ас
Президент • 03 Маусым, 2026
Президент Қазақстан-Кипр экономикалық ынтымақтастығының жол картасын әзірлеуді ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис келіссөздер барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің тың бағыттарын талқылады. Тараптар сауда айналымын арттыру, инвестициялық байланыстарды дамыту және логистика, қаржы, туризм мен цифрлық технологиялар салаларындағы әріптестікті күшейтуге келісті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кипрді Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 03 Маусым, 2026
4 маусымнан бастап ипотека қымбаттайды: «Отбасы банк» қандай өзгеріс енгізді?
4 маусымнан бастап «Отбасы банк» аралық тұрғын үй қарыздары бойынша жаңа талаптарды енгізеді. Енді бұрынғыдай бірнеше пайыздық мөлшерлеме емес, барлық клиенттер үшін бірыңғай 8,5% жылдық мөлшерлеме қолданылады. Ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9%-дан 9,6%-ға дейін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Елордада марафонға байланысты ондаған көше жабылады
Елордада 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Астананың Алматы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаудың басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп, Никос Христодулидистің елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 03 Маусым, 2026
Астанада шомылу маусымы басталды: Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Астанада шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Маусым, 2026
Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейстері ашылды
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе қатынасы кеңейіп келеді. 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Астана мен Ұлан-Батыр қалалары арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 03 Маусым, 2026
Жасанды интеллект қандай мамандарды еңбек нарығынан ығыстырады?
Цифрлық дәуірдің жаңа белесінде адамзат технологиялық төңкерістің куәсі болып қана қоймай, оның бел ортасында өмір сүріп жатыр. Бүгінде күнделікті тұрмыстан бастап мемлекеттік басқару ісіне дейін еніп үлгерген жасанды интеллект (ЖИ) – дамудың жаңа мүмкіндігі әрі үлкен жауапкершілік жүктейтін технология. Осы орайда елімізде жасанды интеллект жүйелерін реттейтін заңнамалық базаны қалыптастыру және оның еңбек нарығына әсерін бағамдау – уақыт талабынан туындаған маңызды міндет.
Президент • 03 Маусым, 2026
Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 03 Маусым, 2026
Шетелден есірткі тасымалдаған әйел бас бостандығынан айырылды
Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 2025 жылғы желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайында Бангкок – Алматы бағыты бойынша келген рейстен кейін Жамбыл облысының 23 жастағы тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Маусым, 2026
Медицинадағы революция: Қазақстанда бірыңғай цифрлық контур құрылды
Денсаулық сақтау министрлігі 21 мыңнан астам ұйым мен 275 мың медицина қызметкерін бірыңғай цифрлық контурға біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 02 Маусым, 2026
Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірді
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуінен Иран мен АҚШ арасындағы байланыстардың тоқтатылуы әлемдік мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне себеп болды. Нарықтағы мәліметтерге сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 97 долларға дейін, ал WTI мұнайы 94 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 02 Маусым, 2026
Кипр Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді
2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Қордай маңындағы қайғылы жол апаты: Бір адам қаза тапты
Жамбыл облысында адам өліміне әкеп соққан ірі жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдай Қордай ауданында болып, екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
Атырауда түнгі уақытта қыдырған 30 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Атырау қаласында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түнгі профилактикалық рейд барысында қараусыз көшеде жүрген 30 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін өсіретін GREEN ЕСО заманауи жылыжай кешенінің қызметімен, сондай-ақ Қазақстан нарығындағы өндіріске қолданылатын технологиялармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Маусым, 2026
Президент: Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру керек
Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы инвесторларға барынша жайлы жағдай жасауды және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуді аса маңызды міндет ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
«Баяғы жартас – сол жартас»: Президент Қонаев қаласының инфрақұрылым құрылысын сынға алды
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2026
Хаби Алонсо тактикасына болжам: Дастан Сәтпаев «Челсиде» қай позицияда ойнауы мүмкін?
Қазақ футболының жанкүйерлері соңғы уақытта Дастан Сәтпаевтың болашағына ерекше қызығушылық танытып отыр. Жас шабуылшының Еуропаға жол тартуы және оның «Челси» жүйесіндегі мүмкіндігі көптеген талқылауға арқау болды. Әсіресе, әлемдік футболда жас таланттарды дамытуымен көзге түскен Хаби Алонсо секілді маманның қол астында ойнау мүмкіндігі футболсүйер қауымның қызығушылығын арттыра түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Екібастұзда бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Екібастұз қаласында бір жасар бала бесінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлап кетті. Оқиға салдарынан бала ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Маусым, 2026
Күзге дейін 21 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады
Елімізде Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Маусым, 2026
Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасында сенсация жасады
Темірлан Анарбеков Еуропалық футболдың басты жұлдыздарымен бір қатарға енді. Статистикалық FlashScore порталы қазақстандық қақпашыны Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларының қатарына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Маусым, 2026
Алматыда ауа сапасын бақылауға арналған тағы 30 датчик орнатылды
Алматы қаласында ауа сапасын бақылауға арналған 30 жаңа мониторинг стансасы іске қосылды. Олар бұған дейін жұмыс істеп тұрған 170 датчиктен тұратын желіні толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Маусым, 2026
Нөмірін жасырғандар жазаланады
Жыл басынан бері ақылы жолдарда мемлекеттік нөмірді жасыру мен жалған нөмір қолданудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Мәдениет • 01 Маусым, 2026
Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат» орденімен марапатталды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент атынан Қанат Айтбаевқа «Парасат» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Астанада көлік өртенді: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай?
Астанада жеңіл көліктің өртенуі салдарынан зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 01 Маусым, 2026
Люксембургтің Қазақстан арқылы әуе жүк тасымалы қайта жанданады
Еуропадағы жетекші жүк тасымалдаушылардың бірі Люксембургтің Cargolux Airlines International – 1 маусымнан бастап Қазақстан арқылы транзиттік рейстерін қайтадан іске қоспақ. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 01 Маусым, 2026
«Самғау» орталығында 5 000-ға жуық бала тегін білім алады
Екібастұз қаласындағы «Самғау» балалар шығармашылық орталығы мемлекеттік қолдау мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде жүзеге асқан маңызды жобалардың бірі ретінде балалар игілігіне жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Атырауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны бірнеше сағат бойы ұрып-соққан
Атырауда 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.