Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61155 материал табылды

Тәрбие • 29 Қыркүйек, 2017

Балдырғандарға барлық жағдай жасалсын

Балаларға қатысты айтқанда проблеманың үл­кен, кішісі болмайды, бәрін де уақтылы шешіп отыру үлкендердің міндеті.

Футбол • 29 Қыркүйек, 2017

Еуропа лигасы: «Астана» чехиялық «Славиямен» тең түсті

Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші турында елордалық «Астана» өз алаңында чехиялық «Славиямен» ойнап, тең нәтижеге қол жеткізді. 

Жастар • 28 Қыркүйек, 2017

Жастарды жаңа белестерге бастайды

Салиқалы саясатының ар­қа­сында Қазақстанды өркениет өріне сүйреген Прези­ден­тіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық мақаласында ай­тылғандай, қазақ тілін біртін­деп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары басталып кеткені бел­гілі. Ендігі жерде ел-жұрты­мыз осынау бастамаға барынша қолдау білдіретіндігіне сені­міміз мол. 

28 Қыркүйек, 2017

Рухани тәуелсіздікке апаратын жол

Латын әліпбиіне көшу бастамасына еліміздегі қорық-музейлердің ұжымы да үн қосуда. Атап айтарлығы, олар латын әліпбиін таңдау рухани тәуелсіздікке апаратын жол екенін бірауыздан мәлімдеді.  

28 Қыркүйек, 2017

Сот жүйесіндегі оң тәжірибе таныстырылды

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум жұмысына қатысты.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017

Асфендиар сұлтанның зираты қоршалды

Асфендиар сұлтан – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың шөбересі, Айшуақ ханның немересі, Кіші жүз Жетірудағы табын руын бас­­қарған, дистанция бастығы бол­ған белгілі тұлға. Оның ұлдары – Мұхаммед Мағзұм Неплюев кадет корпусын, Сейітжаппар Орынбор қаласындағы қазақ сұлтандарының балаларын орыс сауатына үйрету үшін арнайы ұйымдастырылған мектепті бі­тірген. Ал Сейітжаппардың ұлы Санжар Асфендиаровтың қазіргі Қазақстанның жоғары білім саласын, тарих ғылымын, білікті меди­цина қызметкерлерін даярлау жүйесін қалыптастырудағы ұшан-теңіз еңбегін көпшілік жақсы біледі. 

28 Қыркүйек, 2017

Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі дыбысталады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Google Translate жүйесінде қазақ тілінде ауызша аударма жасауға мүмкіндік беретін Voice-to-Text қызметі таныстырылды. 

Руханият • 28 Қыркүйек, 2017

«Мәзһабтар тарихы» көзқарасын өзгертті

Соңғы кезде Ақтөбе аймағында өз­ге теріс діни ағымның жетегінде ада­сып жүргендер саны азайып келеді. Біз төменде осындай жа­ғымды жайттың бірі жөнінде аз-­кем әңгіме қозғағанды жөн көр­дік. Бұл жөнінде газет тілшісіне Ақ­төбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті баспасөз қызметінің жетекшісі Индира Ізбасханқызы айтып берді. 

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017

Аллеядағы әңгіменемесе қазақтың қайсар қаламгері

Ұлт руханиятының қаранар абызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Казақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза қазақтың көркем әдебиетіне ғана олжа салып қойған жоқ. Оның қаламгерлігі қайраткерлікке ұласты, оның көкірегінде қоғамдық ойдың қорытпалары балқыды. Шерағаң жаңа тұрпатты, еркін тынысты тәуелсіз қазақ баспасөзінің бастауында тұрды. Өзінің айналасында Шерағаң шекпенінен шыққандардың тамаша журналистік мектебін қалыптастырды. Редакторлардың редакторы атанды. Отанымыздың бас газетінің егемендігімізге сай жаңа атауын дүниеге келтірді. Ел газеті «Егеменде» Шерхан Мұртаза үрдісі, Шерағаң дәстүрі дәуір жалауындай желбірей жалғасып келеді. Ұрпақ сабақтастығы деген осы. 

Медицина • 28 Қыркүйек, 2017

Медициналық сақтандыру: оның тиімділігі неде?

Дүниежүзілік банк жүргізген зерт­теу­лерді зерделесек, Қазақ­стан аза­мат­тарының түрлі ме­ди­­ци­на­лы­қ қызметтер үшін қал­та­сынан шыға­ратын қара­жаты­ның көлемі 38 па­йыз­дан асып жығылады екен. Ал Эко­­но­микалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ел­дерін­­де бұл көрсеткіш 20 па­йыз­­­ға да жетпейді. Бүгінгі таңда ЭЫДҰ-ға мүше 35 елдің 19-ы ме­ди­­ци­на­лық сақтандыру жүйе­сін қол­да­на­ды. Олардың дені мем­ле­кет бақы­лауындағы медици­на­лық сақ­тан­дыру жүйесін басшы­лық­­қа ал­ған. Жалпы денсау­лық са­л­асы­на қай елдің бөлетін қара­жа­тын қара­са­ңыз да айдарынан жел ес­кен мем­лекетті көруіңіз екіталай. ІЖӨ-нің 8-15 пайы­зын ден­сау­лыққа жұм­сай­тын алпауыт АҚШ-тың өзін­де 40,4 млн адам қа­ра­пайым медици­налық көмекке зәру.