
• 25 Қаңтар, 2019
Экономикалық дипломатияның нәтижесі
Қарағанды облысының өнеркәсіптік орталығы – Саран қаласында, Орталық Азиядағы ең ірі қуаты 100 МВт бар «SES Saran» күн электр стансасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
• 25 Қаңтар, 2019
Биыл қазақ руханияты үшін атаулы оқиғаларға толы жыл. Сондай елеулі датаның бірі – Қазақстанның халық ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы.
• 25 Қаңтар, 2019
Музыка адамның ойы мен сезімін байытуы тиіс
Қазақ ұлттық музыка өнері туралы өз еңбегінде А.Эйгхорн: «Бірде көк жайылымда асыр салып, ойнақтаған құлын секілді шат-жарқын бейқам баладай, бірде еркін, өмірге құштар көкте қалықтаған өр қырандай қазақ әндерін тұлымшағы желбіреген жас жеткіншектен, шолпысы сылдыраған бұрымды қызға, аяулы анаға, кішкентай айдарлы баладан еңкейген қарияға дейін нақышына келтіріп орындайды. Бұл дегеніңіз – халықтың баға жетпес мұрасы мен мызғымайтын игілігі, халықтың өзіндік бет-бейнесі» деп баға берді. Бұл ойды ғалым ауыз әдебиетінің бай мұрасы сияқты тұрмыс-салт, еңбек, бесік жыры әндерінен әсерленіп тебірене жазғаны байқалып тұрады. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың шырқалуы, жарапазан тәрізді сан түрлі сарындағы далалық туындылар сөзіне қоса әуез-әуенсіз болмағаны тағы аян. Демек ұлттық музыканың ежелден ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі орасан зор екені бұлжымас ақиқат. Солай бола тұра көкөрім жеткіншекті қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы имандылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеп баулуда, ата-бабаларымыз көз қарашығындай сақтаған байырғы сол дәстүрді жалғастыруда екіұдай пікірдің алдымыздан шығып қалып жататыны терең ойға шомдырады. Төменде Астанадағы Мемлекеттік академиялық филармонияның дирижері, күйші, композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұрлан БЕКЕНОВ өткен мен бүгіннің сабақтарын салыстыра отырып, ұлттық музыка өнерінің сан-сапат мәселелері туралы ой қозғайды.
• 25 Қаңтар, 2019
Дүниежүзілік сауда ұйымы уақыт сынағына төтеп бере ала ма?
2020 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу үдерісі елдің банк жүйесіне әсері мол соңғы кезеңіне аяқ басуы тиіс. Өйткені дәл сол жылы еліміз шетелдік банктердің аумағына кіріп, өз бөлімшелерін ашуларына рұқсат беретін болады. Сарапшылардың болжамынша, бұл жағдай қымбат несиелерден зардап шегіп келе жатқан қарапайым халық үшін пайдалы. Шетелдік банктер елімізге кіріп, өз қызметтерін бастаған жағдайда пайыздық үстемесі төмен арзан несиелер бере бастайды деп күтілуде.
• 24 Қаңтар, 2019
Ольга Довгун Токио олимпиадасы қарсаңындағы басты міндеттерді атады
Нысана көздеуден Қазақстан ұлттық құрамасы жыл басынан бері Алматы облысында жаттығу жиынын өткізуде. Бағанашылдағы жиында мергендер жалпы физикалық дайындықты реттеуге көңіл бөлген болатын. Команданың бас бапкері, тәжірибелі спортшы әрі Олимпиада ойындарына қатысушы Ольга Довгун Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, Токио қарсаңында қандай міндеттер күтіп тұрғанын айтты.
• 24 Қаңтар, 2019
Өткен тәулікте елордадан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды
23 қаңтарда қаланы қардан тазарту жұмыстарына 316 адам шықты. Бұл туралы Астана қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
• 24 Қаңтар, 2019
Қостанайда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы чемпионат басталды
Қостанайда ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды. Чемпионат 28 қаңтарға дейін жалғасады деп жазады Olympic.kz.
• 24 Қаңтар, 2019
Валерия Тюленова шаңғыдан жастар арасындағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді
Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық шаңғышы Валерия Тюленова 5-ші орын иеленді. Ол еркін әдіспен 10 шақырымдық жарыста жүлдеге біртабан жақындаған болатын. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Тюленова жүлдегерлер үштігіне енуге барлық мүмкіндік болғанын айтады.
• 24 Қаңтар, 2019
Қазақстандық нояндар Дохадағы Гран-при турниріне аттанды
Катар астанасы Дохада семсерлесуден Гран-при турнирі басталды. 23-28 қаңтар аралығында өтетін бәсекеден Қазақстан құрамасы да тыс қалмайды.
• 24 Қаңтар, 2019
Дэвис кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Дэвис кубогі әлемдік лигасының бірінші айналымы аясында кездесетін Қазақстан мен Португалия командаларының құрамы анықталды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев мәлімдеді.