Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
716 материал табылды

Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024

Үшем дүниеге келді

Облыс орталығында үшем дүниеге келді. Өңірде үшемдердің тууы туралы дерек соңғы екі жылда тіркелмепті. Ата-анасы сәбилеріне Кәрім, Әмір, Тайыр деген есімдер берді.

Заң мен Тәртіп • 18 Желтоқсан, 2024

Отшашу өкіндірмесін!

Жаңа жыл мерекесі жақындаған тұста жер-жерлерде пиротехникалық өнімдердің заңсыз саудасы белең алатыны белгілі. Тұрғындар қауіпсіздігін ойлайтын полицейлер заңсыз деректердің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды бастап кетті.

Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2024

Ертіс елеңдетіп тұр

Ертіс өзені қыс ортасында арнасынан асып, тасып жатыр. Кей жерлерде жайылмаларға су жайылып, ауыл тұрғындары жазда шауып қойған шөптерін қыстақтарға жеткізе алмай отыр.

Маман • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Дидардың кәсіби мамандығы – энергетика инженері. Аядай ғана ауылдан түлеп ұшқан жас жігіт аз уақыттың ішін­де Павлодардың №3 жылу-энергия орталығындағы тәжі­ри­белі мамандар қатарынан берік орын алды. Бүгінде оның рұқ­са­тынсыз кәсіпорындағы жөнделген жабдықтар іске қосыл­май­ды. Табандылығының арқасында энергетика саласының күрделі буын­дарын игеріп отыр.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024

Аналар кеңесінің жүгі салмақты

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» орталығының құрылғанына 10 жыл толды. Пав­лодарда кеңестің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы – ана» атты республикалық форум өтті.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024

Павлодардағы 11-қазақ мектебі

Жақында Павлодар қаласында тағы бір қазақ мектебі ашылады. «Достық» шағын ауданында тұрғызылып жатқан 1200 орындық жаңа білім ұясы ана тілінде оқытады деп шешілді.

Субсидия • 04 Желтоқсан, 2024

Сарсаңға салған субсидия

Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын­дағы инвесторлар тұрғын үй құрылы­сы жөніндегі шығындарға субсидия ала ал­май отыр. Айтуларынша, аймақ­та ауылдардың арнайы тізімі бе­кі­тіл­меген. Ал ауылдарда қазірдің өзінде 24 үй­дің құрылысы жүріп жатыр.

Өнер • 30 Қараша, 2024

Тұңғыш спектакль-шоу

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы өз көрермендерін тағы бір таңға­жайып премьерамен таң-тамаша етті. Қазақ театр­ларының сахналарында бұрын-соңды қойылмаған жанр – бала­лар мен ересектерге арналған спектакль-шоу қойды. Маман­дар мұндай қойылым бүгінгі қоғамға ауадай қажет екенін айтады.

Аймақтар • 27 Қараша, 2024

Қардан тазарту қарқынды жүріп жатыр

Биыл қыста павлодарлық коммуналшылар көктайғаққа қарсы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз реагент қолдана бастады. Ол тұрғындар үшін ерекше қауіпті аумақтарда құммен бірге себіледі.

Әдебиет • 26 Қараша, 2024

Ажалды жеңген адам

Танымал қаламгер Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» рома­ны жарық көрді. Қазақ әдебиетінде сирек кездесетін детектив жан­рын­дағы туындыға оқырманның сұранысы жоғары.

Яндекс.Метрика