Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90792 материал табылды

Қоғам • 14 Мамыр, 2010

Елімізге тартуымыз – Елбасына тартуымыз

Бүгінде бүкіл әлемді дағдарыс буып тұр. Әуелде АҚШ-тағы ипотека нарығынан бастау алған бұл құбылыс жер-жаһанды жайлағалы да екі-үш жылдың жүзі болды. Дүние дидарында өнім өндіру көлемі жаппай кеміді. Қаншама жылдан бері даму деңгейімен адамзатты таңдандырып келе жатқан Қытайдай ұлы елдің өзі де бұрынғы жыл сайын 9-10 пайыздан өсіп отыратын қарқынынан айырылып қалды. Өйткені, қай елдің экономикасы да қазіргі таңда барша планетамен байланысып жатыр.