Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3533 материал табылды

Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025

Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жеңіл көлік жүргізушісі автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдайлар туғызған. Содан кейін ол автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 16 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медицина • 16 Қыркүйек, 2025

Зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым салынды

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарының стоматологиялық қызметтерге заңсыз пайдаланылуына байланысты 2021 жылғы 15 ақпандағы «емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы  өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025

Елімізде некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлауға қатысты заң өзгереді

16 қыркүйектен бастап елімізде некеге мәжбүрлеу және адам ұрлауға байланысты қылмыстық заңнамаға маңызды өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем • 16 Қыркүйек, 2025

Малайзиядағы көшкіннен 11 адам қаза тапты

Малайзияның Борнео аралының солтүстігіндегі Сабах штатында ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан болған көшкіннен кем дегенде 11 адам қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен,  деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда жаңа медициналық пункт ашылды

Шет ауданының Еңбекшіл ауылында елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды. Заманауи жабдықталған нысан 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетіп, шұғыл жағдайларда аудандық аурухананың реанимобиль көлігін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025

Электр мопедтері мен самокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі

Үкіметтің кезекті отырысында электр мопедтері мен самокаттарды қолдану мәселесіне назар аударылды. Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай көліктер қоғамдық транспортқа түсетін жүктемені азайтқанымен, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындарға қолайсыздық туғызып, қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025

Бектенов әкімдіктерге қауіпті жол учаскелерін дереу реттеуді жүктеді

Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауында бұл тақырыпты халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт ретінде айқындағанын еске салды. Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде жол-көлік апаттарының саны мен адам шығыны азаймай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025

«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады

Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.