Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3533 материал табылды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы: Парламенттік реформа – еліміздің тағдырына тікелей қатысы бар мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика • Кеше

Елімізде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 13%-ға көбейді

Елімізде 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 миллион тоннаға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ бұл 13 пайызға көп. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс • Кеше

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалардың көлемі өсіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс саласы 14,9%-ға ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • Кеше

Мемлекеттік сатып алу саласында ЖИ көмегімен 781 млрд теңге үнемделді

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдетіліп, отандық кәсіпорындарға қолдау күшейді. Жаңа заңның арқасында келісімшарттар көлемі өсіп, ал шағымдар саны азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек • Кеше

Елімізде биыл 600 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

2025 жылғы 1 қазанға дейінгі деректерге сүйенсек, елімізде 607,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 269,1 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика күні • Кеше

Астанада Республика күніне орай 150-ге жуық іс-шара өтеді

25 қазанда Қазақстанда ұлттық мереке – Республика күні кең көлемде аталып өтеді. Бұл күнге орай елордада мәдени, спорттық, білім беру және әлеуметтік бағыттағы 150-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем • Кеше

Газа қаласында ХАМАС операциясы салдарынан 32 адам қаза тапты

Газа қаласында ХАМАС қозғалысы қарсыластарына қарсы репрессиялық операция жүргізіп, кемінде 32 адамның өмірін қиды. Бұл оқиға Израильмен жасалған атысты тоқтату келісімінен бірнеше күн өткен соң болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 13 Қазан, 2025

Экономика саласындағы Нобель сыйлығы иегерлері анықталды

2025 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы қоғамның бай болуы мен өркендеуіндегі инновация мен технологиялық прогрестің рөлін терең түсіндірген ғалымдарға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Қоғам • 13 Қазан, 2025

Бақыттың мекені бар ма

Бақыт – өлшеуі қиын ұғым. Біреу оны отбасындағы тыныш өмірмен кәсібінің жемісінен табады, енді бірі саяхат пен еркіндіктен іздейді. Ал бүгінде бұл ұғым тек жеке сезіммен ғана емес, өмір сүріп отырған ортамен де тікелей байланысады. Шынында, адам өзін бақытты сезіну үшін тек ішкі күй ғана емес, мекен еткен қаласы да маңызды рөл атқара ма? Осы сауалға жауап іздеген халықаралық Time Out басылымы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар арасында зерттеу жүргізіп келеді. Биылғы зерттеуге 18 мыңнан астам адам қатысып, өз қалаларының өмір сапасы мен мәдени тынысын бағалаған. Респонденттерден қала өмірінің түрлі қырлары: мәдениет, көлік жүйесі, тұрғын үйдің қолжетімділігі, табиғатқа жақындық, қауіпсіздік және күнделікті өмірдің ырғағы туралы сұралған. Ал басты сұрақ: «Сіздің қалаңыз сізді бақытты ете ме?» Сауалға берілген жауаптар әлемнің жүздеген қаласының ішінен жиырмасын ерекше бөліп көрсеткен. Ең қызығы бұл тізімде экономикалық алыптар да, саяси орталықтар да емес, адамға жайлы тыныс ұсынған қалалар көш бастаған, деп жазады Egemen.kz.

Президент • 13 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Банк ВТБ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Банк ВТБ басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.