Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
276 материал табылды

Руханият • 09 Шілде, 2019

Музыка индустриясындағы жаңа белес

Бүгінде заманауи музыка нарығы ең ықпалды әрі табысты салалардың біріне айналды. Еуразия құрлығының музыка нарығының экспорты мен world music жанрындағы іскерлік белсенділікті дамыту мақсатында музыканттар, продюсерлер мен халықаралық музыка фестивальдарының директорлары елорда төрінде бас қосты.

Руханият • 05 Шілде, 2019

Болмысы бөлек «Бекзат»

Жасындай жарқ ете қалған санаулы ғұмырында халық жүрегінен терең орын алған боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов жайлы «Хабар» агенттігі түсірген фильмнің тұсаукесері өтті. Бекзаттың өнегелі ғұмырын арқау еткен көркем туынды идеясымен, мазмұнды сюжетімен көңіл қуантты.

Руханият • 05 Шілде, 2019

Кенен әндерін қалықтатты

Жетісудың әншілік-жыршылық мектебінің жарқын өкілі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков елордалық тыңдарманға «Шырқа, даусым» атты тамаша жыр кешін тарту етті. Өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресіндей болған әйгілі композитор Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына арналған кеште ақынның эпикалық дәстүрге құрылған толғау-дастандары әуелете шырқалды.

Руханият • 04 Шілде, 2019

Жас өнерпаздар топ жарды

Елордада «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай өтіп жатқан «Қасиетті домбыра» республикалық байқауы мәреге жетті. Салтанатты марапаттау кешінің соңы гала-концертке ұласып, жеңімпаз ұландар өнерін ортаға салды.

Руханият • 02 Шілде, 2019

Чемпион туралы көркем фильм

«Хабар» агенттігі бас­шы­­­лығымен Сидней Олим­­пиадасының чем­пио­­­ны Бекзат Сат­та­р­ха­новтың өмірі мен спорт­тағы жетістігі туралы био­­графиялық көр­кем фильм түсірілді. Туын­ды­ның режиссері – Мұрат Бидосов, ал басты рөлді Самат Әзімқұлов сомдады.

Руханият • 02 Шілде, 2019

«Менің атым Қожа» – мәңгілік классика

Ұлттық кинематографияның классикасына айналған «Менің атым Қожа» картинасының экраннан түспей келе жатқанына 60 жылға таяды. Қазақстанның ең үздік балалар фильмі тұңғыш рет ағылшын тіліне дубляж жасалып, Ромфорд халықаралық және тәуелсіз кинофестивалінің аясында арнайы марапатқа ие болды.

Қазақстан • 01 Шілде, 2019

Түркілер өнері елорда төрінде

Көп ғасырлық ортақ тарихы бауырлас түркі жұрты IV халықаралық этнофестиваль «Kóshpendiler álemi» аясында бас қосты. 28-30 мау­сым аралығында өткен кезекті жиынға 10 мемлекеттен 180-нен астам қатысушы атсалысты.

Әлем • 26 Маусым, 2019

«Әкені» сатып алуға болады

Тап қазір 25 «отбасы», 35 «баласы» бар әке туралы ай­тсам не дер екенсіз?! Жа­по­нияда. Жалғыздықпен күресудің, әлде құтылудың соны тәсілі тарап жат­қан көрінеді.

Қазақстан • 26 Маусым, 2019

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Алматыдағы Қазақстан-Британ техни­калық университетінде медиа, мәдениет, технология және бизнес саласындағы инновациялық идеялардың халықаралық фестивалі өтті. Үш күндік бағдарламада жергілікті инно­вациялардың жаһандық маңызы, медиа нарықтың құбылуы, арт жобаларды дамыту сынды ауқымды әрі қызықты тақырыптар қозғалды.

Кино • 19 Маусым, 2019

«Ойыншықтар хикаясы 4» көрерменге жол тартады

«Аладдин» ертегісін қызықтап бола бергенімізде, «Болашақ» корпоративтік қоры кішкентай көрермендерді қуантатын тағы бір жаңалығымен сүйіншілеп отыр. 20 маусым күні талайды таңғалдырған «Ойыншықтар хикая­сы 4» анимациялық фильмінің жалпы тұсаукесері өтпек. Бұл – «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған отызыншы фильм.