м
Оқиға • 21 Қазан, 2024
Ақтөбеде балабақша қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырған
Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қазан, 2024
Сот төрелігі: Жыл басынан бергі жұмыстар қорытындыланды
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев республиканың сот корпусымен өткен 9 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңес өткізіп, оған Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, ВКБ арқылы – облыстық және оған теңестірілген соттардың басшылығы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 21 Қазан, 2024
Астанада қала маңына қатынайтын 3 автобустың жүру кестесі өзгерді
«City Transportation Systems» ЖШС көлік компаниясы елордада қала маңына қатынайтын 3 автобустың жүру кестесі өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қазан, 2024
Автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан 17 адам ұсталды
Ішкі істер министрлігі Алматыда көліктерді тіркеу бойынша қылмыстық схеманың жойылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 20 Қазан, 2024
Шетелден келген сәлемдемеден қауіпті заттар шыққан
Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Қазан, 2024
Павлодар тұрғыны елордалықтарға жоқ жиһазды сатып отырған
Астанада полиция тұрақты түрде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Павлодар тұрғынын ұстады. Әйел жоқ жиһазды сатып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қазан, 2024
Асу Алмабаевтың UFC-дегі рейтингі жоғарылады
Қазақстан намысын қорғап жүрген жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) Лас-вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 245 турнирінде бразиялиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңген соң рейтингі күрт өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2024
Қызылорда облысында жасөспірімді өлтірген оқушы сотталды
Қызылорда облысында төменгі сынып оқушысын ұрып өлтірген оқушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Қазан, 2024
Ақмола облысында жетінші баласына жүкті әйел көз жұмды
Ақмола облысының Бестөбе кентінде жетінші баласына жүкті 34 жастағы алты баланың анасы жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Қазан, 2024
Ақтөбеде балаға азғындық жасады деген күдіктінің мәйіті табылды
Ақтөбе тергеу изоляторында балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 20 Қазан, 2024
Шымкентте 8 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Шымкентте полицейлер 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қазан, 2024
Астанада LRT құрылысына байланысты Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылады
Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қазан, 2024
UFC: Асу Алмабаев бразилиялық қарсыласын тізе бүктірді
Қазақстанның атынан шығып жүрген файтер Асу Алмабаев UFC лигасында кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Қазан, 2024
Қарағандыда сотталушыны азаптаған ҚАЖД қызметкеріне сот үкімі шықты
Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау дерегі үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 19 Қазан, 2024
Шымкентте бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші жазаланбайтын болды
Шымкентте балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрып-соғып, аяғынан сүйрегені үшін қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды. Ол бастапқыда «тәрбиелеу мекемесі жұмыскерінің кәмелетке толмаған балаға қатыгездік көрсету» бабы бойынша айыпталған. Сотта оның кінәсі толық дәлелденгенімен, тәрбиеші мен жәбірленуші тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Қазан, 2024
Алматыда ауған тауарларының көрмесі өтеді
20 қазан күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында ауған тауарларының көрмесі ашылады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 19 Қазан, 2024
Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қазан, 2024
Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды
Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Қазан, 2024
ТМҰ кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты
Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің экономика және сауда министрлерінің 13-ші кездесуі өтті. Оған Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстаннан келген делегациялар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Қазан, 2024
Елордада Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
25 қазан күні елімізде ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 19 Қазан, 2024
Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Ақмола облысы Ерейментау ауданында есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 19 Қазан, 2024
Намысқа баспасақ, алысқа бармаймыз!
2025 жылы фашизмге қарсы соғыстың аяқталғанына 80 жыл болады. Қазақ халқының батыр ұлы Рахымжан Қошқарбаев пен оның қандыкөйлек қаруласы Григорий Болатов екеуі оқ пен от кешіп, 1945 жылы сәуір айының аяғында қаһармандықпен Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына талай уақыт өтсе де, ақиқаты бүгінге дейін толық ашылған жоқ. Мысалы, осы екі тұлғаға да «Кеңес Одағының батыры» атағын бермеу себебі әлі күнге белгісіз.
Дін • 18 Қазан, 2024
Қажылық - 2025: Келесі жылға Қазақстанға қанша орын бөлінді?
Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымы үшін Қазақстанға 10 мың қажылық орнын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Абай облысында имам 11 жасар қызды қағып кеткен
Абай ауданында 11 жастағы қызды көлік қағып, мерт қылған. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа сәйкес, көлікті жергілікті мешіттің имамы жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Астанада көпқабатты тұрғын үй маңынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңынан бойжеткен қыздың мәйіті табылған. Полиция марқұмды тұрғын үйдің 24-ші қабатынан құлап кетті деп болжаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесі өтеді
Қазанның 18-і күні сағат 17.00-де Астанадағы Mega Silk Way сауда-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп, биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде дайындалған. Аталған экспедицияға Honor қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қылмыс • 18 Қазан, 2024
Тараз қаласында оқушылардың қатысуымен 18 қылмыс тіркелген
Құқық қорғау органдары қолдан келгенше жұмыс атқарып жатса да, жаөспірімдер арасындағы қылмыс жойылар емес. Біраз уақыт бұрын Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қоғам сабақ алатын күннің ауылы алыс секілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Алматыда Орталық-Азиялық BeWoman форумы аяқталды
Алматыда көшбасшылық, инновация, әлеуметтік ілгерілеу мен теңдік сынды өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарған, ерекше табысты да көрікті тұлғалар алаңына айналып үлгерген Орталық-Азиялық BeWoman форумы да мәреге жетті. Үш мыңдай адам қатысқан биылғы жиынға 12 мемлекеттің әйел-көшбасшылары, кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлері келіп, 95 сарапшы сөз алды.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Павлодарда жанармай құю бекетінен өрт шықты
Павлодарда өрт сөндірушілер жанармай құю бекеті аумағында болған жарылыстың алдын алды. Өрт туралы хабар бүгін сағат 10:48-де түскен. Анықталғандай, жерасты газ цистернасы жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Компаниялар цифрлық құқықтарды сақтай ма
Алматыдағы екінші Qazaqstan IGF: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форумы алаңында Fintech, E-commerce пен Telecom секторларындағы онлайн платформалардың Қазақстандағы «Цифрлық құқықтарды сақтау рейтингі – 2024» қорытындысы жарияланды.