Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2017
Ембінің үздік қызметкерлеріне автокөлік табысталды
8 қыркүйекте «Ембімұнайгаз» АҚ орталық кеңсесінде компанияның үздік қызметкерлерін марапаттау салтанаты өтті. Оның алдында, 7 қыркүйек күні «Қайнармұнайгаз» МГӨБ базасында өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі жұмысшыларға арналған қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2017
Өңіраралық ынтымақтастыққа оң серпін
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қытайдың Наньнин қаласында өтіп жатқан ЭКСПО «Қытай-АСЕАН» көрмесі шеңберінде Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастықтың I форумына қатысып, сөз сөйледі. Форум жұмысына, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжан Гаоли де қатысуда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Парламент • 12 Қыркүйек, 2017
Бұрынғы депутаттарға құрмет көрсетілді
Қазақстан Президентінің Жарлығымен биылғы тамызда өкілеттігі тоқтатылған депутаттар Мұхтар Алтынбаев, Икрам Адырбеков, Нұртай Әбіқаев, Людмила Полторабатькоға Парламент Сенатының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Президент • 10 Қыркүйек, 2017
Елбасы ИЫҰ саммитінің пленарлық отырысына қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің пленарлық отырысына қатысты. Бұл туралы akorda.kz xабарлады.
• 09 Қыркүйек, 2017
Б.Сағынтаев пен Индонезияның вице-президенті ислам банкингіне қатысты мәселелерді талқылады
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индонезияның Вице-президенті Юсуф Калламен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
• 09 Қыркүйек, 2017
Қазақ пен түріктің арасында ағайыншылықтан басқа мәселе жоқ - Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады. Ресми шарадан кейін президенттер екіжақты кездесу өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
• 08 Қыркүйек, 2017
Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды
Осы аптаның басында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстан астанасы Бішкекте екі күндік ресми сапармен болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасына қарағанда, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің кездесуінде екі елдің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған құжаттарға қол қойылған.
• 07 Қыркүйек, 2017
Мемлекеттік бағдарламалар ойдағыдай орындалуда
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс бабымен Маңғыстау облысына барып, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуын тексерді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Мемлекеттік қолдау агроөнеркәсіпті аяғынан тұрғызды
Қазір екі қолын алдына салып жұмыссыз жүрген жастар көп. Сылтау бар. Жұмыс табылса тау қопарардай кейіп танытқанымен, аспаннан алтын жауатындай әлденені күтіп жүреді. Кінәні өзінен емес мемлекеттен көргісі келе ме қалай...
Футбол • 06 Қыркүйек, 2017
Жеңіле-жеңіле жанкүйерден де ұят болды
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз өтіп жатыр. Жеңілістен көз ашпаған біздің елдің футболшылары өз тобында көш соңында келеді. Бұрнағы күні Польша құрамасымен күш сынасқан Қазақ елінің командасы тағы да ірі есеппен жеңіліп қалды.