
Аймақтар • 30 Сәуір, 2024
Республикалық акция аясында өңірдің 50 мың тұрғыны сенбілікке белсене қатысты. Бұл күні облыс бойынша барлығы 10 мың тонна қоқыс жиналып, шығарылған.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2024
Ертіс жайылмаларының 64%-ын су басып үлгерді
Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстандағы каскадты су қоймаларынан Ертіс өзеніне 4,6 шаршы километр су жіберілген. Бұл – жоспардағы көлемнің 74 пайызы.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2024
Керекуліктер жаппай көшет екті
Осы аптада «Жасыл аймақ» апталығы жарияланып, барлық аудан-қалаларда ағаш көшеттері отырғызыла бастады. Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы да тазалық акциясына айтарлықтай атсалысып жатыр. Аға буын мұндай экологиялық іс-шара жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға баулуға үлкен сеп болады деген пікірде.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2024
Жалаулы аулында бес үйдің қазығы қағылды
Павлодарда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға демеушілер 208 млн теңгеге көмек көрсетті. Бұл қаражаттың 110 млн теңгесіне Жалаулы аулында жаңадан бес үй салынып жатыр. Тағы екі үй жалпы сомасы 4,1 млн теңгеге сатып алынған.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Керекуде жылу желілері сынақтан өткізіліп жатыр. Алдағы жылу маусымына дайын тұруы үшін ерте бастан жүйелер тексеріліп, осал тұстары жаңартудан өтеді. Қазір облыс орталығы бойынша жылу жабдықтарының тозуы 92 пайызға жеткен.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Керекуліктер шыбын-шіркейге қарсы күрестің қамына кірісіп кетті. Жәндіктердің дернәсілдерін жоюға арналған «Бактицид» препаратының алғашқы 60 тоннасы облыс орталығына қазірден жеткізіліп қойған. Ертіс өзенінде су жіберу шаралары аяқталған соң, әуеден және жерден өңдеу шаралары басталады.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Елдік қасиет – біріктіруші фактор
«Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігі еліміздегі қоғамдық институтты дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан ұйымның бірі. Бірлестік жетекшісі, құрметті ақсақал Анатолий Неумывако мен оның әулеті үшін Қазақстан құтты мекенге айналған.
Жәдігер • 22 Сәуір, 2024
Облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Абылай хан заманына қатысты жәдігерлер таныстырылды. Жұртшылық көшпелі көрмеден Абылай хан резиденциясының макетін, Абылайдың мөр сақинасы мен сол заманда батырлар ұстаған соғыс қарулары мен сауыт-сайманды, дулығаларды тамашалады.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Ертіс бойындағы жұрт неден секемденеді?
Павлодар облысы су тасқынының екінші кезеңіне дайындықты үдете түсті. Ертіс арқылы ағып келе жатқан мол судан туындайтын қауіптің алдын алу мақсатында өңірлік жедел штаб құрылды. Өзеннің ойпаң тұстарында орналасқан елді мекендердің айналасындағы топырақ үйінділері биіктетіліп, құм толтырылған қаптар қойылып жатыр.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Ертіс бойына мол ырыздық келе жатыр
Ертіске Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан су жіберу басталды. Оның ұзақтығы шамамен 26 күнге созылады. Нәтижесінде, өзен жайылмаларының 300 мың гектардан аса аумағы, яғни 90 пайызы суға қанығады деп күтіліп отыр.