Ақ
Әлем • 27 Маусым, 2024
Президенттің туыстары мемлекеттік тікұшақпен ұшып жүрген
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қарындасы Ләззат Нұрқожаеваға сүйіктісі үйленуге сөз салған. Жастар Оруу-Сай шатқалына ТЖМ-нің тікұшағымен ұшып барған. Әлеуметтік желіде тараған бұл жағдайды сынға алғандардың қарасы көп. Садыр Жапаров бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2024
Тараздағы балабақша басшысы бюджеттен 12 млн теңге жымқырған
Тараздағы балабақша басшысы бюджеттен негізсіз ақша алған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2024
Алматы маңында 4 адам жанып кеткен
27 маусымға қараған түні Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 27 Маусым, 2024
Түркістан облысында балабақша бүлдіршіндері жаппай уланып, ауруханаға түсті
Түркістан облысы Келес ауданындағы балабақша бүлдіршіндері жаппай уланып, ауруханаға түсті. 2-3 жас аралығындағы балалар бастары айналып, бірінен соң бірі құсып, дене қызуы көтерілген соң қызметкерлер жедел жәрдем шақырған. Ауруханаға жеткізілген балалардың он бесі алғашқы көмек көрсетілген соң, үйге қайтарылған. Ал 19 баланың үшеуі жансақтау бөліміне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 26 Маусым, 2024
Астанада Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында қозғалыс шектеледі
Елордада Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында жол бөлігін жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 26 Маусым, 2024
«Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында Парламент Сенатында журналистер арасындағы «Парасат» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев әр аталым бойынша үздік шыққан жеңімпаздарды құттықтап, жүлделерін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 725 мың мүгедек адам тұрады, оның 58%-ы еңбекке жарамды, 26,9%-ы зейнеткерлік жаста, 15,1%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 26 Маусым, 2024
Қазақстан мен Қатар жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жүргізеді
Қазақстан мен Қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жүргізуге мүдделі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Қазақтың көрнекті ақыны Бақыт Кенжеев өмірден өтті
Қазақтың белгілі ақыны Бақыт Кенжеев 74 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Маусым, 2024
NIS оқушысы АҚШ-та жеңімпаз атанды
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ернар Талғат АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Neo Science GRAND FINAL халықаралық олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Маусым, 2024
Алматыдағы метро құрылысынан ақша жымқырғандар сотталды
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты шаһардағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» лагері ашылды
Кеше этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Маусым, 2024
Түркістандағы балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды
Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды. 34 бала зардап шекті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 26 Маусым, 2024
Қарағанды облысында сақ дәуіріндегі темір қанжар табылды
Қарағанды облысындағы Талды қорымынан табылған темір қанжар сақ дәуіріне жатады. 5 күннен бері жан-жақты зерттеу жүргізген археологтар осындай тұжырымға келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Маусым, 2024
Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндері басталды
Бүгін Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды. Ең алдымен түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының «Ат исларин» шығармасына негізделген режиссер Арслан Еуебердиевтің «Истарян» көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Маусым, 2024
Президент Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәдігер • 25 Маусым, 2024
Қарағанды облысында сақ кезеңіне жататын темір қанжар табылды
Талды тарихи-археологиялық паркінде қазба жұмыстары қызу жүріп жатыр. Себебі қарағандылық ғалымдар мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың 120-дан астам студенті құнды әрі тарихи жәдіргерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Жұмыс • 25 Маусым, 2024
Биыл 353 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының биыл 1 млн-ға жуық ел азаматын жұмысқа орналастыру жөніндегі міндетінің орындалуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Биылғы су тасқынынан келген шығынның көлемі есептелді
Үкімет Қазақстанда су тасқынынан келген шығынның алдын ала көлемін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін
Елімізде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Маусым, 2024
Ақмола облысында кәсіпорынның сейфін ұрлағандар ұсталды
19 маусымға қараған түні Ақмола облысында орналасқан кәсіпорынның бірінен сейф ұрланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Шетелде жұмыс істеу: Қазақстанда арнайы орталықтар ашылады
Шетелде жұмыс істеуге ниет білдірген Қазақстан азаматтары елде тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2024
Елордада жігітті пышақтап, көшеде тастап кеткен
Астанада Иманов көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан қансырап жатқан жігіт табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Су тасқыны: Қанша отбасы жәрдемақы алды?
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін қанша отбасының төлемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Маусым, 2024
Халықтың коммуналдық қызметтерге қарызы 150 миллиард теңгеден асты
Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтерге берешегі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Маусым, 2024
Астанада садақ атудан халықаралық турнир өтеді
27 маусымда басталатын «Астана Гран-приі» III халықаралық турнирі 3 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Қазақстанда «ең бай зейнеткер» қанша алатыны айтылды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары туралы жаңарған ақпаратты ұсынды. Оған қоса ай сайынғы төлемнің шекті сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Елімізде тағы бір санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжілісмен Нұрсұлтан Байтілесовтің депутаттық сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Маусым, 2024
Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.