ат
Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2024
Ақсуат ауданына жаңа әкім тағайындалды
Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 12 Желтоқсан, 2024
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
11 желтоқсан күні Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов құрлық доданы қорытындылап, сайыс нәтижелеріне қатысты пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Желтоқсан, 2024
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Бухарестте өткен XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Білім додасында Қазақстан атынан сынға түскен 6 оқушы да жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Желтоқсан, 2024
Қылмыстық топтың тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сату әрекеті әшкереленді
ҚМА сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 11 Желтоқсан, 2024
Алматы облысы – инвестициялар мен халықаралық бизнес орталығы
Алматы облысы қарқынды дамып, экономика өсіміне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы инвестицияларды тартуды жалғастырып жатыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыс негізгі капиталға салынған инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша оң нәтижелер көрсетті.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2024
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының есеп беру конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Желтоқсан, 2024
Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Олжас Құрманбек Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 11 Желтоқсан, 2024
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Чиангмайда (Таиланд) ерлер арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Парламент • 11 Желтоқсан, 2024
Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері - депутат
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша Мәжіліс депутаты С.Мұсабаев бірінші оқылымда баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 11 Желтоқсан, 2024
Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Жоғары аудиторлық палата аграрлық салада 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғанын және пайдаланылғанын, сондай-ақ 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 11 Желтоқсан, 2024
Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2024
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылға арналған қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 11 Желтоқсан, 2024
Тоғыз қазақ боксшысы «алтын» үшін таласады
Бүгін, 11 желтоқсанда Чиангмайда (Таиланд) бокстан Азия чемпионатының соңғы күні өтеді. Қазақстан құрамасының тоғыз өкілі алтын медаль үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024
Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды
Еңбекшіқазақ аудандық соты Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың әкесін 15 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының сотына сілтеме жасап.
Өнер • 11 Желтоқсан, 2024
«Тамаша» театрына - 45 жыл: Республика сарайында мерейтойлық концерт өтті
Алматыда «Тамаша» әзіл-сықақ театрының 45 жылдығына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынды
Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері бүгін, 2024 жылғы 10 желтоқсанда 16 жастағы Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2024
Алматыда ер адам метро рельсіне құлап, көз жұмды
Алматыдағы «Абай» метро станциясында көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт рельске құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2024
Алматыда көлік салонынан мәйіт табылған
Мәйіт – жеке мектеп маңындағы көлік салонынан табылған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 10 Желтоқсан, 2024
Қазақстанда жаңа үйлердегі пәтер бағасы көтерілді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында жаңа үйлердегі пәтерлердің бағасы қазанмен салыстырғанда 0,4%-ға өскен. Алайда баға тек бірнеше қалада өзгерген. Көптеген өңірлерде жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Суицид • 09 Желтоқсан, 2024
Атырауда 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Атырауда 17 жастағы жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды. Оқиға 9 желтоқсанда Берғалиев көшесінің бойындағы көпірде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024
Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшеді
Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығын тексерді. Вице-премьер қабылданып жатқан шаралар туралы жауапты министрліктер мен өңір әкімдіктерінің есептерін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Желтоқсан, 2024
Елордада «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауы басталды
Астанада 2024 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған «Astana Piano Passion» II Республикалық жас пианистер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2024
X Азия-Тынық мұхиты ойындарында елордалық спортшылар жүлдегер атанды
Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында X Азия-Тынық мұхиты ойындары аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 09 Желтоқсан, 2024
Азия чемпионаты: финалда қазақстандық спортшылар кімдермен жұдырықтасады
10 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты аясында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024
«12 миллион теңге шығын»: Жетісу облысында алаяқ әйел 7 жылға сотталды
Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
Алматыда қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізушіге шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2024
ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды
Қалижан Жеңісбекұлы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2024
«Біз үшін кек ал». Шерзаттың ағасының соңғы жазбалары жарияланды
Шерзат Болаттың ағасының өлім алдындағы жазған соңғы хабарламалары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.