Әлеуметтік көмек
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Вице-министр мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесті
Бірқатар қоғамдық ұйымның бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің мүгедектігі бар балалардың аналарымен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Парламент депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Елнұр Бейсенбаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
2021 жылы Қазақстанның 15 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға түрлі көмек көрсету үшін «Ten Qogam» орталықтары ашылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Шілде, 2020
30 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауды онлайн тіркеді
II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде алғаш рет атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындауды ресімдеді. Мұндай мүмкіндік азаматтарға мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында берілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылуының барлық кезеңі ішінде АӘК алғаш рет тағайындау үшін азаматтар электрондық форматта өтініш бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz