Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
426 материал табылды

Руханият • 31 Наурыз, 2020

Құбылыс

Әнуар дегенде – ізденумен өткен ғұмыр-ай дегің келеді... Театр сыншысы Әшірбек Сығайдың жүрек түкпірінен ерекше толғаныспен шыққан осы бір сағыныш тұнған сөзі Әнуар әлеміне бойласақ деп қолға қалам алған біздің де ойымызға оралып, санамыздан көлбеңдеп өте берді... Өйткені, Әнуар Молдабеков нәпақасын өнерден тапсам, күнімді көріп, отбасымды асырасам деген көп орындаушының бірі емес еді. Ол – актер дейтін аяулы мамандықтың шын мәніндегі синониміндей әсер береді әр көңілге... 

Руханият • 31 Наурыз, 2020

«Астана Операдан» онлайн-терапия

Тұйық кеңістікте карантин уақытын өткізу – барша әлем жұртшылығы тап болған проблема. Психологтар онлайн-концерттер тамашалауға, челлендждер ұйымдастыруға, өзін-өзі дамытумен айналысуға кеңес береді. Өзге қазақстандық әртістермен қатар, «Астана Опера» театрының вокалистері классикалық өнерді сүйетін барша қауымға онлайн-терапияға шомуды ұсынады.

Руханият • 30 Наурыз, 2020

Айнұрдың әдемі әлемі

Айнұр-әлем әдемі. Жұмбақтығымен һәм даралығымен. Жан-жақтылығымен һәм жалқылығымен. Биік талғамымен һәм қарапайымдылығымен. Зиялылығымен һәм сұңғыла сырымен. Өрелі өнер үлгісімен һәм әдемі, әсерлі үнімен. Өзгеден ерек соқпағымен. Иә, Айнұр-әлем сан қырлы. Өйткені ол  – өткеннің өнегесін бойына сіңіріп, бүгінгінің бар жаңалығын жанына дарытқан нағыз актриса.

Руханият • 27 Наурыз, 2020

«Астана Операда» халықаралық театр күні онлайн тойланады

Жаппай карантин әлемнің түгел дерлік сахналық алаңдарының жоспарын өзгертті. Алайда, бұл адамдардың өнерге деген қызығушылығы тоқтады дегенді білдірмейді. Статистика көрсеткендей, интернет арқылы опера және балет классикасын тамашалау саны ондаған есеге артқан.

Өнер • 27 Наурыз, 2020

Біз де әртіс болғанбыз...

Театр – қызық әлем. Өнер қандай көркем болса, сахна сыртындағы сыр одан да әсерлі, шытырман. Театр өлкесінің ескірмейтін естелікке толы шымылдық сыртындағы сондай сан қырлы сырларының бір парасын кезінде Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белді әртісі болған, бүгінде елордалық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың өз аузынан халықаралық театр күні қарсаңында арнайы барып жазып алған едік. Қалың көрермен үшін жұмбаққа толы әлемнің біраз құпиясы тарқатылған естелік-сырласу сұхбаты газетіміздің оқырмандарын да бейжай қалдырмайды деп сенеміз.

Өнер • 26 Наурыз, 2020

Әйгілі «Ла Скала» театрының қойылымдарын енді онлайн тамашалауға болады  

Италияның аты аңызға айналған «Ла Скала» театры мен RaiPlay online-платформасының кәсіби серіктестігінің нәтижесі театрсүйер талғампаз қауым үшін үлкен өнер олжасына айналмақ.

Тарих • 22 Наурыз, 2020

Қыдыр ата: аңыз ба, әлде ақиқат па?

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша «21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен» деген сенім қалыптасқан. Жаңа жылға, жаңа күнге, жаңа таңға сәлем жасау, жаңа нұрға шомылып, жан мен тәнге қуат алу уақыты – осы наурыз айының 21-нен 22-не қараған түнді халық «Қызыр түні», яғни «ырыс түні» деп атаған. Бұл түні адамдар ұйықтамай, жаратқанға құлшылық жасап, ырыс пен береке, ынтымақ пен бірлік тілейді.

Руханият • 21 Наурыз, 2020

Ұлттық фильмдерді онлайн бірге тамашалайық!

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын үйде отырып тойлаудың да өзіндік пайдасы бар. Қазан толы көжені ыстық пештің үстінде бүлк-бүлк қайнатып қойып, ұлттық фильмдерді көруден асқан қандай рухани мереке болуы мүмкін!? Ендеше, мұндай тамаша демалыс күндерін бос жібермей, қазақ кинематографиясының алтын қорында сақталған ұлттық өнер жауһарларын бірге тамашалайық, құрметті киносүйер қауым!

Руханият • 20 Наурыз, 2020

«Наурыз-думан» әні қалай туды?

 «Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда». Осы бір рухты да салтанатты әннің Наурыз мейрамының бойтұмарына айналып үлгергені қашан. Әнмен бірге қазақтың жүрегі қатар соғып тұрғандай. Әннің бағы – Мұқағали Мақатаевтай ақиық ақынның кестелі сөзіне Талғат Сарыбаевтай кәсіби композитордың сырлы сазы үндесіп, оны Роза Рымбаевадай талантты әншінің орындауы. Міне, осы шығармашылық үштік одақ «Наурыз –думанға» ғаламат тағдыр сыйлады.

Кино • 20 Наурыз, 2020

Дүниені дүбірлеткен «Домбыра»

Наурыз айы ұлттық кинематографиямыз үшін табысты басталды.  Отандық жас режиссер Рамазан Қалиолланың қысқаметрлі «Домбыра» фильмі осы айда қос бірдей халықаралық фестивальға  жолдама алды.