ЕНТ
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Шымкентте көпқабатты 79 тұрғынүйдің қасбеті жаңарады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көпқабатты тұрғынүйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Қала әкімі Шымкент - ТМД елдерінің астанасы аясында қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді тапсырған еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Шымкент қаласындағы Цитадель туризм орталығына айналуда
Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Шымкентте стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Шымкент әкімі жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының барысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы мектептерде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейіне барып, 2020-2021 оқу жылына дайындық жұмыстарының барысын пысықтады. Оқу сыныптарын аралап, БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Оқиға • 11 Тамыз, 2020
Көкшетау қаласының орталығында гүлзардан жұлған ер адам ұсталды
Жедел басқару орталығының бейнекамераларына Көкшетау тұрғынының бұзақылық әрекеттері нәтижесінде "зардап шеккен" гүлдер салынған гүлзар түсті. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Шымкентте еңбек инспекциясы тарапынан 150-ге жуық заңбұзушылық анықталды
Шымкент қаласында қаңтар-маусым айында еңбек инспекция және көші-қон басқармасына 581 азаматтан арыз-шағым келіп түскен.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Шымкентте карантин кезінде 8 мыңнан астам нысанға мониторинг жүргізілді
Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Шымкентте 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 6 айында 21 573 отбасыға, яғни 107 967 адамға 5,7 млрд теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Шымкентте Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Жаркент өңіріне жылдамдығы жоғары интернет желісі жетті
Дерек бойынша Қазақстанда интернет тұтынатын абоненттер саны 17,5 млн адамға жеткен. Оның ішінде 15 млн тұтынушы ғаламтор қызметін ұялы байланыс желісі арқылы пайдаланып отыр. Ал осы сәтте елімізде жылдамдығы жоғары әрі кеңжолақты интернетті қолданатын 14 млн 800 абонент бар, - деп хабарлайды egemen.kz.
Спорт • 10 Тамыз, 2020
Осыдан дәл 41 жыл бұрын, яғни 1979 жылдың 11 тамызында әуеде қос бірдей "Ту-134А" ұшақтары соқтығысып, борттағы 174 жолдаушының барлығы да қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай күнін мерекелеуге атсалысты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық идеологиясын қалыптастыру бойынша білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені жүзеге асырып келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Шымкентте қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді
31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн іс-шаралар өтеді
Биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Абай күнімен құттықтады
Бүгін ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы республика көлемінде атап өтілуде. Осы айтулы датаға орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 3-9 тамыз аралығындағы апталық жұмысына бейне шолуы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Тамыз, 2020
Беларуссияда президенттік сайлау өтті
Бүгін Беларуссияда президенттік сайлау өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссияның төрағасы Лидия Ермошина журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Тамыз, 2020
Беларуссияда президенттік сайлауға дауыс беру басталды
Бүгін Беларуссияда президент сайлауында негізгі дауыс беру басталды. Бұл туралы БЕЛТА-ға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Технология • 08 Тамыз, 2020
Қызылордада интернет-алаяқ құрықталды
Қызылордада интернет-алаяқпен айналысқан 26 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 08 Тамыз, 2020
Баланы терезеден құлаудан калай қорғау керек?
Нұр-Сұлтан қ. ПД ЖПҚБ ювеналды полиция қызметкерлері "Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?" тақырыбында қала тұрғын үйлерінің аулаларында азаматтармен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, сондай-ақ 1000 данаға жуық тақырыптық жадынамалар таратты, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 08 Тамыз, 2020
Қызылордаға тағы 54 оттегі концентраторы келді
Қызылорда облысына #жақсылықжаршысы акциясы аясында тағы да 54 дана оттегі концентраторы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 08 Тамыз, 2020
Әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшады
Кеше ҚР Президенті – ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Президент • 08 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Үндістан халқына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Шымкентте жаңа көпір пайдалануға берілді
Бүгін ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданындағы Тельман шағын ауданы, Онтаев көшесінде Қошқар ата өзені бойынан Шымкент орталық мешіті мен қалалық "Зекет" қорының ұйытқы болуымен жаңа көпір ел игіліге берілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөө қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 07 Тамыз, 2020
Елордада ұрланған велосипед иесіне қайтарылды
Полиция қызметкерлері құны 70 000 теңге тұратын "Драйв 621" маркалы велосипедті жасырын ұрлап кеткен 27 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үкімет • 07 Тамыз, 2020
Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда?
2020 жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық сертификаттау жүйесін дамытуды, елдің ішкі нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық стандарттарға бедел мен сенімді қайтаруды тапсырды. Қазақстан Үкіметіне "Техникалық реттеу туралы" заңды жаңа редакцияда дайындау және оны 2020 жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 07 Тамыз, 2020
"Жастар" сарайына қарама-қарсы жаңа арбат пайда болады
Ж.Омаров жаңа жаяу жүргіншілер көшесінде 2 субұрқақ салу жоспарланған. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 07 Тамыз, 2020
Э.Макрон Бейрутке халықаралық қаражат жинау туралы мәлімдеме жасады
Франция президенті Эммануэль Макрон Бейруттегі жарылыстан зардап шеккен адамдарға халықаралық қаражат жинау туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Мұрат Әйтенов волонтерлермен кездесті
Президентіміз Қ.Тоқаев биылғы жылды "Волонтер жылы" деп атаған болатын. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пандемиямен күресте белсенді атсалысып жүрген еріктілер мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды
Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған, - деп хабарлайды Egemen.kz.