Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік күні елордада 55 сәби өмірге келді

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін 0.00-.16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Басылым басшылары • 17 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Ғаббас ТОҒЖАНОВ (08.1925 – 05.1932)

Ғ.Тоғжанов қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы Жарқын ауылында Сәдуақас бидiң отбасында дүниеге келген.

Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Ораз ИСАЕВ (07.1926-08.1926)

Ораз Жанұзақұлы бұрынғы Орал облысының Iлбiшiн уезiне қарасты Қарасу болысында дүниеге келген. Сол  жердегi орыс-қазақ мектебiнде оқып, хат таныған. Еңбек жолын 1916 жылы ауыл әкiмшiлiгiнде хатшы болып бастайды. 1917 жылы Шалқар болысында земство басқармасының хатшысы және уездiк милиция хатшысы болып iстейдi.

Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Ораз ЖАНДОСОВ (06.1924-07.1926)

Ораз Қиқымұлы – Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының перзентi. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын тәмамдаған. Қазақстанда кеңестiк билiк орнағаннан кейiн Жетiсудағы ұлт iстерi жөнiндегi  облыстық бөлiмдi басқарды. 1919-1921 жылдары Түркiстан КП мұсылман коммунистерi секциясы облыстық бюросының төрағасы болды. Жетiсу облыстық революциялық әскери комитетiн және облыстық “Қосшы” одағын басқарды.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Президентінің атына еліміздің Тәуелсіздік күніне орай жолданған құттықтау жеделхаттар келіп түсуде

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет елдердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019

Елордаға қыс келгенде (фоторепортаж)

Табиғаттың қай мезгілін алсаңыз да өзіне тән сұлулығы ерекше атмосфера сыйлайды. Ал біз оқырмандар назарына қыз келбетін көрсетіп, әдемі суреттермен бөліспекпіз.

Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Тұрар РЫСҚҰЛОВ (04.1926-06.1926)

Верный уезiне қарасты Шығыс Талғар болысының (қазiргi Алматы облысы) түлегi. Әкесi Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкiметiнiң зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшiн он жыл каторгалық жұмысқа кесiлiп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесiнiң  қасында болады.

Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Молдағали ЖОЛДЫБАЕВ (04.1924 – 12.1924)

Батыс Қазақстан (бұрынғы Орал) облысының Iлбiшiн уезiне қарасты Қурайлы болысында өмiрге келген.

Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Сәкен СЕЙФУЛЛИН (1922-04.1924)

С.Сейфуллин бұрынғы Ақмола уезiне қарасты Нiлдi болысында (қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының бiрiншi ауылы) өмiрге келген. Әкесi Сейфолланың үй шаруашылығы жүдеу-жадаулы, бiрде аш, бiрде тоқ отыратын халде болған. Сәкен әуелi ауылда Ағаш аяқ атты молдадан хат танып, 1905 жылы Нiлдi (Успенский) мыс қорыту зауытындағы орыс-қазақ мектебiне түседi. Мұнан кейiн Ақмоладағы приходская мектебiнде екi жыл, қалалық училищеде үш жыл оқиды.

Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Бейiмбет МАЙЛИН (1922)

Б.Майлин қазiргi Қостанай облысының Таран ауданында туған. Бiр жасқа толмай жатып әкесiнен, алтыға шығарда шешесiнен айрылған. Жетiмдiк зардабын шегiп, байларға жалданады. Ауыл молдасынан оқып, сауатын ашады.