Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61172 материал табылды

Ауа райы • 06 Қаңтар, 2010

ҚАҢТАРДАҒЫ АЯЗ БЕН ЖАҢБЫР

Қысқы шілдеде Қостанайдың ауа райы құбылып берсін. Өңірде қыс биыл да кеш түс­кен. Қарды қостанайлықтар жел­тоқ­санның ортасы ауа көрді. Қар­мен бірге аяз келді, сынап баға­на­сы 40-қа дейін төмен түсіп кет­кен­де жұрт таби­ғат­тың тамаша құбы­лысын қызық­тады – таяқ тастам жер көрінбес ақ тұман тұрып ал­ған.

Елбасы • 01 Қаңтар, 2010

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқын жаңа 2010 жылмен құттықтауы

Құрметті отандастар! Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2010 жылға қадам басамыз.

Елбасы • 01 Қаңтар, 2010

ЖАУАПТЫ МИССИЯ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың сара басшылығымен де­мо­кратия­лық құндылықтарды құрметтеу, ашық қо­ғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бос­тан­ды­ғын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету са­ла­ларында ауыз толтырып айтарлықтай табыс­тарға жетті.

Пікір • 01 Қаңтар, 2010

ЕЛ ІРГЕСІ АМАН БОЛСЫН!

Еркеғали РАХМАДИЕВ, КСРО халық әртісі, композитор. Мен бір замандары қазақтың атақты абыз ұлдары Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Шәкен және басқа да асыл ағаларыма қызыға қарайтынмын. Олардың дастар­қан басында берген батасын ұйып тыңдайтынмын.

Егемен Қазақстан • 01 Қаңтар, 2010

160 412!

БҰЛ – БАРШАМЫЗДЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БИІГІМІЗ Жылда осы. Газеттің бірінші бетіне Президенттің Жаңа жылдық құттықтауы да, Елбасының фотосы да салынып үлгергенде де, жылдың соңғы күнінде көп оқиға, жиын-жиналыс бола қоймайтындықтан басқа беттер де жасалып қалғанда да, нөмірдің осы бір тұсы толмай тұрады. Толмай тұратыны – “Егемен Қазақстан” басылатын баспаханалардан алынатын ең соңғы мәліметтер болмай тұрады.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2010

ЖЕҢІС

Ел өміріндегі елеулі оқиға­лардың бірінен саналатын әр жаңа жылдың өзіндік атаулы күн­­дері, мерейлі мерекелері бо­лады. 2010 жылдың сондай мәр­те­белі мерекесі Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 65 жылдығы дер едік.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2010

ЖОҒАРЫ ШЫҚ, 2010, АДАМЗАТТЫҢ ТӨРІНЕ!

Сиыр жылы сүтті һәм құтты жыл болды ма? Бұл, енді әркімнің патша көңілі пайымдайтын сұрақ. Мақтайтын да, даттайтын да адамдардың табылары айдан анық. Алайда олардың өзі де елдік тұрғыдан таразыланар ақиқатпен астаса бермесі анық.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2010

Жылдың жылы сөзі

СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСА БЕРЕДІ Жаңа жыл облыстағы Май, Железинка аудандары мен Ақсу қаласы тұрғындары үшін қуанышты көңілмен басталды. Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағ­дарламасы бойынша осы аудан ор­талықтары Көктөбе мен Железин­када, өндірісті Ақсу қаласында жар­қы­раған жаңа ауруханалар пайдала­нуға берілді.

Оқиға • 01 Қаңтар, 2010

МОНА ЛИЗА

Жазушы Әлібек Асқаровқа арнаймын: Қабырғасына ұлы­лардың үні ұя сап қалған Ла Скаланың алдында тұрдым. Әйгілі театрды әлемнің әр қиы­рынан табан тоз­дырып жеткен жұрт қоймай қызықтайды. Әр тасына тамсанады.

Басылым • 01 Қаңтар, 2010

“Казахстанская правда” – 90

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ БАЙЫРҒЫ БАСЫЛЫМЫ: Дүбірлі дәуіріміздің ірілі-ұсақты оқиғалары зымыран Уақыт таразысына тартылып, елеп-екшеле келе, тарих тәбәрігіне айналады емес пе. Егемен еліміздің байырғы басылымдарының бірі –“Казахстанская правданың” бастауында тұрған “Известия Киргизского края” газетінің сарғайған нөмірлерін қолыма алғанда ерекше бір күйге бөленемін. Аумалы-төкпелі төңкерістен кейін іле-шала азамат соғысына ұласқан сұрапыл жылдарда жалын жұтып, от шайнаған жаңа заман жаршылары – газет кейіпкерлерімен емен-жарқын әңгімелесіп, сұхбат құрғандай боламын. Қорғасын әріптермен өрілген көмескі жолдарда Замана шежіресі хатқа түсірілген. Бұл шежіреге де, міне, тоқсан жыл толып отыр.