
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы құрылыс саласында былық көп – депутат дабыл қақты
Мәжілісте Депутат Сергей Пономарев Алматыдағы құрылыс мәселелері бойынша ҚР Премьер-министрімен Алматы қаласының әкімінің атына депутаттық сауал жолдады. Онда халық қалаулысы қаладағы архитектуралық тұтастықты сақтауға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары жүйелі түрде орындалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2025
Үндістан Непалмен шекарадағы күзетті нығайтты
Үнді билігі әлеуметтік желілерге тыйым салуына байланысты Непалда өршіген жаппай антиүкіметтік наразылықтарға байланысты елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында қауіпсіздік шараларын күшейтіп, Непалмен шекарадағы күзетті нығайтты, деп хабарлайды Egemen.kz Press Trust of India (PTI) агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2025
Үкіметте Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенконы қабылдап, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат Павлодар әуежайын жөндеуге қосымша қаржы бөлуді сұрады
«AMANAT» фракциясының депутаты Жарқынбек Амантайұлы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, Павлодар әуежайындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстарына қосымша қаржы бөлу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжілісмен ауылдарды сақтап қалу үшін ұлттық бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанда соңғы жиырма жылда 1 400-ден астам ауыл жойылып, тағы 500 елді мекен «перспективасы жоқ» деп танылды. Ауыл халқының азаюы, жастардың қалаға көшуі мен инфрақұрылым тапшылығы өткір әлеуметтік мәселеге айналған. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Серік Егізбаев осыған байланысты Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс ең төменгі жалақыға қатысты конвенцияны ратификациялады
Мәжіліс ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдеріне қатысты №131 Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясын бекітті. Бұл құжатта дамушы елдердің жағдайы ерекше ескерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Ақордада Конго Республикасының Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Өзбекстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді
Өзбекстанда жалпыға ортақ 12 жылдық мектеп жүйесі енгізілетін болды. Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасының эфирінде елдің Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрінің орынбасары Сардор Раджабов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл елімізде заңсыз айналымнан 50-ге жуық атыс қаруы, 500-ден астам оқ-дәрі мен 6 жарылғыш зат алынды. Сондай-ақ 12 жасырын қоймадан қару-жарақ табылды. Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 6 қару мен полицияға тиесілі арнайы жабдықтар да тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.