и
Айбын • 03 Наурыз, 2025
Алматыда қорғаныс саласы бойынша конференция өтті
Алматыда өткен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мен орындаудың басымдықтарын айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Наурыз, 2025
Рейтингтік турнирде грек-рим күресінен 3 жүлде алдық
Бүгін Албанияның астанасы Тиранада Muhamet Malo рейтингтік турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Наурыз, 2025
Қ.Тоқаев Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Мұнай-газ саласының әлеуеті артып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Наурыз, 2025
Қазақстан құрамасы су добынан қола жүлде жеңіп алды
Қытайдың Чжаоцин қаласында су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Наурыз, 2025
В.Зеленский Ұлыбритания королімен кездесті
Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания королі III Чарльзбен Норфолкта кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Ресейде құймақ жеу сайысына қатысқан әйел қайтыс болды
Ресейдің Красноярск облысында Масленница мерекесінде өткен құймақ жеу жарысы қайғылы жағдаймен аяқталған. 36 жастағы Наталья Алатова жарыс кезінде тағамды шайнамай жұтып, тұншығып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2025
Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алғаш рет студенттер мен оқушылар арасында есірткіге қарсы логотиптер байқауын ұйымдастырды. Байқауға креативті және ерекше 48 жұмыс ұсынылды.
Әлем • 03 Наурыз, 2025
Күрдістан партиясы Түркиямен қақтығысты тоқтататынын мәлімдеді
Қазақстанда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) 1 наурыз күні Түркия үкіметімен арадағы қарулы қақтығысты тоқтатып, бітімге келетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Белгілі мұнайшы-геолог Олег Герштанский өмірден өтті
Мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстаудағы мұнай мен емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым Олег Сергеевич Герштанский қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 03 Наурыз, 2025
Төрехан Сабырхан «Странджа кубогінің» үздік боксшысы атанды
67 келіде ел намысын қорғаған Төрехан Сабырхан кіші әлем чемпионатына баланған «Странджа» халықаралық турнирінің үздік боксшысы атанды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағандар сотталды
Түркістан облысында терроризмді насихаттаған және экстремистік ұйымның қызметіне қатысу арқылы басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтар сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Наурыз, 2025
Бүгін елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазгидромет ел аумағында 3 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Наурыз, 2025
Діни мерекелерге орай атыс уақытша тоқтады
Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режімін ұзарту туралы АҚШ-тың ұсынысына уағдаласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2025
Пойызда босанған жолаушы жолсерікке бір жылдан соң алғысын білдірді
Қызы дүниеге келген соң бір жылдан кейін №352 «Алматы-Өскемен» пойызының жолаушысы елордаға сәбиін босандырған жолсерік Бағдагүл Абдақұловаға алғыс айту үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 02 Наурыз, 2025
Алматы полициясы меценатқа іздеу жариялады
Құқық қорғау органдары меценат және A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2025
Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қыз табылды
Семейде жол жиегінде қараусыз жүрген бес жасар қызды байқап қалған ер адам оны полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Наурыз, 2025
Қытай кеденшілері Қазақстан азаматын ажалдан арашалап қалды
Ақпан айының 27-сі күні Алтай аймағындағы Қытайдың Зимунай шекара бекетінде төтенше жағдай орын алған. Шекара аумағында Қазақстан азаматы кенеттен миына қан құйылып, өте ауыр халге түскен, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райы • 02 Наурыз, 2025
Қазақстанда 2 наурыз күні ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 2 наурызға Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Наурыз, 2025
+20 градус: Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша наурыз айында ауа райы құбылмалы болады. Дегенмен алғашқы онкүндікте республикалық барлық өңірінде күн жылынады, оңтүстік аймақта ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Наурыз, 2025
Астанада 4 млн теңге алимент төлемеген адам ата-ана құқығынан айырылды
Астанада сот 4 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар ер адамды ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Наурыз, 2025
Несиенің төлем мерзімін қалай кейінге шегеруге болады?
Егер сіз қаржылық қиындықтарға тап болып, несиені уақытында төлей алмасаңыз, мәселені шешудің жолы бар. Қарыз жүктемесін уақытша жеңілдетудің бір жолы – мерзімін кейінге шегеру рәсімін пайдалану, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 01 Наурыз, 2025
БҚО-да жер үйлерді тонап жүрген қылмыстық топ ұсталды
Батыс Қазақстан облысында жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Наурыз, 2025
Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Спорт • 28 Ақпан, 2025
Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті
Үндістанның бас шаһары – Нью-Делидегі «Тьягарадж» ұлттық стадионында қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған сайыста жер жаһанның 20-дан аса мемлекетінен келген 200-ге жуық балуан бақ сынады. Олар 16 салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті медальді сарапқа салды.
Шахмат • 28 Ақпан, 2025
Бибісара Асаубаева Монакода сәтсіз өнер көрсетті
Монакода шахматтан әлемдік Гран-при додасының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, бұл жарыста еліміздің ең үздік ойыншысы Бибісара Асубаева сәтсіз өнер көрсетті.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Ақын Нұрпейіс Байғанинді еске алу шарасы өтті
Биыл көрнекті жырау Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толып отыр. Осыған орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ер туралы жыр» деп аталған мәдени-танымдық іс-шара өтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармашылық мұрасы ардақталды.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Қанат Шарлапаевтың министр ретіндегі негізгі жетістіктері
Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетіп, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол басшылық еткен уақытта министрлік бірнеше маңызды шешімдер қабылдап, өнеркәсіп пен құрылыс саласында ірі жобаларды жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Түркиялық медиа компания Түркістан туралы кино түсіреді
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия мемлекетінің «Albayrak Media Group» компаниясының өкілі және «Yeni Şafak» газетінің халықаралық бөлімінің директоры Өмер Кабланмен кездесті. Тараптар Түркістан өңірін әлемдік деңгейде таныту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Министрлік қант диабетімен күресті күшейтті
Бүгінде елімізде қант диабетіне шалдыққан азаматтардың хәлін жақсарту мақсатында кешенді шаралар қолға алынып жатыр. Қоғам денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізіп отырған кеселді асқындырмай, ерте бастан анықтап, тиісті ем-домын жүргізу үшін мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек көлемі ұлғайтылып, халықты тұрақты скринингтерден өткізу шаралары қолға алынуда. Бұл туралы Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасының Диабет қауымдастығының (ҚРДҚ) президенті Баян Жұманова мәлімдеді.