
• 04 Наурыз, 2018
4 наурызға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 4 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
• 03 Наурыз, 2018
VII қысқы универсиаданың алғашқы жеңімпазы анықталды
Бүгін Павлодар қаласында өтіп жатқан VII қысқы Универсиададан алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Кереку жерінде жалауын желбіреткен ең тартысты бәсеке – президенттік көпсайыста 101 қатысушы бақ сынады.
• 03 Наурыз, 2018
Мемлекеттік хатшы «Reforms in Kazakhstan» атты кітаптың таныстырылымына қатысты
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Reforms in Kazakhstan: An analytical View» атты кітаптың таныстырылымына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бағдарламалар • 03 Наурыз, 2018
Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин облысқа жұмыс сапармен келіп, күзгесалым Ресей және Қазақстан Президенттерінің қатысуымен өтетін шекаралық аймақтағы халықаралық форумға дайындық барысымен танысты.
• 03 Наурыз, 2018
3 наурызға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 3 наурыз күні батыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және еліміздің солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерге қар жауып, бірқатар аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің солтүстігінде боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Әдебиет • 02 Наурыз, 2018
• 01 Наурыз, 2018
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) өткен жылдардағы атқарған қызметі мен болашақта іске асыратын жоба-жоспарын көпшілікке таныстыру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.
Қоғам • 01 Наурыз, 2018
Публицист, сатирик Үмбетбай Уайдин өмірден озды
Бүгін, 83 жасқа қараған шағында қазақ сатирасының сардары, жазушы, публицист, журналист Үмбетбай Уайдин өмірден озды.
Спорт • 01 Наурыз, 2018
Алматыда 1000-нан астам спортшының қатысуымен шығыс жекпе-жегі фестивалі өтті. «Спорттық Алматы» жобасының аясында ұйымдастырылған айтулы шарада аралас жекпе-жек, «Fullcontact karate», «Shotokan karate», «Taekwondo» және «Combat aikido» спорт түрлерінен арнайы жарыстар ұйымдастырылды.
• 28 Ақпан, 2018
Адам қанша уақыт өсіп, қай шамада тоқтайтынын ғылыми-зерттеу орталықтары көрсеткіш бойынша анықтап, қорытындысын реті келгенде шығара жатар. Задында артық-кем айтылған сөздер, жедел де желікпелі пікірлер, жазатайым туындаған одағай ойлар қым-қуыт дүниедегі анталасқан алуан-алуан көпшілікті елестетіп қарасаң – қазақтың ұлы даласы, орыстың сыңсыған орманы, араб сахарасының суырылған құмы осы күнгінің жарнамасы іспеттеніп, жанар аумағына тұтас сыйып кете беретінін үйреншікті әдетке айналдырып алғанымыз қашан.