
Кәсіпқой бокс • 07 Тамыз, 2020
Капитан кәсіпқой боксқа ауысты
Әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, ауыр салмақтағы талантты боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингте бақ сынауды құп көрді. Бұл ақпаратты MTK Global Kazakhstan компаниясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Кәсіпқой бокс • 06 Тамыз, 2020
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Отандасымыз Беларусь астанасы Минскіде өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, польшалық қарсыласын нокаутқа жіберді.
Футбол • 06 Тамыз, 2020
Әйгілі L’Équipe басылымы футболдан әлемнің ең үздік бапкерлерінің есімін жариялады. Осыған байланысты басылым кешегі санының бас бетін үздік бапкерлерге арнады.
Жеңіл атлетика • 06 Тамыз, 2020
Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады
1 қыркүйектен бастап марафон мен спорттық жүрістен Олимпия ойындарына іріктеу кезеңдері қайта басталады. Бұл туралы World Athletics ресми түрде мәлімдеді.
Спорт • 06 Тамыз, 2020
Кенжебаевтың реніші орынды ма?
Кейінгі жылдары қазақстандық былғары қолғап шеберлері кәсіпқой боксқа үдере көшіп жатыр. Осыдан бес жыл бұрынғы дерек бойынша 100-ге жуық спортшымыз кәсіпқой бокста бақ сынаса, бүгінде олардың саны 200-ден асып жығылады. Боксшылардың статистикасын жүргізетін boxrec басылымының мәліметінше, қазіргі таңда 80-ге жуық боксшы кәсіпқой бокстан нәпақа тауып жүр.
Спорт • 03 Тамыз, 2020
Әлемнің ең қымбат ұжымы анықталды
Forbes 2020 жылғы әлемнің ең қымбат 50 командасының тізімін жариялады. Рейтингтің көшін бесінші жыл қатарынан АҚШ-тың «Даллас Ковбойз» клубы бастап келеді.
Спорт • 03 Тамыз, 2020
Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы спортшылардың тамыз айындағы рейтингін жаңартты, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Футбол • 03 Тамыз, 2020
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» командасымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін де Исламхан аталған команда құрамында 5 ай жалда ойнаған.
Спорт • 31 Шілде, 2020
Киберспорт Олимпиада бағдарламасына кіруге лайық па?
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әр төрт жыл сайын Олимпия ойындарының бағдарламасына өзгеріс енгізіп, спорттың жаңа түрлерін қосып отырады. Мәселен, ХОК 2016 жылы тамыз айында өткен кезекті сессиясында Токио Олимпиадасының бағдарламасына карате, серфинг, бейсбол, құзға өрмелеу және скейтбординг спортын енгізу туралы шешім қабылдады.
Спорт • 29 Шілде, 2020
Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев отандық танымал брендтің амбассадоры атанды
Танымал қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев «RG Brands» ЖШС-мен ресми келісімшартқа қол қойып, A’SU брендінің амбассадоры атанды. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.