
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2010
Немесе облыста көш бастаған аудан туралы бірер сөз. Облыс орталығынан 350 шақырым қашықтықта жатқан Катонқарағай ауданы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің рейтингісі бойынша ауылдық аудандар арасында ойып тұрып бірінші орынды жеңіп алды. Жалпы, Кенді Алтайда рейтингілерді анықтау арқылы жарыс жеңімпаздарын белгілеу жақсы дәстүрге айналған.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2010
Премьер Министр Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды
Саясат • 11 Қаңтар, 2010
ҰЙЫМНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ – САЯСИ ҮНҚАТЫСУ
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылғанына биылғы жылдың 1 тамызында 35 жыл толады. Дәл сол күні, яғни 1975 жылдың 1 тамызында Еуропадағы 33 елдің және АҚШ пен Канада мемлекеттерінің басшылары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің (ЕҚЫҰ 1994 жылдың 31 желтоқсанына дейін осылай аталған) құрылғанын паш ететін Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойды.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2010
АЯЗ БЕТ ҚАРАТПАЙ ТҰР. Жыл ауысар шақтағы оңтүстікте 10 градусқа дейін жылы болып, соның өзі көктем келіп қалғандай әсер еткені бар еді.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2010
Қазіргі теледидар мен кино табыстарына тоқмейілсіп, кітап тиражын шөмейтуге салынып, кітап оқушылар санын жылдан-жылға шұнтитып келе жатқанымызды да анықтап, саралайтын кез жетті.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2010
Қазақ тарихының әр ғасырында халқымыздың батырлығының үлгісіне айналған тұлғалар болған. Сондай асылдарды тілге тиек етер болсақ, XX ғасырда Баукеңнің – Бауыржан Момышұлының шоқтығы әрдайым оқшауланып тұрады. Баукең – аңызға айналған тұлға. Баукең – ел жүрегінен мәңгілік қоныс тапқан батыр. Қытай қазақтары бейкүнә балаға бата-тілек жасарда Бауыржандай батыр бол, Байшегірдей ақын бол, дейді екен.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2010
Қалдыбай Монтахаев — Орталық Азияда КСРО Халық сәулетшісі атағын алған жалғыз маман. Сөз – кірпіш, жақсы сөйлем – композиция (үйлесімділік). Ал жеке оқиға (эпизод) – “ғимарат”, кітап тараулары – “көшелер”, роман – “қала” деп айтсақ, сәулет өнерінің әсем айшықтары мен мақсат-мұратын біршама көз алдымызға келтіруге болады.
Сұхбат • 11 Қаңтар, 2010
Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламановпен әңгіме – Бақытжан Төлежанұлы, сіз әкім болып келген уақыт Елбасының тапсырмасымен басталған “Жол картасы” бағдарламасына дәл келді.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2010
Мақсат бір болса, ұтарымыз көп. Жақында Діни істер комитетінің ұйымдастыруымен “Қазақстандағы дәстүрлі діни конфессиялардың (ислам, православие, католицизм және иудаизм), Діндер мен мәдениеттер орталығының өкілдерінен, сондай-ақ журналистерден тұрған делегация Түрік Республикасына тәжірибе алмасу мақсатында іссапармен барып қайтты.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2010
Қуану мен мұңаю! Жан-жақты салмақтап, саралап, терең бойлап, әрлі-берлі байқап қараған кісіге осы екі ауыз сөз адам өмірінің телегей теңіз сырын мағлұм ете алады.