнота: Жалған ақшаны қалай ажырату керек?
Қазақстан Ұлттық банкі өткен жылдың 23 желтоқсанында 5 мың теңгелік жаңа банкнотаны айналымға шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Қаңтар, 2024
Қаңтардың соңғы күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Алтыншы рет. Қазақ күресінен құрлық чемпионаты өтті
Әзербайжанның Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасында алтыншы Еуропа чемпионаты өтті. «Біріккен күрес әлемі» (UWW) аясындағы додада ерлер мен әйелдер күресіп, 16 салмақ дәрежесінде жүлдені бөлісті, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және денешынықтыру комитетіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: Министрлік ескерту жасады
ҚР Әділет министрлігі елде белең алған алаяқтықтың жаңа тәсіліне байланысты Қазақстан азаматтарына ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Қазақ спортшысы мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдегер атанды
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушысы София Фарафонова «Эфес Кубогы 2024» халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Министрлік басшылары халықпен кездесу өткізуге міндеттеледі
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Қазақстан 15-сатыда тұр
Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиадасының 28 қаңтардағы жарыс нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Қазақстанда биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді
Ақмола облысына қарасты Щучье қаласында биатлоннан жастар және жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құрлықтық додаға Азияның 7 елінен келетін 100-ден астам жас спортшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2024
Трансшекаралық өзендер: Ортақ су мәселесі конвенция аясында шешіледі
Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқығы туралы конвенция аясында трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін шешуге ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Париж-2024: Соңғы лицензиялық турнир су спорты түрлерінен өтеді
Катар астанасы Дохада ақпан айының 2-18 күндері аралығында су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионаты – 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия берілетін соңғы турнир, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Қаңтар, 2024
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, тұман күтіледі
Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыста және оңтүстік облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қаңтар, 2024
Бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады
Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалатын болды. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2024
Атырауда көлік мұз астына түсіп кетті
Қайғылы оқиға бүгін, 28 қаңтарда Көкарна кентіндегі Жайық өзенінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.