у
Ауа райы • 24 Мамыр, 2024
Қазақстанда барлық қызметтердің өрт сөндіру маусымына дайындығы тексеріледі. Мұндай тапсырманы Бас прокурор Берік Асылов берді. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 24 Мамыр, 2024
Ұлттық ұлан «Мен – Отан қорғаушымын!» фотобайқауын жариялады
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай құқықтық тәртіп әскері 27 мамыр – 3 маусым күндері аралығында өтетін «Мен – Отан қорғаушымын!» атты фотобайқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұлан хабарламасына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Алматы-Қостанай пойызында оба жұқтырған жолаушы болған
Оқу-жаттығу тапсырмасына сәйкес оба жұқтырған науқас Алматы-Қостанай бағытындағы №43 жолаушылар пойызының екінші вагонында келе жатқан. «Железнорудный» станциясынан кейін жолаушының жағдайы нашарлаған. Ол жолсеріктен бірнеше рет көмек сұраған, бірақ қызуды басатын дәрілерді қабылдағаннан кейін жағдайы жақсармаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Мамыр, 2024
«Мас деп ойлаған»: Инсульт алған науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмеген
Шымкент қаласында жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартқан, бірақ науқастың құсқанын көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, ұйықтатып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Мамыр, 2024
Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушының мәйіті табылды
Түркістан облысы Сайрам ауданында 10-сынып оқушысының мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
Құтқарушылар Атырау облысы тұрғындарына алыс жолға шықпауды ескертті
24 мамыр күні Атырау облысы аумағында дауыл соғады. Осыған байланысты аймақтағы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 24 Мамыр, 2024
«Ұлы дала жорығы-2024»: Үшінші маусым жеңімпазы – «Жетісу» командасы
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Аманжол Әлтай және Қазыбек Әлішев қатысты. Бұл туралы «Ұлы дала жорығы» баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Мамыр, 2024
Президент Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хинді қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 24 Мамыр, 2024
Жел, найзағай, үсік: Еліміздің барлық облысында ескерту жарияланды
Бүгін республиканың барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірлерде жел соғып, найзағай ойнайды. Ал кейбір облыста үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Мамыр, 2024
Жоғарғы сот стендап-әзілкештің ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 356 отбасы баспаналы болды
Қазақстан Үкіметі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын әлі де жалғастырып келеді. Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 24 Мамыр, 2024
Заңсыз көші-қон: Астанада бір пәтерге 937 адам тіркелгені анықталды
Прокуратураның мәліметінше, жалған мекен-жай мен "резеңке пәтер" деп аталатын баспаналарда тіркелген 22 мың шетелдік анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Қазақстанның фармацевтика саласында 80-нен астам отандық өндіруші жұмыс істейді
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Фармацевтика саласының жай-күйі мен даму келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысына дайындық аясында «СК-Фармация» ЖШС басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Музей • 23 Мамыр, 2024
Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі музейінде бір жақсы дәстүр қалыптасқан. Мектеп бітіруші түлектер мамыр айының соңғы күндерінің бірінде музейге келіп, осында экскурсия жасайды, қызметкерлермен кездеседі. Кездесу соңында теледидар арқылы осы музейді ұйымдастырған соғыс және еңбек ардагері Мәкен Төрекелдиннің жас ұрпаққа қалдырып кеткен өсиеті жазылған бейнежазбаны тыңдайды.
Сенат • 23 Мамыр, 2024
Сенатор «Алтын адамды» тапқан археологты еске алуды ұсынды
Сенатор Алтынбек Нұхұлы өзінің депутаттық сауалында Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапқан археолог Кемел Ақышевті еске алуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2024
Абай облысында 5 жаңа су қоймасы салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысында жаңадан 5 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде министр Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жаңа су қоймалары өңір қажеттілігі үшін 156 млн текше метрден астам су жинай алады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Астанада сот орындаушысы 1 жыл бойы алимент ақшасын жымқырған
Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы 1 жыл бойы өзге балаға төленген алимент ақшасын өз баласының шотына аударып келген сот орындаушысының ісін әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Мамыр, 2024
Тамара Дүйсенова ел мектептерінде дабыл батырмаларын тезірек орнатуды тапсырды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте білім беру нысандарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Президент Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді
Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Алматы облысындағы аса ірі Alatau City жобасын іске асырудың маңызды аспектілері талқыланды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Мамыр, 2024
Найзағай, жаңбыр, жел: Ертең ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша, елімізде тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 23 Мамыр, 2024
Қос министрлік ел мектептерінде бірыңғай сағат ұйымдастырды
Жалпы білім беретін мектептерде Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойын мерекелеуге арналған бірыңғай сағат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасарын қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 23 Мамыр, 2024
Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында әйелдерге арналған білім, ақпараттық-консультация беру орталықтарын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Бұрын істі болған адам балабақшада 9 жыл жұмыс істеген
Жетісу облысында бұрын істі болған адам балабақшада 9 жыл бойы жұмыс істеп келген. Оны Ақсу ауданы прокурорлары тексеріс барысында анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2024
Qazaq Air әуе компаниясының жаңа иесі белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Президент Temasek International компаниясының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Temasek International компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді
Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Енді несие алу кезінде биометриялық сәйкестендіруден өту міндеттеледі
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және қаржы нарығын реттеу туралы заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.