Би
Қоғам • 18 Қазан, 2024
Ақордада әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды
Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі жөнінде жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Бизнес бастамаларға қолдау көрсетіледі - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді. Оған жекелеген министрлер мен аймақ әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Атамекен» ҰКП басшылықтары, сондай-ақ бірқатар саладағы бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қазан, 2024
Көрнекті заңгер Болат Сембин дүниеден өтті
Көрнекті заңгер, педагог, Maqsut Narikbayev University Директорлар кеңесінің Төрағасы және құрметті ректоры Болат Ажақайұлы Сембин дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Қазан, 2024
Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Қыдырберді Әндірұлы Беков ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қазан, 2024
Ата-аналарға арналған жаңа мобильді қосымша іске қосылды
Қазақстанда ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін «Беске дейін үлгер» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қазан, 2024
Полиция жасөспірімдердің үйден кетіп қалу себебін айтты
Жамбыл облысында полиция жасөспірімдердің үйден кетіп қалу себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қазан, 2024
«Аңсаған Сәби»: 8 мың нәресте дүниеге келген
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қазан, 2024
Grand Slam: Әбиба Әбужақынова жартылай финалға өте алмады
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam сериясы турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Медицина • 11 Қазан, 2024
«Сау тіспен болашаққа»: Мектептерде стоматологиялық кабинет ашылады
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы №95 мектеп-лицейіне барып, оқушы денсаулығын сақтаудың бірқатар мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 09 Қазан, 2024
Шымкентте алып сәби дүниеге келді
Шымкентте салмағы 6 келіден асқан алып сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2024
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде бақ сынайды
11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет халықаралық сында ел намысын қорғайтын дзюдо құрамасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Қазан, 2024
«VІІI Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «VІІI Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 04 Қазан, 2024
Қауырсындары - сұп-сұр: Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді
Қаракөл көліне ұшқан алғашқы қоқиқаздарды жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев видеоға түсірген. Блогер неліктен кадрларда қоқиқаз қауырсындары қызғылт емес, сұр екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қазан, 2024
Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Қазан, 2024
Қазақстандағы электромобильдер: жай-күйі, сын-қатерлер мен келешегі
Қазақстанда Электромобиль дәуірі басталды. Автокөлік саласы сарапшыларының жариялаған мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 10 мыңға жуық «жасыл» автокөлік тіркелген. Бұл көрсеткіш - электрмен жүретін автокөліктерге деген сұраныстың артқанының дәлелі. Сұраныстың өсуі жыл сайын анық байқалады. Электромобиль сатып алатын адамдарға қолайлы жағдай туғызу үшін Мәжіліс депутаттары 2024 жылдың басында қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізетін заң жобасына бастамашы болғанын білеміз. Ал 18 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Талбесік • 02 Қазан, 2024
Нидерландтан әкелінген жолбарыстар бір жылдан кейін жерсінеді
Қазақстанға әкелінген жолбарыстардың бейімделуіне бір жылдай уақыт кетеді. Бұл туралы биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі Константин Плахов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024
Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді соққыға жыққан
Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны бақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 27 Қыркүйек, 2024
Президент: Әбіш Кекілбайұлы – тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеген қайраткер
Ақтау қаласында халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2024
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру биыл басталады
Вице-премьер Серік Жұманғарин Қостанай облысының шаруаларымен кездесіп, өңір диқандарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Қыркүйек, 2024
«Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі» тақырыбында вебинар өтті
Осы айдың 24-і күні Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Құқықтық диалогтар» жобасы шеңберінде «Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі» тақырыбында вебинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024
1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды
1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2024
Атырауда 40 жастағы әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған
Атыраулық әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған. Баланың тоқтамай жылаған дауысын естіп, көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар полицияға хабар берген, деп хабарлайды Egemen.kz Астана арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2024
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді
Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының нұсқасы бойынша 48 келіге дейінгі дзюдошылардың әлемдік рейтингінде 5-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2024
Ата-анасы бір жастағы баласының өліміне ақтаулық дәрігерлерді кінәлады
Кішкентай Абдулла 2024 жылы 11 мамырда Ақтау қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болған. Баланың ата-анасы бүлдіршіннің дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болғанын алға тартады, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Халық • 17 Қыркүйек, 2024
АЭС: Халықтық штаб алматылық бизнес өкілдерімен кездесті
Атом энергиясы бизнестің дамуына серпін береді. Бұл туралы Халықтық штабтың Алматы облысындағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 17 Қыркүйек, 2024
7 сынып оқушысы А.Байтұрсынұлы туралы мобильді қосымша жасап шығарды
Мобильді қосымшаны Ақтөбе қаласындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Даниял Құрманғали жасап шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Орталық Азия – өзара тиімді серіктестікке мол мүмкіндік ашатын аймақ
Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық канцлер Олаф Шольцке, Орталық Азия елдерінің президенттері мен неміс компанияларының басшыларына ілтипат білдіре отырып, «Орталық Азия – Германия» форматындағы екінші кездесу санқырлы серіктестікті дамытудың жаңа кезеңіне жол ашқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2024
Ортақ Түркі әліпбиі: Декларацияға қол қойылды
Осы айдың 9-11 күндері Әзербайжанның Баку қаласында Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Қыркүйек, 2024
Президент «Қазақстан – Германия» бизнес форумында сөз сөйледі
Форум басталғанға дейін Қазақстан Президенті мен Германияның Федералдық канцлері энергетика, машина жасау, логистика, тау-кен металлургиясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақ-герман бірлескен жобаларына арналған көрмені тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2024
Президент Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.