м
Президент • 24 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады. Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 24 Қыркүйек, 2024
Қазақстанда жүрек ауруларын емдейтін жаңа технология сәтті енгізілді
Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып әлемнің жетекші клиникаларында қолданылатын жүрек аритмиясын емдеудің озық әдісі – Farapulse электроимпульсті абляциясын сәтті енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 24 Қыркүйек, 2024
Сенаторлар: АЭС салу – электр энергиясы тапшылығын жоюдағы басты шешім
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекенов пен Талғат Жүнісов «Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ Есіл бөлімшесінде болды және «ҚТЖ» АҚ облыстық басқармасының теміржолшыларымен кездесті. Кездесулер барысында еліміздің болашағына аса қажетті мәселені шешуде әр дауыстың маңыздылығы атап өтілді және азаматтарды алдағы референдумға қатысуға үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2024
Су тасқыны: 34 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды
Су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегерлері елге оралды
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапеште өткен 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетіп, күміс медаль жеңіп алған шахматтан еліміздің қыздар құрамасының және дүбірлі додаға қатысқан ерлер құрамасының спортшыларын Астана әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Энергетикалық тәуелсіздік – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі
Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысында мұнай-газ саласының қызметкерлерімен және мұнайшылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Жұмағалидің есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Президент Агенттік төрағасының еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Су тасқынын болжау: Ғарыш мониторингі жүргізіледі
Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев еліміздегі су тасқыны жағдайын ғарыштан зерделеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қыркүйек, 2024
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2024
Тасқыннан кейін 233 жол учаскесі қалпына келтірілді
Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан бас тартты
Аталған білім ошағы – Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 24 Қыркүйек, 2024
Дүкен сөрелерінің 30 пайызында жергілікті өнімдер тұруы міндетті
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бизнес өкілдерімен кездесіп, ішкі сауда субъектілері отандық тауарларды қолжетімді орындарға орналастыруға міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2024
WKF каратэ: Жоламан Биғабыл мен Нұрқанат Әжіқанов Азия чемпионы атанды
Қытайдың Ханчжоу қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионаты аяқталды. Биыл құрлықтағы 30 елден таңдаулы 300-ден астам татами шебері күш сынасты. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, бұл қатарда ел намысын кумите бағдарламасында 19 отандасымыз қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2024
Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды
Астанада қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Испанияның Аликанте қаласында ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Қыркүйек, 2024
Үсік, тұман, жел: 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің басым бөлігіне тұман түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қыркүйек, 2024
Елімізде Әзербайжанның мәдениет күндері өтеді
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Нәтижесінде өзара Мәдениет күндерін өткізу туралы келісім жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Биыл Астанада тағы 9 жаңа мектеп ашылады
Елордада жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Ақтауда ММА боксшысының мәйіті табылды: тың ақпарат жарияланды
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда бұрынғы ММА боксшысы Вусал Жафаровтың мәйітін табу фактісі бойынша істің кейбір мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Алматыда жасөспірім көпқабатты үйден секіріп, көз жұмды
Алматының Әуезов ауданында 18 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қыркүйек, 2024
Ермек Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Қарағандыда қарт анасын ұрған ер адам үш жылға сотталды
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында ер адам 78 жастағы анасына қол көтергені үшін сот шешімімен үш жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2024
Атырау облысының тұрғындарына АЭС салудың маңызы туралы айтылды
Сенат депутаттары, АЭС салу жөніндегі халықтық штаб мүшелері Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында білім саласының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Қыркүйек, 2024
Елімізде мүгедектікті белгілеу үшін тәуелсіз сарапшылар тартыла бастады
Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберетін азаматтарды сырттай проактивті форматта куәландыруға тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша қанатқақты жоба басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Өскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып кеткен
Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 23 Қыркүйек, 2024
Алматыдағы ботаникалық бақта Ayelder Zhany демалыс алаңы бой көтерді
Алматының ботаникалық бағында әйелдердің демалуы үшін арнайы жасалған Ayelder Zhany алаңы бой көтерді. Демалыс алаңы сәбилі аналар мен болашақ аналарға арналған орындықтармен толықтырылды.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: АӨК-тің тұрақты дамуы – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Павлодар облысында ұйым басшысы жалған оқу куәлігін берген
Павлодар облысы Ақсу қаласындағы кәсіпорын басшысы «Электро-газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқудан өткені туралы жалған куәлік бергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған. Алайда тұрғын үйлерге жылу қашан қосылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2024
Өңірлерде шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша жоба іске қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жуырда облыс орталығында өткен республикалық семинарда аталған жобаның қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2024
Үстел теннисі: Азия чемпионатында сайысатындар анықталды
Дүбірлі дода қазан айының 6-13 күндері аралығында Астанада өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.