аз
Аударма • 16 Қараша, 2023
«Кемал Ататүрікті еске алғанда» кітабының таныстырылымы өтті
Бүгін Түркі Академиясы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Түркия Республикасының елшілігімен бірлесіп «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен Түркі әлемінің болашағына» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Аталған жиын Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы болып туған 5 сәбиге 2 млн теңгеден беріледі
«Отбасы» банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Пікір • 16 Қараша, 2023
Халықтың санымен бірге экономика да өсу керек - Серік Негимов
Бүгін ел тарихында елеулі оқиға болды. Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ақжолтай ақпаратты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сүйінші хабарды халқымыз зор қуанышпен қабылдады. Соның ішінде қоғам қайраткерлері мен желі белсенділері халықты құттықтауға асық. Осы орайда филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Серік Негимов те жүрек жарды тілегін жеткізді.
Энергетика • 16 Қараша, 2023
Мажарстан профессоры энергетиканы интеграциялау бойынша дәріс өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Globalia» компаниясының бас директоры, Мажарстан профессоры Габор Шаги «Қазақстанның энергия тізбегіне жаңартылатын энергетиканы интеграциялау мүмкіндіктері» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.
Алматы • 16 Қараша, 2023
NIS оқушылары Америкадан жеңіспен оралды
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Америкада өткен «Yale Tournament of Champions-2023» жаһандық академиялық сайыстың жеңімпазы атанды.
Футбол • 16 Қараша, 2023
Спортшыларды ерекше қарсы алу рәсімін белгілі блогер Аршат Ораз желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 16 Қараша, 2023
Қазақстанның бастамасымен дүниежүзі бірге тойлайтын жаңа мереке пайда болды
Енді 20 мамыр күні Дүниежүзілік метрология күні тойланады. Бұл қарарды Қазақстанның бастамасымен ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясының Жаратылыстану ғылымдары жөніндегі комиссиясы бірауыздан қабылдады, деп жазады Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Қаржы • 16 Қараша, 2023
Биыл зейнеткерлерге 2,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қараша, 2023
Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетті
Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 15 Қараша, 2023
Қазақстан – Сан-Марино ойынына кімдер төреші болады?
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Сан-Марино құрамалары арасында өтетін ойынның төрешілері анықталды. 17 қараша күні «Астана Аренада» өтетін маңызды матчқа Австрия төрешісі Харальд Лехнер қазылық жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Қараша, 2023
Қазақстанда жаңа қала пайда болады
Алматы облысындағы Жетіген ауылы қала болып, жаңа атау алады. «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы» Президент жарлығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Таразда екі театр бір сахнаға таласып жүр
Тарихы терең Тараз шаһарда А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры мен Жамбыл облыстық орыс драма театры сынды екі театр ұжымы бар. Алайда екі театрға - бір сахна. Өнер мен мәдениетті өркендетуді жоспарлаған талай әкім аймақты тізгіндегенмен мәселе шешілмеді. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Жамбыл облысындағы меншікті тілшіміз Табиғат Мұсылманқұл «Өңір мәдениетіне тың серпін керек» мақаласында тарқата жазды.
Спорт • 15 Қараша, 2023
VI жазғы Спартакиада: Әлем чемпиондарының қарсыластары белгілі болды
Астана қаласында бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада әлем чемпиондарының қарсыластары bokingkazakhstan инстаграм арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қараша, 2023
Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды
Дубай (БАӘ) қаласында ересектер арасында пенчак-силаттан VII Азия чемпионаты және Таяу Шығыстың I ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 15 Қараша, 2023
Қосылған құн салығы азық-түлік бағасына әсер ете ме? Министр жауап берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте қосылған құн салығы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Қараша, 2023
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 14 Қараша, 2023
Қайырсыз адам – жеміссіз ағаш – Ахмет Иүгінеки
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Ахмет Иүгінеки, Майқы ойларын ұсындық.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды
Астанада дзюдодан кезекті ел чемпионаты өтіп жатыр. Бұл турнирде 17 өңір және 3 қаладан 463 спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан командасы топ жарды
Даугавпилс (Латвия) қаласында қарашаның 10-12 күндері аралығында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатына жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты, оның ішінде еліміздің 80 спортшысы бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2023
Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды - СІМ
Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қараша, 2023
Биыл қыс кеш түседі - синоптиктер
Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес алдағы күндері ауа температурасы 22 градусқа дейін жылы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
Ынтымақтастық қарқыны үдей түседі
Қазақстан мен Ресей Федерациясының 500 адамнан артық адам қатысқан өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесті. Кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қараша, 2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша Қазақстан халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 1,41% артқан. Қазір елімізде 19,9 миллион адам тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 13 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан спортшыларының өткен аптадағы жалпы жетістіктерін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2023
Бүгін Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қараша, 2023
Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты
7 қазаннан бері Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 11 078-ге жетті. Бұл туралы Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Қараша, 2023
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сауд Арабиясының астанасында еліміздің Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2023
Сот Қуандық Бишімбаевтың неге мерзімінен бұрын босатылғанын түсіндірді
Ұлттық экономика экс-министрі, жемқорлықпен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевтың неге мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2023
Сирияда 10 жыл террорлық топта болған азамат елге жеткізілді
Сирия мемлекетіне кетіп 10 жыл бойы террорлық ұйымның құрамында болған Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Ол өз ықтиярымен әрекетінен бас тартып, елге оралған соң билік өкілдеріне берілуді құп көрген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.