• 01 Ақпан, 2019
«Қазақ даласына бір зобалаңнан соң бір зобалаң тап болып, айрықша қысастықтан көз аша алмаған қытымыр заманда дүниеге келіп, көз ашқан осы бір ұрпақ қандай қайсар еді?! Аштықтың орнын арманмен, жоқтықтың орнын таудай талаппен, жетімдіктің орнын жасымас жігермен толтырып, ошақтың орнындағы сояудай айбынын жықпай, айылын жимай андыздап өсе берген. Өрт жіберсең де, желегін жалынға күйдіргенмен, өзегіне от дарытпай, қайтадан өніп, қайтадан өрбіген, алшындай азуға іліксе де, ажалға бой алдырмаған. Соның арқасында оталған орман қайта көгеріп, қуарған тақыр қайта құлпырған. Өздері туғанда өртеңге шалдыққан айтулы ұрпақтың орнын басып, ізін жалғастырып, тұяқтың орнына тұяқ болып қосылып, толымды өтеу бола алған. Абыройлы ұрпақ. Өз бақытын өзі сомдаған жасампаз ұрпақ. Ұлттық намысымыздың жығылмас туындай тәкаппар ұрпақ».
• 01 Ақпан, 2019
Титан өндірісіндегі тың жаңалық жаңа бағытқа жол ашады
Ғалымдар үйінде тұсауы кесілген тың жаңалықты мамандар отандық ғылымдағы соны жетістік деп бағалап отыр. «Титанның қышқыл су ерітінділеріндегі постэлектролиздік химиялық еру құбылысы» ғылыми жаңалығы осы уақытқа дейін беймәлім болып келген.
• 01 Ақпан, 2019
Қарулы Күштерде құқық бұзушылықтар азайды
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Қарулы Күштерінің өткен жылғы жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров әскердегі құқық бұзушылықтардың 9 пайызға төмендегенін мәлімдеді.
• 01 Ақпан, 2019
«ҚазТрансГаз» елдің қолын ұзартып отыр
Мемлекет басшысы ірі стратегиялық маңызы бар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбыры жобасын іске асыруға пәрмен бергелі жел өтінде әбігерге түсіп отырған шалғайдағы жұрттың жағдайы оңала бастады. Ұзындығы 1475 шақырым болатын газ құбыры Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарынан өтетіндіктен мұндағы елдің алабөтен қуанышын көз алдыңызға елестете беріңіз. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба бойынша бүгінде облыс халқының 64 пайызы, Қызылорда қаласының 95 пайызының табиғи газға толығымен қолы жетті.
• 01 Ақпан, 2019
Қоғамның тең мүшесі болғымыз келеді...
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына бүгінде мемлекет тарапынан едәуір көңіл бөлініп келеді. Елбасы әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстанда кедергісіз орта құру керектігін айтады. Дей тұрғанмен, кейбір мәселенің көлеңкелі жақтары да жоқ емес.
• 01 Ақпан, 2019
Халықаралық құжаттар қабылданды
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің халықаралық ұйымдармен өзара байланысына қатысты төрт заң жобасы қабылданды.
• 01 Ақпан, 2019
Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» трилогиясының тұсаукесері өтті. Кітап Атырау облысының қолдауымен жарыққа шыққан. Жиынға Төлен Әбдік, Қойшығұл Жылқышиев, Сауытбек Абдрахманов, Алтыншаш Жағанова, Ғарифолла Есім, Қуаныш Жиенбай, Серік Негимов сияқты белгілі жазушылар мен журналистер қатысты.
• 01 Ақпан, 2019
Талқыланған жоба – табанды еңбек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде тұжырымдамасы қоғамда қызу талқыланып жатқан «Педагог мәртебесі туралы» заң жайлы «Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс құжат болуы керек», деп мұғалім үшін маңызды құжатқа бүкіл ел болып мән беру керектігін айтқан болатын.
• 01 Ақпан, 2019
• 01 Ақпан, 2019