Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2666 материал табылды

Бокс • 19 Сәуір, 2021

Төрт боксшы ширек финалға шықты

Польшада өтіп жатқан бокстан жас­тар арасындағы әлем чемпионатының бесінші жарыс күні өз мәресіне жетті.

Теннис • 18 Сәуір, 2021

Тарихи жеңіске қол жеткізді

Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы өткен аптада дәстүрлі Билли Джин Кинг кубогының (бұрынғы – Феде­рация кубогы) плей-офф сайыстары аясында Аргентина тен­нисшілерімен сынға түсіп, жерлестеріміз соңғы сәтте қарсы­ластарынан жеңісті жұлып алды. Аргентинаның Кордова қа­ласында ұйымдастырылған бәсекеде Қазақстан құра­масынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина және капитан Ярослава Шведова өнер көрсетті.

Футбол • 16 Сәуір, 2021

Жартылай финалдың жұптары анықталды

Күні кеше футболдан Чемпиондар лигасының ширек финал ойындары аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт клуб белгілі болды.

Спорт • 16 Сәуір, 2021

Үшінші рет жұдырықтасады

Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді ұйым – UFC кеше әлемнің экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық әйгілі файтер Дастин Порье арасындағы үшінші айқас өтетінін ресми түрде мәлімдеді.

Теннис • 16 Сәуір, 2021

Келесі кезеңге шықты

Бұл күндері қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Хорватиядағы Сплит 2 челленджер турнирінің жұптық сынында өнер көрсетуде.

Футбол • 16 Сәуір, 2021

Төрт клуб топ бастап тұр

Биыл 30-шы мәрте ұйымдастырылып жатқан футболдан Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған доп додасының кезекті тур матч­тарынан кейін турнир кестесінде бір емес, төрт команда көш бастады.

Күрес • 15 Сәуір, 2021

Балуанның алғашқы алтыны

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен қан­дасымыз Сұлтан Әсетұлы тұғыр­дың ең биік сатысынан көрінді.

Футбол • 15 Сәуір, 2021

ПСЖ есе қайтарды

Кеше футболдан Чемпиондар лигасы­ның ширек финал матчтарының жауапты кездесулері өтіп, жартылай фи­налға жолдама алған алғашқы екі ұжым белгілі болды.

Бокс • 15 Сәуір, 2021

Жарысты жеңіспен бастады

Бұл күндері Польшаның Кельце қала­сында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс­тың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Ерболат Сабыр біріншілікті сәтті бастады.

Теннис • 14 Сәуір, 2021

Қазақстан Мадридте ойнайды

Теннистен ерлер арасындағы ең ірі халықаралық турнир саналатын Дэвис кубогының форматы биыл да өзгерді. 2019 жылдан бастап аталған турнирдің финалдық сайыстары тек бір қалада, яғни Мадридте (Испания) өткізіліп келсе, биылдан бастап үш қалада өткізілетін болды.