Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61155 материал табылды

29 Қараша, 2018

Атырау - инвесторларға тартымды аймақ

Инвестиция тарту бойынша еліміздегі ең жоғары көрсеткіш Атырау облысының еншісінде. Жергілікті атқарушы билік облыс экономикасына тікелей шетел инвестициясын тарту және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 

29 Қараша, 2018

Өнімдерді экспорттау ұлғаяды

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бастаған республикалық ақпараттық топ Түркістан облысының Сайрам ауданындағы жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС, сонымен қатар, бір мезетте 10 мың ірі қараны бордақылайтын «Нұрым групп» ЖШС жұмысымен танысты.

29 Қараша, 2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 4831 өтініш келіп түскен

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша банктерге 57 миллиард теңгені құрайтын 4831 өтініш келіп түсті. Оның 37 миллиард теңгесі ипотекаға беріліп, 3144 өтініш мақұлданған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз алаңында кеңінен сөз болды.  

28 Қараша, 2018

Елордада VIII Азаматтық форум өтіп жатыр

Астанада Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстанның азамат-тық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форум басталды. 

27 Қараша, 2018

Юрий Пя: Бүгінгі жастардың мүмкіндігі көп

Астанада өтіп жатқан NurOtan Talks шарасында еліміздің үздік кардиохирургі, Қазақстанның Еңбек ері Юрий Пя отандық кардиохирургия жайын әңгімелеп берді.

27 Қараша, 2018

Алтайдан тараған жұртқа да ортақ - Амангелді Құрметұлы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы − тек отандастарымыздың ғана емес, күллі түркі жұртының көңілінен шыққан, болашаққа бағдар болар еңбек. Елбасы мақа­ласында айтылған ойлар Орталық Азиядағы, түркі дүниесіндегі, тіпті тұтас Еуразия құрлығындағы интеграциялық үдерістерді бақылап отырған сарап­шы­лардың назарынан тыс қалған жоқ. Түркітілдес мемлекеттердің, бірқатар Батыс елдері ақпарат құралдарының мақала жайлы хабар таратуы соның айғағы.

27 Қараша, 2018

Петропавл ботаникалық бағындағы агава

Петропавл ботаникалық бағында агава өсімдігі 1912 жылдан бері өседі. Осында ет комбинаты құрылысын жүргізуге Санкт-Петербургтен ар­найы жіберілген әскери инженер, полковник Ильхам Курапов көк гүлді екі агаваны өзімен бірге ала келіпті. Қазір мұнда екі мыңға жуық тро­пи­калық, сутропикалық ағаштар мен өсімдіктерді кезіктіруге болады. Олар­дың арасында лала гүлді тұқымдас мексикалық, америкалық ага­ваның орны бөлек. 

27 Қараша, 2018

«Ұлы дала» байқауы жарияланды

Елбасының «Ұлы даланың же­­­ті қыры» ма­қа­­ласына орай «Нұр Отан» партиясы ­Жа­­зу­шылар одағымен бірлесіп жас ақын-жазу­шылар арасын­да «Ұлы дала» рес­­­публикалық шы­ғар­машылық бай­қауын жариялады. Бұл жөнінде бү­гін партия Төрағасының бірінші орын­басары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қыз­метінде өткен брифингте мәлімдеді.

27 Қараша, 2018

Бұқар мұрасы – таусылмас қазына

Кеншілер астанасында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиынға ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, академик Ғарифолла Есім, жазушы Алдан Смайыл, Бұқар жыраудың ұрпағы, профессор Қабдұлсамих Айтқожин, ақын Аманжол Әлтаев, сондай-ақ Түркия, Үндістан, Ресей және Қазақстанның басқа да ғалымдары қатысты.

26 Қараша, 2018

«Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты VIII форумы өтті

Астанада Қазақстан дінтанушыларының «Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты VIII форумы өтті.