Руханият • 26 Ақпан, 2026
«Астана Опера» театры қазақтың аңызға айналған баритоны, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған ауқымды концерттер легін бастады. Өнер ордасы әншінің рухына тағзым етіп, сахна саңлағының шығармашылық мұрасын жаңғыртуға бағытталған арнайы жобаны көрермен назарына ұсынды.
Көрме • 26 Ақпан, 2026
Алматыда кино өнерінің қос алыбына арналған тағылымды кеш өтті. Ұлттық орталық музейде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Меңтай киномузейі бірлесе ұйымдастырған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты мерейтойлық көрме ел руханиятындағы елеулі оқиғаға айналды.
Өнер • 24 Ақпан, 2026
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде алғаш рет сахналанды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өткен айтулы өнер оқиғасы әлемдік классиканың ана тілімізде жаңа тыныс алуының айқын көрінісі болды.
Тағзым • 17 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтті.
Өнер • 14 Ақпан, 2026
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында 14–15 ақпан күндері Оңтүстік Корея, Ресей мен Қазақстан театрларының бірлескен жобасы – «Париждегі екі әйел» драмасы көрерменін қуантады.
Жансарай • 06 Ақпан, 2026
Сахнадағы биік үн, өмірдегі қазақы болмыс. Дәл осы теңеу «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар ҒАБДУЛЛИНАНЫҢ табиғатын тап басып бейнелейді. Әншінің әдемі әлеміне бойлаған сайын бір-біріне қабыспайтын қайшылықты тал бойына тамаша үйлестіре білген талантына тәнті боласың. Ол үшін өнерде шекара жоқ, шексіздік бар. Сондықтан да Жұпар салған әннің сазы санаңа сілкініс, жаныңа тазару сыйлайды. Үні қандай сұлу болса, әңгімесі де дәл сондай әсерлі әнші газетіміздің оқырмандарына жансарайын ашты.
Театр • 04 Ақпан, 2026
Заманауи технология театрға да жетті
Цифрландыру дәуірі өмірдің барлық саласына дендеп еніп келеді. Бұл үдеріс дәстүрлі өнер ордалары – театр сахнасын да айналып өткен жоқ. Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы осы өзгерістердің жүйелі әрі мақсатты түрде жүзеге асып жатқанын айқын аңғартады.
Өнер • 03 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында фортепиано музыкасының кеші өтті. Кешті аталған ұйымның Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі ұйымдастырып, көрерменге әлемдік классикалық музыканың үздік үлгілерін ұсынды.
Өнер • 29 Қаңтар, 2026
Биыл 5 ақпанда Қытайдың беделді «Hunan TV» телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан халықаралық музыкалық жоба – «Voice Beyond Horizon» бағдарламасының ресми премьерасы өтеді.
Тағзым • 28 Қаңтар, 2026
Алматы төрінде қазақ ұлттық кәсіби музыкасының негізін қалаған тұлға, композитор, дирижер әрі ғалым Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» атты тағылымды концерт өтті. Мерейтойлық кешті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырып, көрерменді ұлттық өнердің терең тамырына жетеледі.