• 29 Желтоқсан, 2018
Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Арыстан Баяхметұлы Құжымов Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
• 29 Желтоқсан, 2018
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар–адалдық алаңы» кеңсесі іске қосылды
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауында атап көрсетілген «сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасының тәжірибесін тарату жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Қызылжар – адалдық алаңы» кеңсесі өз жұмысын бастады.
• 26 Желтоқсан, 2018
• 26 Желтоқсан, 2018
• 26 Желтоқсан, 2018
• 26 Желтоқсан, 2018
Туындылар ескі жылды түйіндеді
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында басталған есептік көрмеде қарағандылық қылқалам шеберлерінің биылғы жылды табысты аяқтағалы отырғаны айтылды. Мәдени мекемеде ұйымдастырылған көптеген іс-шара өнерсүйер қауымның көңілінен шығып, лайықты бағасын алды.
• 26 Желтоқсан, 2018
Қостанайдан ең шалғай ауданның бірі Науырзымда Қайғы деген ауыл бар. Жергілікті тұрғындар аңызға сүйеніп, жердің атын Асан қайғымен байланыстырады. Асан қайғы бабамыз желмаясымен желіп жүріп, Қайғыға келгенде: «Шөбі шүйгін, малға өріс, халқыма қоныс болатын-ақ жер екен, әттең суы болса» деп, ақ таяғымен топырақты түртіпті. Келесі жылы желмаяның жүрген, Асан қайғының таяғымен түрткен жерінен су шыққан екен» деген аңыз күні бүгінге дейін елдің жадында. Расында, бұл жердің шөбі белуардан өседі, Мойылды өзені ағып жатыр, одан басқа да суаттар бар.
• 26 Желтоқсан, 2018
• 26 Желтоқсан, 2018
Жанарыс Жақсылықұлы ағзадағы кеселден арылтады
Қазақта жақсы жандарға ерекше бір сүйсінгенде, «тегі мықты ғой» деп айтады. Сол сияқты бүгінде халқының ықыласына бөленіп жүрген Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповтің де тегі мықты. Қалың оқырманға түсінікті болу үшін Жанарыс атаның әйгілі «Жау жүрек мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың жетінші ұрпағы екенін айтсақ та жеткілікті.
• 26 Желтоқсан, 2018
«Қазақ ПЕН клубының» жаңа лауреаттары марапатталды
Жыл соңында шығармашылық ұжымның қорытынды жалпы жиналысы болып өтті. Атқарылған жұмыстарға толыққанды баға берілді, алдағы міндеттер сараланды.