Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
4347 материал табылды

Оқиға • 17 Ақпан, 2025

Қарағандыдағы 46 кеншінің қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 17 Ақпан, 2025

Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет • 17 Ақпан, 2025

Сауық Жақанова туралы «Сахара сандуғашы» кітабы жарық көрді

Алматыда Ұлттық кітапханада қазақ радиосының белгілі дикторы, Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай «Сахара сандуғашы» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 17 Ақпан, 2025

Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 17 Ақпан, 2025

Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 17 Ақпан, 2025

Мектептерге бөлінген 62,4 млрд теңге тиімсіз жоспарланған

Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 17 Ақпан, 2025

Енді пойыз қозғалысын онлайн бақылауға болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға арналған «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді. Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz Rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғам • 17 Ақпан, 2025

Биыл 170,8 мың анаға мемлекеттен жәрдемақы берілген

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 80,1 млрд теңгеге 170,8 мың адам қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 17 Ақпан, 2025

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық Банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сұхбат • 15 Ақпан, 2025

Әлеуметтік желілердің суицидтің алдын алуға әсері

Бүгінде әлеуметтік желілер жай ғана қарым-қатынас құралы емес, сонымен қатар әрбір жанға моральдық қолдау көрсететін алаңға айналып үлгерді. Күн сайын миллиондаған адам осы виртуалды кеңістік арқылы өз ойларын бөлісіп, өзгелерге қолдау көрсетеді.  Дегенмен, әлеуметтік желілер суицидтің алдын алуға қаншалықты көмектеседі? Олар шынымен де қолдау құралы бола ала ма, әлде керісінше, мәселені ушықтырып, қайғылы оқиғаның себепкері атана ма? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін психолог маман Райля Кереевамен әңгімелескен едік.

Яндекс.Метрика