КТ
Елорда • 22 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары қабылданды
Елордада COVID-19 таралу қаупін азайту мақсатында бірқатар қосымша шектеу шаралары қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Сауд Арабиясы қалыпты режімге көшті
Сауд Арабиясы жалпыұлттық коменданттық сағатты алып тастады, бірақ басқа да шектеулер жалғасады деп мәлімдейді. Бұл туралы BBC News агентігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
ҰБТ: Бейнежазбаларға 25 тамызға дейін талдау жасалады
21 маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пунктің 51-інде өткізілді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Нәтижелердің соңғы қорытындысы тамыз айында нақты болады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Шалқарға түсуге шектеу қойылды
Теректі ауданындағы эпидемиялық ахуалға байланысты Батыс Қазақстан облысындағы жазғы демалыс орындарының ішіндегі ең белгілісі – Шалқар көліне түсуге тыйым салынды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістанда барымташылар қолға түсті
Түркістан облысының полицейлері құны 150 млн теңгеден асатын жылқыларды ұрлаған барымташылардың қылмыстық тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістанда еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Түркістан қаласында пандемия кезінде әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Марапатты облыс әкімі, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тапсырды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістан облысында алты есірткі алқабы анықталды
Түркістан облысының полицейлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алты есірткі алқабы анықтады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Әлем • 19 Маусым, 2020
Англия билігі алдағы қыркүйекте мектептерін ашуға ниетті
Англияның Мектеп хатшысы Ник Гибб үкіметтің алдағы қыркүйек айында барлық оқушыларды ағылшын мектептеріне қайтаруға "нақты ниеті" бар екенін айтты. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 19 Маусым, 2020
Мектептердегі тамақтану қағидасы өзгереді
Білім және ғылым министрлігі балаларды тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электрондық форматына көшірді. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Қостанай облысында полицияны балағаттаған әйел сотталды
Денисов ауданының соты билік өкіліне тіл тигізген әйелге айыппұл салып, 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге мәжбүрлеу туралы үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Атыраудың Индербор кентінде карантин жарияланды
Атыраудың Индербор кентінде карантин жарияланды. Осыған орай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шолпан Ержанова арнайы қаулы шығарды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Шілдеден бастап кепілді электронды тіркеу іске қосылады
Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдындағы кездесу барысында мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Ақмола студенттері құрылыс жасақтарында жұмыс бастады
Студенттік құрылыс жасақтары жұмыстарын бастап кетті. Олар облыс орталығында жүріп жатқан 4 құрылыс нысанында еңбек етіп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егулерден 1 423 бас тарту есепке алынды. Өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өскені байқалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева Үкімет отырсында айтты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Көкшетауда қоғамдық көліктердің қатынасына шектеу қойылды
Өңірде карантин шаралары күшейтілді және оғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Жәйремнің "жұлдыз" әкімі жазасын әділ алды ма?
Қарағанды облысындағы жер аяғы шалғайда орын тепкен Жәйрем кентінің әкімі Аманқазы Нәукенов жергілікті мәдениет қызметкерлерімен бірге "ТикТок" деген танымал биді нақышына келтіре орындаймын деп, айдың-күннің аманында басы дауға қалды.
Әлем • 18 Маусым, 2020
Жапония аспанында белгісіз шар пайда болды
Сэндай қаласының аспанында пайда болған шар тәріздес формадағы объекті жапон полициясын әбден әбігерге салды. Белгісіз объекті туралы қала тұрғындарынан жаппай хабарламалар мен шағымдар келіп түсті, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Оралда түлектер әкіммен онлайн кездесті
Биыл Орал қаласында 2013 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 86 түлек алтын белгі иегері атанды. Үлкен өмірге қанат қаққан түлектермен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков онлайн кездесу өткізді. Жиын соңы сыйлықсыз болмады, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 17 Маусым, 2020
Айыппұл көлеміне қатысты түсініктеме берілді
Аталмыш шара бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын болады. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын бұзғаны үшін Алматыда бизнес субектілеріне салынатын айыппұл мөлшері 4 млн теңгеге жетуі мүмкін деп хабарланған болатын, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттаған күдікті қамауға алынды
Түркістан облысында жасөспірімдерге арналған суицидтік топтың “кураторы” ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Технология • 17 Маусым, 2020
Илон Масктің спутниктік интернетін бета-тестілеу басталды
Биылғы 13 маусымда SpaceX компаниясы Жер орбитасына тағы 58 жасанды серік ұшырды. Мұндай спутниктердің жалпы саны 540-қа жетіп, жерге интернет берудің бета-тестілеу режимін бастауға мүмкіндік беріп отыр. Маск мырзаның баяғыдан айтып жүргені – жердің барлық түпкірін тегін интернетпен қамтамасыз етемін деген атышулы мәлімдемесі біртіндеп шындыққа айналатын сияқты, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 16 Маусым, 2020
Армениядан әкелінген көлікті тіркеу құны қанша тұрады?
Тіркеу автокөліктің иесіне, яғни Армения Республикасында берілген техқұжатта көрсетілген тұлға бойынша жүзеге асырылады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов атап өтті, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Бәйтеректіктер жол азабын неге тартты?
Батыс Қазақстан облысында биыл 37,7 млрд теңге қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "Жұмыспен қамту картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2020
COVID - 19: Бейжің қаласында қоғамдық көліктерге шектеу қойылды
Бейжіңде муниципалитет қоғамдық көліктерді пайдалануға шектеулер қойды. Бұл туралы euronews.com агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Атырауда індетке шалдыққан жетінші жүкті әйел босанды
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Алматының Әуезов ауданында 1 200 орынды жаңа мектеп ашылады
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданы тұрғындарының балабақшалар мен мектептерде орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін шешу жолдарымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
6,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 6,5 мың мүгедектігі бар адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 2 мыңға жуық адам, уақытша жұмысқа – 4,5 мың адам орналастырылды, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Ақмолада "Жас маман" жобасы іске асырылуда
Облыс бойынша "Жас маман" жобасына іріктеліп алынған 5 оқу орнының бірі Шағалалы елді мекеніндегі жоғары агротехникалық колледжі, деп жазады Egemen.kz
Білім • 15 Маусым, 2020
Атырауда 3000-нан астам түлек диплом алады
Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz
Парламент • 15 Маусым, 2020
Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда Палатаның 18 маусымға жоспарланған кезекті отырысында қаралатын мәселелер пысықталды. Сенаторлар алдағы отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдайды және талқылайтын болды, дейді Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.