и
Оқиға • 01 Наурыз, 2024
Алматыда жүкті әйел көп қабатты үйден құлап кетті
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өлім фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мәдени мекемелер жалпы 514 іс-шара ұйымдастырады. Қазақстан халқы бұл күні қайырымдылық концерттеріне барып, театрландырылған қойылымдар мен көрмелерді тамашалап қана қоймай, түрлі акцияларға да қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді
Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінген экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алғашқы тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Премьер-министрге бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақтанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv.kz арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
Әлемдік Гран-при турнирінде белдесетін балуандар белгілі болды
Австрияның Линц қаласында наурыздың 8-10 күндері дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне баратын Қазақстан командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Наурыз, 2024
Қазақстанға көктем наурыз айының соңында келеді - Қазгидромет
Көктемнің алғашқы күнінде Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Наурыз, 2024
Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Ақпан, 2024
Әлемнің шаңғышы журналистері Алматыға жиналады
Наурыз айының 3-9 аралығында Алматы қаласында журналист-шаңғышылардың халықаралық клубы (The Ski Club of International Journalists) 69-отырысын өткізеді. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылатын айтулы шараға 25 мемлекеттен 150-ге тарта шаңғышы-журналист қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Ақпан, 2024
Президент Геннадий Головкинді қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Шетелдік инвесторлар Қазақстанның кенін өндіруге ықыласты
Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасы Тау-кен металлургиялық комбинаттың даму стратегиясының негізі болуға тиіс. Бұл туралы басқарма мүшесі, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова «Қазақстанның тау-кен саласының интвестициялық тартымдылығын арттыру» конференциясында мәлімдеді.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Жыл сайын 50 мың жұмыс орнын құру қажет – «Ауыл аманаты» жобасы
Бүгін Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Жоба өз тиімділігін көрсетуде. Бүгінде шамамен 80 млрд теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 12,7 мың шағын несие берілді, деп жазады Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 29 Ақпан, 2024
Әл-Фараби университетінің қысқы PR мектебі ЮНЕСКО-ның Білім күніне арналды
Коммуникацияның маңызы артқан сайын нарыққа кәсіби білікті PR мамандар қажеттігі байқалып отыр. Университетте академиялық білім мен практикалық дағдыларға машықтандыру қатар жүргенде сапалы мамандар даярланады. Осындай мақсатпен ұйымдастырылған халықаралық III Қысқы PR мектебінде цифрлық PR және БАҚ, жасанды интеллект технологиялары, климат өзгерісі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп аясындағы «Халықаралық журналистика және PR апталығында» халықаралық, отандық медиа, қоғаммен байланыс сарапшыларының шеберлік сағаттары өтті.
Президент • 29 Ақпан, 2024
Өткен жылы 161 лауазымды тұлғаның жемқорлығы әшкереленді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 29 Ақпан, 2024
Үкімет отандық өндірісті дамыту тетіктерін әзірлеп жатыр - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Ақпан, 2024
Халықаралық турнир: Мергендерде – үш медаль
Стенд атудан Қатар елінің бас қаласы Дохада өтіп жатқан «Әмір Гран-приі» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Отандастарымыз бір күміс, екі қола медаль тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
«Біріне жүрек, біріне бауыр». Бір адамның ағза мүшелері 4 адамды аман алып қалды
Тағдыр тәлкегіне түскен жандарды жалғыз қалдыру − қазақ жұрты үшін жат дүние. Сөзімен сүйеп, әрекетімен демеп жіберетін қайырымды қасиет қанда бар. Ежелден жеткен үрдістің үзілмегеніне айналамыздағы оқиғалар айғақ. Мәселен, биыл 7-рет өткен «Мың алғыс» қайырымдылық жобасы бұған дейін 25 отбасыға баспана кілтін табыстаса, денесін түрлі дерт дендеген 350-ге жуық адамға қол ұшын созды. Бастамашысы «Қазақ радиолары» болған дәстүрлі іс-шара осы жылы да тосын сыйларға толы болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Ақпан, 2024
Азия іріктеу турнирі: Таэквондошылар Париж-2024 жолдамасына таласады
Тайань қаласында (Қытай) таеквондодан Азия іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Ақпан, 2024
Полицейлер Орал қаласында 600-дей киік мүйізін тәркіледі
Орал қаласында полицейлер 600-ге жуық киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Ақпан, 2024
Бір аптаның ішінде іздеуде жүрген 87 қылмыскер ұсталды
19-27 ақпан аралығында ІІМ жедел уәкілдері ел аумағында іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады. Оның 17-сі шетелдік әріптестердің сұрауы бойынша ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Коммуналдық тариф 10 есеге төмендеді – прокуратура
Табиғатты қорғау прокуратурасының шара қолдануымен Жетісу облысының Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласында коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Ақпан, 2024
Терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды (видео)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттаған Шымкент тұрғынын ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 28 Ақпан, 2024
Бүгін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші» спектакль-элегиясы сахналанды. Қойылымды тамашалауға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар да барды, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Риэлторлық қызметке қатаң мемлекеттік бақылау қажет - депутат
Үйін риэлторлық қызметпен сатамын деп опық жеп қалғандар көп. Депутат Олжас Құспеков бұл түйткілге қатаң мемлекеттік бақылау керек екенін айтып, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевқа сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Ақпан, 2024
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Ақпан, 2024
Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 ақпан мен 3 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2024
Десантшы қыздар аспан астында қалқыды
Қарулы күштердің Қонаев гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Олардың ішінде халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Мен мамандығымды жақсы көремін» челленджін бастаған 13 санитарлық нұсқаушы қыз бар, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: екі қазақ спортшысы – жеңіс тұғырында
Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласындағы XI Азия чемпионатында бүгін 1 метрлік тұғырдан суға секіру бойынша жекелей сайыста Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 28 Ақпан, 2024
Қарағандыда есірткі сатқан жігіт абақтыға тоғытылды
Қарағандыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.