Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
421 материал табылды

Руханият • 18 Маусым, 2019

«Төле би» фильмі: бала биден дана биге дейін

Көптен күткен «Төле би» тарихи сериалы көрерменге жол тартты. Қазақтың төбе биі атанған тұлғаның бала биден дана би биігіне көтерілгенге дейінгі ғибратты ғұмыры жан-жақты сөз болатын 10 бөлімнен тұратын көркем туын­ды Түркістан облысының 1 жылдығына орай арнайы түсірілген.

Қазақстан • 17 Маусым, 2019

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Таңмен таласа оянып, жұмысқа асығып, күннің қабағы жұмылғанда ошақ басына оралуды қалыпты тірлікке айналдырған кез келгеніміз үшін қоғамдық тәртіпті сақтайтын сала қызметкерлерінің қалыпсыз тіршілік дағдысы таңсықтау әлем екені рас. Өйткені қараңғы түнмен бірге тыныштық құшағына енер қаланың бізге беймәлімдеу тұстарындағы түрлі тәртіп бұзушылықтардың алдын алып, тәулік бойы тыныштығымызды күзететін тәртіп сақшылары ол еңбегін дабыра-дабылсыз-ақ үнсіз атқарып үйренген.

Руханият • 04 Маусым, 2019

«Аладдин» рекордтық көрсеткішке ие болды

Тура бір апта бұрын ғана Disney өнімі – есімі әлемге белгілі кинорежиссер Гай Ричи түсірген «Аладдин» киномюзиклінің қазақ тілінде көрермен қауымға жол тартқанын айтып сүйіншілеп едік. Енді, міне, айтулы туындының отандық кинопрокатта апталық көрсеткіш бойынша көш бастағаны жайлы жеткен жағымды жаңалық және қуантып отыр.

Руханият • 03 Маусым, 2019

«Жас қанат» иесін тапты

Жүрегі музыка деп соққан жас өнерпаздар үшін жыл сайын асыға күтетін үлкен өнер оқиғасы бар. Ол – «Жас қанат»! Міне, осымен 28-ші мәрте шымылдық түріп, жиырма сегізінші жұлдызын анықтауға кіріскен байқау көзді ашып-жұмғанша мәресіне де жетіп үлгерді. Үш күн бойы жас таланттардың үміт толы жанары мен лүпіл қаққан жүрегінің дүрсіліне куә болған елордалық тыңдарман кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында «Жас қанат-2019» жас орындаушылардың XXVІІІ республикалық байқауының кезекті жеңімпазына қуана қошемет көрсетті.

Кино • 28 Мамыр, 2019

«Аладдин» қазақша сөйледі

Шығыс ертегілерін сүйіп оқитын оқырман үшін «Аладдин» ертегісіне деген қызығушылық бір сәт те бәсеңсіген емес. Әйгілі «Мың бір түн» жинағына енген айтулы хикаяның даңқы жылдар алға жылжыған сайын тіпті асқақтап, тек араб елінің емес, жаһанға ортақ жауһарға айналып үлгергені қашан!

Руханият • 27 Мамыр, 2019

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Кезінде қай­таланбас үнімен Париж халқын таңдай қақтырған Әміре Қашаубаев құбылысы араға тура ғасыр уақыт салып Димаштың дара дауысы, Ержанның ерек үні болып ортамызға қайта оралғандай.

Сұхбат • 24 Мамыр, 2019

Сәбит Құрманбеков: «Композитор» – достық туралы фильм

Өткен жұмада елорда төрінде қазақ-қытай бірлесіп түсір­ген «Композитор» атты ал­ғаш­­қы толықметражды көркем фильм­­нің тұсаукесері өт­ті.­ Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­­фильм» киностудиясы мен қы­тайлық «Shineworks Pictures» компаниясының ортақ жұмысы саналатын туын­ды­ қытайлық әйгілі композитор Сянь Синхайдың Кеңес Ода­ғында, оның ішінде Ал­матыға эва­куацияланған кезі мен қазақ­тың аймаңдай ұлы, композитор Бақытжан Байқадамовпен дос­тығынан сыр шертеді. Фильм­нің тең режиссері, белгілі қазақ­стан­дық кинорежиссер, суретші Сә­бит Құрманбековпен фильм ту­ра­­сында аз-кем әңгіме өрбіткен едік.

Руханият • 14 Мамыр, 2019

Ерлік туралы деректі фильм

Елордадағы Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Ауған со­ғысының аты аңызға айналған ар­дагері, арнайы мақсаттағы 177-жасақ командирі Борис Тө­кенұлы Керімбаев туралы деректі фильмнің премьерасы өтті.

Руханият • 30 Сәуір, 2019

«Богема» – нағыз махаббат дастаны

«Астана Опера» театрының жаңа маусымдағы шығармашылық ізденіс қарқыны шын мәнінде сүйсінтеді. Жыл басынан бастап бірнеше классикалық туындыны сахнаға шығарып, көрерменін қуанышқа кенелтіп үлгерген ұжымның тыңдарман үшін келесі тосын сыйы – Дж.Пуччинидің әйгілі «Богема» операсына ұласты.

Руханият • 25 Сәуір, 2019

Қырғыз әдебиеті қазақша сөйледі

Өзеннің қос сағасындай ежелден егіз жасасып келе жатқан қазақ-қырғыз әдебиетінің өміршең өнегесі кеше елорда төрінде өткен IV Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде жарқын жалғасын тапқандай. Халықаралық Түркі академиясының жетекшілігімен қазақ тілінде жарық көрген төрт бірдей қырғыз шығармасы соның айғағы.