Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024
Павлодар облысының спортшылары V Дүниежүзілік көшпелілер ойынында асық ату, ордо, овари, құраш және аба бойынша ел намысын қорғайды. Жалпы, өңірден 7 спортшы, бірнеше төреші қатысуға тиіс.
Таным • 03 Қыркүйек, 2024
Баянауылдағы Қоңыр әулие үңгірі
Арқа даласының жер маржаны Баянауылдағы тылсым әрі ғажайып орындардың қатарында Қоңыр әулие үңгірінің алар орны зор. Бұл – Қоңыр әулиенің есімі берілген әлемдегі сегіз үңгірдің бірі. Оны көпшілік Қызыл Ілиястың, Қызыр атаның мекені деп те атайды.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2024
Екібастұз қаласына қарасты Зеленая роща ауылының оқушылары жаңа оқу жылында тамаша сыйлыққа кенелді. «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров өз қаражаты есебінен ауыл мектебінің бастауыш сыныптарына арналған қосымша ғимарат салып берген. Бұдан былай ауыл балалары бір ауысымда оқиды.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойыны қарсаңында павлодарлық оқушылар ұлттық «Ортеке» биінен еліміздің рекордын орнатты. Бір мезетте 100 домбырашы ортекелерді билетіп, Ертіс жағасын күмбірлеген күйге бөледі.
Қоғам • 30 Тамыз, 2024
Балаларды ерте қолдау қызметі ашылды
Павлодарда жаңа туған сәбиден 3 жасқа дейінгі балалардың дамуына жан-жақты көмек көрсететін ерте қолдау қызметі ашылды. Психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы негізінде пайда болған ұйымда балалар танымдық, моторикалық және қарым-қатынас дағдыларымен танысады. Орталық өңірдегі 13 түзеу кабинетінің жұмысын да үйлестіреді.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2024
Павлодар: Көгілдір отын мәселесі қашан шешіледі?
Ертіс-Баян өңірін газдандыру мәселесі алдағы бес жылда шешіліп қалады деп күтіліп отыр. Арнайы жұмыс комиссиясының есебінше, жергілікті тұтынушылар көгілдір отынға 2030 жылы қосыла бастауы керек.
Мәселе • 27 Тамыз, 2024
Бұқар бабамыздың кесенесі тозып тұр
Жуықта жол түсіп, Бұқар жырау Қалқаманұлының кесенесіне бардық. Баянауланың оңтүстік-батыс бөлігіне қарай, Далба тауының етегінде мәңгілікке дамылдаған бабамызға қол жайып, дұға жасай отырып, қазаққа ұлт бірлігі ауадай қажет екенін насихаттап өткен жырларын еске түсірдік.
Руханият • 22 Тамыз, 2024
Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына биыл 135 жыл толып отыр. Тұлғаның мерейтойына орай Жүсекең негізін салған тарихи мекен – Баянауылдағы «Мәдени кіндік» рухани тәрбие және білім беру кешеніне белгітас орнатылды.
Жәдігер • 21 Тамыз, 2024
Академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауылдағы мемориалдық музейінде тау тұлғаның ертоқымы сақталып тұр. Бала Қаныш Баянауылда Шормановтар салдырған мектепке тайымен барып-келіп жүргенде осы ерді пайдаланған екен.
Мирас • 15 Тамыз, 2024
Керекуде ұлы ақын Абай медет тұтқан Шығыс шайыры Сабыр Сәйхалидің 1905 жылы жарық көрген жинағы табылды. Туынды 296 беттен тұрады.